Жемқорлыққа қарсы әрекет жасау

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң аппараты» КММ қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу туралы бұйрық № 67 2020 ж. 09.10. (ZIP 105 Kb)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабымен сыбайлас жемқорлыққа — жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерiнiң лауазымдық (қызметтiк) өкiлеттiктерiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзiне не үшiншi тұлғаларға мүлiктiк (мүлiктiк емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деген түсiнiктеме берiлген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңның 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылды өз құзыретi шегiнде барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi мен лауазымды адамдар жүргiзуге мiндеттi.

Мемлекеттiк органдар, ұйымдардың басшылары, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi бағынышты қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауын болдырмау бойынша лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiк атқарады.

Мемлекеттiк органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шараларын iске асыруға:

Аталған шаралардан басқа тiршiлiк әрекетiнiң барлық салаларында сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн жою мақсатында 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны iске асыру, сондай-ақ «Естуші мемлекет» қағидасын жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдау қажет болады.

Сыбайлас жемқорлыққа төзiмсiздiк қарым-қатынас әр қазақстандықтың азаматтық көзқарасына, ал адалдық және ақшаға сатылмау — мiнез-құлық нормасына айналуы тиiс.

Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет болмаған жағдайда қалаған нәтижеге қол жеткiзу мүмкiн емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — бүкiл қоғамның iсi.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңының 9-бабына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн сақтау және нығайту бойынша өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын қызметi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бiлiм беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенi арқылы жүзеге асырылады.

Аталған шаралар сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң тәуекелiн төмендетуге мүмкiндiк бередi, сондай-ақ мемлекеттiк орган қызметкерлерi жұмысының ашықтығына бағытталған.

Заң бөлiмi

Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы iс-қимыл жөнiндегi жаднама 2020 жыл (ZIP 16 Kb)

Мемлекеттiк қызметтер көрсету және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп кодексiн сақтау бойынша құқықтық жаппай оқыту

2020 жылғы 31 қаңтарда Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ғимаратында қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының басшылары мен мамандары, сондай-ақ, Петропавл қалалық мәслихаты аппаратының қатысуымен мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп кодексiн сақтау мәселелерiн талқылау бойынша құқықтық жаппай оқыту өткiзiлдi.

Құқықтық жаппай оқыту барысында қала әкiмi аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмiнiң басшысы О.Л. Абдрахманова қатысушыларды мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелерi бойынша өткiзiлетiн iс-шаралар және iшкi бақылау жүргiзу кезiнде анықталған ескертулер туралы ақпаратпен таныстырды. Қала әкiмi аппараты заң бөлiмiнiң бас маманы Е.В. Ефремова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп кодексiнiң негiзгi ережелерiнiң мазмұнын ашып, әр мемлекеттiк қызметшi қызметтiк әдептi сақтауы үшiн барлық қажеттi шаралар қабылдауы тиiс, ал қоғам мемлекеттiк қызметшiлер барлық күшiн, бiлiмiн және тәжiрибесiн жүзеге асырып отырған кәсiби қызметiне жұмсайтынына, туған жерi — Қазақстан Республикасына әдiл және адал қызмет ететiндiгiне сенiмдi болуы керек екенiн атап өттi.

 

«БЕКIТЕМIН»
Петропавл қаласы әкiмi
аппаратының басшысы
____________ Қ. Төренова
«___» _________ 2020 жыл

«Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс қимыл жөнiндегi ведомстволық жоспары

Іс-шараның атауы Орындауға жауапты Орындау мерзімі
1. Петропавл қаласы әкімдігінде ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарының орындалуын талдау Қала әкімі аппаратының заң бөлімі Ақпан 2020 жыл
2. Қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері, Петропавл қаласы әкімдігі мемлекеттік мекемелерінің басшылары тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілері туралы ақпараттың болуына азаматтардың өтініштерін талдау, осындай фактілердің алдын алу бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдау Қала әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Тұрақты
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта құқықтық жаппай оқулар (семинарлар, дәрістер және т.б.) өткізу Қала әкімі аппаратының заң бөлімі 2020 жылға арналған құқықтық жаппай оқу жоспарына сәйкес
4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы Жыл қорытындысы бойынша есеп
5. «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебінің қағидалары) сақтауы Персоналды басқару қызметі Жарты жыл қорытындылары бойынша
6. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу нысандарының бірі Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі Тоқсан сайын
7. Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдарының орындалуына мониторинг жүргізу ВАК жұмыс органы Тоқсан сайын
8. Қала әкімі аппаратының, қала әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби даярлық деңгейін талдау, қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың қайта даярлаудан және біліктілікті арттыру курстарынан өтуін қамтамасыз ету Қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі Тұрақты
9. Отырыстарға бақылаушылар мен сарапшыларды қатыстыру арқылы мемлекеттік қызметке кадрларды конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде меритократия қағидатының сақталуын, ашықтықты, әділдікті қамтамасыз ету Қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі Тұрақты
10 Мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу Қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі Тұрақты
11 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу Қала әкімі аппаратының барлық бөлімдері Тұрақты
12 Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру Қала әкімі аппаратының заң бөлімі Тұрақты

