Жаңалықтар
СҚО-да кезекті қоғамдық қабылдау жүргізіледі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп және аумақтық кәсіпкерлер палатасының, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысумен тұтынушылардың жылу-, электр-, сумен жабдықтау, сарқынды суды бұру және кірме жолдар салаларының проблемалық мәселері бойынша қоғамдық қабылдау жүргізеді.

Тұтынушыларды қабылдау 2022 жылғы 1 наурыз сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің парақшасында тікелей эфирде онлайн режимде келесі сілтеме бойынша өтеді: https://www.facebook.com/profile.php?id=100043427352343.

Осыған байланысты, Департамент облыс және Петропавл қаласы тұрғындарын, басқа да мүдделі тұлғаларды коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша қабылдауға қатысуға шақырады.

Сонымен қатар, әр адам өз сұрақтарын осы хабарламаның астына қалдыруына болады, тікелей эфир барысында осы сұрақтарға жауап беріледі.

Әрбір қатысуға қалаушы тұтынушы ретінде өзінің құқықтары туралы және мәселелерді шешу жолдары бойынша түсіндірме ала алады.

Анықтама үшін телефондар: 8 (7152) 61-82-82, 8 (7152) 61-82-78.

Жариялау күні: 28.02.2022

Қарау саны: 566