Жаңалықтар
Солтүстік Қазақстан облысында өңірлік комиссияның отырысын өткізеді

2022 жылғы 3 тамызда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ғимаратында, сондай-ақ Департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасы арқылы (сілтеме: https://www.facebook.com/profile.php?id=100043427352343) онлайн режимінде «Тайынша-Астык» ЖШС, «Вишневское» ЖШС, «ТайыншаКоммунСервис» ЖШС, «ТайыншаЖылуСервис» ЖШС, «Жаңа-Есіл Феникс» ЖШС, ДК Ертай К., «Енбек 2016» ЖШС, "Теплосервис-2030" ЖШС, «Тайынша-НС» ЖШС, ДК «Вектор», «Акжар-Су СКО» ЖШС, РФ ЖҚМ "Оңтүстік-Орал темір жолы" ФМБК "Петропавл бөлімшесі" еншілес кәсіпорны сияқты табиғи монополиялар субъектілерінің 2021 жылға бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептерін тыңдау бойынша табиғи монополиялар салаларында тариф белгілеу мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтеді.

Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, көрсетілген субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тұтынушыларын және басқа да мүдделі тұлғаларды осы отырысқа қатысуға шақырамыз.

Өңірлік комиссияның отырысы Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57В мекенжайы бойынша, 3-қабат 335-кабинетте (анықтама үшін телефондар: +7 (7152) 53-42-30, 53-42-31), тұтынушыларды және басқа да мүдделі тұлғаларды "Zoom" бейне-конференц байланыс арқылы қосу мүмкіндігімен өтеді. Конференция идентификаторы 719 091 96 00, пароль: 1234.

Сондай-ақ, монополистердің есептерімен сілтеме бойынша алдын ала танысу мүмкіндігі туралы хабарлаймыз, сілтеме  https://www.bazamonopolist.gov.kz, содан кейін аймақты және "есептер" түрін таңдаңыз.

Жариялау күні: 01.08.2022

Қарау саны: 331