«Солтүстік Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар туралы» шешім №36/1 2019 жылғы 22 тамыз (ZIP 2576 Kb)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы талқылау бойынша құқықтық жаппай оқу

2018 жылғы 26 сәуiрде Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы талқылау бойынша құқықтық жаппай оқу өткiзiлдi. Құқықтық жаппай оқуға қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының басшылары мен мамандары шақырылды.

Құқықтық жаппай оқыту барысында Петропавл қаласы әкiмi аппаратының заң бөлiмi басшысының мiндетiн атқарушы Е.В. Ефремова сөз сөйледi, ол 2018 жылдың қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты iске асырудың тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiне кешендi талдау жүргiзiлген Ұлттық баяндамамен таныстырды.

Қала әкiмi аппаратының заң бөлiмi

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 921 қаулысы (ZIP 31 Kb)

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы (ZIP 31 Kb)

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ (ZIP 36 Kb)

Көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2019-2021 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (ZIP 32 Kb)

«Бiз — сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» (ZIP 7 Kb)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Солтүстік Қазақстан облысында іске асыру жоспары (ZIP 50 Kb)

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V ҚРЗ (ZIP 65 Kb)

«Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлықтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (2017 ж. 27.09.)

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы мәлiметтерге сыбайлас жемқорллықа қарсы мониторинг

Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк органдарының сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейiм қызмет салаларын анықтау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргiзiлген мониторинг нәтижесiнде, 2018 жылдың 2-тоқсанында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшiн 5 тұлға сотталғаны анықталды (оның iшiнде iшкi iстер органдары қызметiнiң саласында — 1, ҚР ҰГ әскери қызметшiлерiнiң — 1, сәулет және қала құрылысы — 1, бiлiм — 1 және әлеуметтiк — 1).

Сонымен қатар, 2018 ж. 1 тоқсанында 7 тұлға сотталды, ол сот органдарымен айыптау үкiмдерi енгiзiлген, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны а.ж. 2 тоқсанында төмендегенiн көрсетедi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру — әр азаматтың iсi

2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшелiктерiнiң бiрi қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет — адамның саналы түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра бiлу қабiлетiн бiлдiредi. Осындай адамда құқықтық мәдениеттiң де болуы маңызды.

2018 жылғы 25 мамырда қала әкiмдiгiнде құқықтық жаппай оқыту өткiзiлдi, оның барысында қала әкiмдiгiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру туралы мәселе қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру құқықтық сауаттылықтың негiзiн қалыптастыруды, сондай-ақ, мүдделер шиеленiсiнiң барлық көрiнiстерiне төзiмсiздiктi қалыптастыруды көздейдi.

Осы мәселенi талқылауға қала әкiмдiгi коммуналдық мемлекеттiк мекемелерiнiң өкiлдерi қатысты. Қоғамның барлық мүшелерiнiң негiзгi мiндетi сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша күрестi жалғастыру болып табылады, осыған байланысты, құқықтық жаппай оқыту барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту бойынша шешiм қабылданды.

Қала әкiмi аппаратының
Заң бөлiмi

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту» 13 қадамын iске асыру аясында 2015 жылғы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» жаңа Заң қабылданды. Оның ерекшелiгi осы үрдiске барлық қоғамды тартумен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетiктерiн енгiзу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шаралары жүйесiнiң бiр элементi ретiнде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру болып табылады.

Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет болмайынша, оны көпшiлiк алдында айыптамайынша қалаған нәтижеге қол жеткiзу мүмкiн емес.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн сақтау және нығайту бойынша өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын қызметi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiнiң қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн сақтау және нығайту бойынша өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын қызметi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiлiм беру — тұлғаның адамгершiлiк, зияткерлiк, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсендi азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздiксiз процесi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бiлiм, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенi арқылы жүзеге асырылады.

Түсiндiру жұмысы барысында тек қана мемлекеттiк қызметшiлерге ғана емес, қала әкiмдiгiнiң басқа да қызметкерлерiне ерекше назар аударылады. Осылайша, 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында құқықтық жаппай оқытудың 10 отырысы өткiзiлдi.

2017 жылғы 29 қарашада сағат 11-00-де барлық қала мектептерiнде (9-11 сынып оқушылары және мұғалiмдер үшiн) бiрыңғай сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат сағаты өткiзiлдi.

