Жаңалықтар
Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi
2021-2025 жылдарға арналған
ұлттық жоба шеңберiнде жаңа бизнес-
идеяларды iске асыруға арналған
мемлекеттiк гранттар қағидаларына
2-қосымша

Конкурсты ұйымдастырушы: Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

электрондық пошта мекенжайы: msb38@sqo.gov.kz;

байланыс телефоны 8 (715) 2 36 13 62

Конкурстың нысанасы: кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм беру орны: QOLDAU.KZ субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер бекiтiлген нысан бойынша электрондық өтiнiм мен конкурстық құжаттаманың толық пакетiн ұсынады.

Өтiнiмдердi ұсыну мерзiмi: 2022 жылғы «18» сәуiрден бастап «29» сәуiрге дейiн.

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылдауға жатпайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңiрлiк үйлестiрушiнiң ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker?lang=ru.

Талап етiлетiн құжаттар

Жариялау күні: 07.04.2022

Қарау саны: 684