Сыбайлас жемқорлықтың әр түрлi көрiнiстерiне нөлдiк төзiмдiлiк атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Болашаққа парасыз. Бiрге!» аясында қала әкiмдiгi қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдiк топпен кездесуi өткiзiлдi, оның барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрiнiстерiне қарсы әрекет етуге, мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп сақтауына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетiне ерекше назар аударылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру мәселелерi бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлау курстарынан өту кезiнде қаралады. Қала әкiмi аппараты мен әкiмдiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң барлық қызметкерлерi әр үш жыл сайын өз бiлiктiлiгiн арттырады, мемлекеттiк қызметке алғашқы рет қабылданған қызметкерлер қайта даярлау курстарынан өтедi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтi таныту бойынша маңызды мiндеттердiң бiрi БАҚ тартумен кең ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргiзу болып табылады. Қалалық баспа басылымдарында «Жемқорлыққа- жол жоқ», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Тәртiптiк кеңес», «Әдеп жөнiндегi кеңес», «Жемқорлық орға жығады» айдарлары жұмыс iстейдi. Qyzyljar телеарнасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында бейне роликтер көрсетiледi.

Қала кiтапханаларында тұрақты түрде «Маңызды мәселе — сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл», «Азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Әдебиеттегi сыбайлас жемқорлық тақырыбы» кiтап көрмелерi жұмыс iстейдi.

И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхананың оқу залында СКУ колледжiнiң оқушылары арасында «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалымен бiрлесiп «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» дөңгелек үстел өткiзiлдi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет — ол адамның саналы түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра бiлу қабiлетi. Қоғам мүшелерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетi әлеуметтi тұрақтандыру факторларының бiрi болып табылады, қоғамның кез-келген құрылымдық деңгейiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы күрестiң жетiстiгiн айқындайды.

Петропавл қаласы әкiмi аппараты
Заң бөлiмiнiң бас маманы
Е. Ефремова

Қала әкiмдiгiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша құқықтық жаппай оқу өткiзiлдi

Әрбiр мемлекеттiк қызметшi борышына адал және кәсiби қызмет етудiң үлгiсi болуы тиiс. Оның ең басты құралы жергiлiктi жерлерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

2018 жылғы 09 ақпанда Петропавл қаласының әкiмдiгiнде құқықтық жаппай оқу болып, оның барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексiн сақтау бойынша мәселе талқыланды.

Құқықтық жаппай оқудың отырысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң бас маманы А.Е. Сатанов, сондай-ақ қаланың коммуналдық мемлекеттiк мекемелерiнiң өкiлдерi қатысты.

Құқықтық жаппай оқуды өткiзу қорытындылары бойынша қала әкiмдiгiнiң коммуналдық мемлекеттiк мекемелерiне мемлекеттiк қызметтiң беделiн түсiретiн құқық бұзушыллық жасауға жол бермеу шараларын қабылдау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Қала әкiмi аппаратының

заң бөлiмi

Петропавл қаласында «Адал жол — Честный путь» акция-марафоны басталды

Бүгiндерi Қазақстан барлық әлем танитын тәуелсiз мемлекет. Мемлекетте мiнсiз және нәтижелi жұмыс жасаудың маңызды критерийi адалдық, әдiлдiк және сатылмайтындық сияқты iргелi құндылықтар болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа төзiмсiздiк көзқарас әрбiр азаматтың азаматтық ұстанысы болуы тиiс және әр адам қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн бар күшiн салуы тиiс.

Азаматтарда адалдық пен сатылмайтындық қағидаларын қалыптастыру мақсатында «Адал жол — Честный путь» республикалық акция-марафоны бастау алды. Осы эстафетаны Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi бастады.

2018 жылғы 08 ақпанда Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәжiлiс залында өткен акцияның тұсаукесерiне Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi басшысының орындары Е.Ф. Степаненко, Петропавл қаласы Ардагерлер кеңесi төрағасының орындары И.С. Татваев, облыстық мәслихат депутаты Е.С. Старостина, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi Ұлттық бюроның (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң инспекторы С.Н. Зайцева, қалалық мәслихат депутаттары М.Т. Дарбаева және В.Н. Витченко қатысты.

«Адал жол — Честный путь» акция-марафоны ағымдағы жылғы 9 желтоқсанға дейiн жалғасатын болады, осы күн бүкiл әлемде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнi ретiнде атап өтiледi.

Марафон барысында дөңгелек үстел, семинар, конкурс, флешмобтар сияқты және басқа да нысандағы әртүрлi жұмыс форматтары қолданылатын болады. Оларға халықтың әртүрлi топтары тартылады. Осы iс-шараларды өткiзудiң мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, құқықтық тәрбиенi қалыптастыру, сондай-ақ жастардың адамгершiлiгiн дамыту. Барлық жұмыс сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне төзiмсiздiк атмосферасын құруға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруға бағытталатын болады.

Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты