Көрікті жерлер

Қарасай және Ағынтай батырлар ескерткiшi

Қарасай және Ағынтай батырлар ескерткiшi

1999 жылғы 16-маусымда Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының театрлық алаңында алдын ала қойылған тұғырға аты аңызға айналған қазақ халқының батырлары Қарасай батыр мен Ағынтай батырға ескерткiш орнатылды.

Орналасқан жерi: Қазақстан Конституциясы к., 1.

Астрофизикалық обсерватория

Астрофизикалық обсерватория

Бас астрофизикалық обсерваторияның жабдықталуына айна диаметрi 0,77 метр болатын Ричи-Кретьен жүйесiнiң телескобы енедi. М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi оқу корпустарының барлық кешенiне қайталанбас ажар беретiн планетарий күмбезi Leariving Technologies фирмасының (АҚШ) проекциялық аспаптарымен жабдықталған. Бұл осы заманғы ғылыми мiндеттердi шешуге мүмкiндiк беретiн көлемi жағынан республикамыздағы екiншi телескоп. Орталық құрамына обсерваториямен бiр ғимаратта орналасқан планетарий кiредi. Планетарий проекторы аспан денесi әр жартышарының 3000-нан астам жұлдызының сапалы түрлi-түстi суретiн алуға мүмкiндiк бередi. Жұлдызды аспанды Ғаламшардың кез-келген нүктесiнде, кез-келген жыл мен тәулiк мезгiлiнде тамашалауға болады.

Орналасқан жерi: Пушкин көшесi, М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан атындағы мемлекеттiк университетi аумағы.

Жұмыс уақыты: 10:00-нан 17:00-ге дейiн

 «Қызыл-Жар»мүсiлман мешiтi

«Қызыл-Жар» мұсылман мешiтi

Жаңа мешiт 2005 жылы қала картасында, бұрынғы Новомечетная көшесiнде, қазiргi Мир көшесi бойында пайда болды. Ғимарат алаңы 1499 шаршы метрдi құрайды. Орталық бөлiгi биiктiгi 28 метрлiк күмбезбен жабылған. Мешiттi екi мұнара әсемдеп тұр. Мешiт iшiнде намаз оқу залы, мәйiттi арулау бөлмелерi, кiтапхана, оқу сыныптары, 100 орындық асхана орналасқан. Кең аумақ ою-өрнектi қоршаумен қоршалған.

Орналасқан жерi: Мир және К. Сүтiшев көшелерiнiң қиылысы.

 «Вознесения Господня» православие соборы

«Вознесения Господня» православие соборы

Шiркеу 2005 жылы ертеректе қиратылған кафедралдық Вознесен соборын есте ұстау мақсатында Петропавлдың 19 ықшам ауданында салынған. 6 қоңырау арнайы тапсырыс бойынша Свердлов облысының Каменск-Уральск қаласында құйылған,олардың ең үлкенiнiң салмағы 640 кг. Иконостасқа иконалар және шiркеудiң толыққанды литургиялық өмiрi үшiн қажет заттар Мәскеу қ. сатып алынған.

 Облыстық тарихи-өткетану мұражайы
Облыстық тарихи-өткетану мұражайы

Облыстық тарихи-өткетану мұражайы

1924 жылдың басында мұражай бiрiншi келушiлерiн қабылдады. Ол кезде ол Караван көшесi бойындағы шағын үйде тұрған. 1968 жылы қазiргi Қазақстан Конституциясы көшесiне орналасты. Қарағанды және Целиноград суреткерлер қорының басшысы A.M. Чудов суретшiлер тобымен өз кезеңiнде көпес Туби Лейбовичу Аркелюге тиесiлi екi қабатты үй-жайын қайта жоспарлау мен қайта құру жүзеге асырылды. Қазiргi таңда кешен Қазақстанның ең жақсы мұражайларының бiрi болып табылады. Оның қорында 134 мыңдай экспонаттар сақталған. Бұл жерде Солтүстiк Қазақстан облысының табиғатымен, археологтар тапқан заттармен, қоныс аударушылардың тұрмыс элементiмен танысуға, түрлi тарихи эпохаға жататын залды көруге болады.

Орналасқан жерi: Қазақстан Конституциясы 48

Жұмыс уақыты: 10:00–17:30, демалыс күнi дүйсенбi

«Абылай хан Резиденциясы» мұражайлық кешен

«Абылай хан Резиденциясы» мұражайлық кешен

«Абылай хан Резиденциясы» мұражайлық кешен

Қазақ ордасының ханы Абылай (Әбiлмансүр) — қазақ мемлекеттiгi тарихындағы көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi.

Абылай хан өтiнiшi бойынша және патша үкiметiнiң рұқсатымен Св. Петр бекiнiсiне келуi үшiнУсiл өзенi бойының үстiнде Янгистау тауында 1765 жылы ағаш үй салынды. Үй және оның айналасындағы кеңiстiк онда тұру үшiн ғана емес, сондай-ақ даулы мәселелердi шешу үшiн арналған. Бұл үйдiң орналасқан жерi туралы түрлi нұсқаулар бар. Болжалды орналасқан, ол бекiнiстен төрт шақырым жерде Есiл өзенi ағыны бойынан жоғары «таудың» астында (төмен жерде деген мағынада), соңында ол қала шетiнде тұрғанын көрсеттi (XIX ғасырдыi екiншi жарты жылдығында). Екiншi жағынан, анық хабар, бекiнiстен он бес шақырым аймақ шегiнде жер телiмдерi Ресей азаматтарына бөлiнбеген. Кейiн аңыз нұсқасы бойынша, қалада жиi болатын өрт кезiнде үй өртенiп кеттi, ал оның орнына тас үй салынды (анығы, Поляков диiрменiнiң ғимараты). Халықтық аңыз мынаны айдаты, патша үкiметi бекiткеннен кейiн, 1821 жылы, Абылай-ханның ұлы — Уали-хан орта жүз, Петропавл форштады үстiнде, оған арналған екi қабатты тас үй салында. Сол кезден берi Петропавл қаласында Орта жүз ханының тас үй қысқы резиденциясы тұрды. Абылай резиденциясы өңiрдегiлер бекiткен сияқты бiрiншi және ұзақ мерзiмге жалғыз таудағы құрылыс болды.

«Абылай хана резиденциясы» мұражай кешенi Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевпен 2008 жылы ашылды. Кешеннiң құрамына кiредi: Абылай хан үйi, Абылай хан кеңсесi, келушiлерге арналған үй, монша.

Орналасқан жерi: Театральный к-сi, 16

Жұмыс уақыты: 10:00–18:00 дейiн, демалыс күнi дүйсенбi

 Бейнелеу өнерi мұражайы

Бейнелеу өнерi мұражайы

Солтүстiк Қазақстан облыстық мұражайы Петропавлда Қазақстанның 1982 жылдан берi мәдени және тарихи ескерткiшi болып табылатын ғимаратта 1989 жылы ашылды. Облыстық тарихи — өлкетану мұражайының сурет өнерi бөлiмi оған база болды.

Мұражайда 5000 мыңға жуық экспонаттар ұсынылған, бұл әйгiлi суретшiлер В.Фаворскийдiң, Г.Нисскийдiң, М.Майофистiң, М.Митурича-Хлебниковтiң, Г.Поплавскойдың. Р.Хачатрянның, Г.Ханджянның, П.Реченскийдiң, В.Антощенко-Оленевтiң, М.Кисамединовтiң, А.Бейсембиновтiң графикалық жұмыстары.

Сурет өнерiнiң бөлiмiнде қазақ шеберлерi И.Стадничуктiң, В.Крыловтың Н.Хлудовтың, А.Исмаиловтың Л.Леонтьевтiң А.Кастеевтiң туындылары, мүсiншiлер Н.Никогосянның, О.Комовтың, С.Балданның, М.Рапопорттың, жұмыстары, сәндiк — қолданбалы өнер топтамасы, балалар шығармасының жұмыстары. 1992 жылы мұражай маңында әдеби бөлiм ашылды, онда 2600-ге жуық экспонаттар-туындылар және жазушылардың қолжазбалары, олардың жеке заттары мен хаттары есептеледi.

Орналасқан жерi: 314 атқыштар дивизиясы к., 83.

Жұмыс уақыты: с 10:00–18:00, демалыс күнi дүйсенбi

 Ботаникалық бақ
Ботаникалық бақ

Ботаникалық бақ

Бақ аумағында 140 бұта, 450 шөп, 20 сирек кездесетiн және жоғалып бара жатқан 57 дәрiлiк және 310 сәндiк гүл түрлерi осы кеңiстiк үшiн экзотикалық болып табылатын тропикалық өсiмдiктердiң мыңнан астам түрi саналатын коллекция жинақталған. Бұл пальма және лимон, шығыс-африкалық туя, жасмин және басқа да экзотикалық өсiмдiктер жайқалып тұрған саябақ өнерiнiң бiрегей кешенi. Гаванадан әкелiнген кубалық лимон, «Вашингтония» пальмасы АҚШ-тың өсiмдiк нышаны, әлемге танымал саябақтардан әкелiнген сирек кездесетiн даналар құнды жәдiгерлер бағбандар мен гүл өсiрушiлердiң көптеген буындарының еңбегiмен өсiрiлген.

Орналасқан жерi: Медведев к-сi, 41

Жұмыс уақыты: демалыссыз, 10:00–16:00

 Аквапарк «Нептун»

«Нептун» Аквапаркi

Кешен құрамына «Хамам» түрiк моншасы, орыс моншасы, финдiк саунасы, White Water канада фирмасының жетi су аттракционы, олардан үлкендерге арналған — 4 аттракцион, балаларға — 3, 10 гидромассаждық қондырғы, 4 «джакузи» ваннасы, фитнес клубы, спорттық зал, медициналық бөлмелер кiредi.

Аквапарк сағатына 1000 адамды қабылдайды, оларды 1500 кв.метр су бетi, 20 м биiктiгiмен 4 төбешiк, спорттық бассейнi 25 м, күншуақ, SPA-салоны қарсы алады. Объектiде толық сауықтыру демалысы үшiн барлық жағдайлар жасалған. Келушiлер арнайы жабдықталған залда дене шынықтыру жаттығуларымен айналыса алады. Кiшкентай балалар үшiн бөлек бассейнi тереңдiгi 40 см, төбешiк және басқа аттракциондар жасалған.

Орналасқан жерi: Медведев к-сi, 41

Жұмыс уақыты: демалыссыз, с 08:00–23:00

 «Абай және Пушкин» Скульптуралық композициясы

«Абай және Пушкин» Скульптуралық композициясы

2006 жылы Ресейде Абай жылы және Қазақстанда Пушкин жылы болып жарияланған жылда Петропавлдың басты көшесiнде «Абай және Пушкин» ескерткiшi орнатылды. Композиция ұлы ақындар-Абай мен Пушкин мүсiндерiнен тұрады және екi халықтың достығын бейнелейдi.Екi мүсiндi бiрiктiретiн биiктiгi 5,2 м ағаш мәңгiлiк символы ретiнде, сонымен қатар бiр мезетте екi алып тұлғаның шығармашылық еткен дәуiрiн бөледi. Ескерткiш авторы К.К.Сатыбалдин, мүсiншiлер С.К. Баймағамбетов және В.В.Затай. Композиция — қоладан, тұғыр күртi гранитiнен жасалған..

Монументтiң көркем жасалуы және оңтайлы орналасуы қала тұрғындары мен қонақтарының жиi баратын танымал орындарының бiрiне айналды.

 «Айғаным» — Шоқан Уәлихановтың әжесiнiң үй-жай мұражайы

«Айғаным» — Шоқан Уәлихановтың әжесiнiң үй-жай мұражайы

«Айғаным» үй-жайы — 19 ғасырдың ежелгi сәулетiнiң ескерткiшi, мемориалдық сәулет кешенi болып табылады және ол мемлекеттiң қорғауында. Үй-жайдың құрылу басы 19 ғасырдың жиырмасыншы жылдарына жатады, ол кезде (1822 жылдың күзi) Сырымбет шатқалы орта жүздiң ханы Уәли Абылаевтың жесiрi Айғаным Уәлиеваның, Шоқан Уәлихановтың әжесiнiң жиi қыстайтын жерi болды.

 Қарасай және Ағынтай батырларына мемориалдық кешен

Қарасай және Ағынтай батырларына мемориалдық кешен

Мемориалдық кешен 1999 жылы жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте аттары аңызға айналған жауыегерлер- Қарасай мен Ағынтай батырлардың құметiне салынды. 17 ғасырда шапқыншылығына қарсы күресте Есiм ханның әскерлерiмен он сегiз жастағы Қарасай батыр қолбасшылық еттi, Арғын-Ағынтай оның адал досы болды. Айырылмас батырлар 48 жылдың iшiнде 200-ден астам басқыншыларға қарсы қанды шайқастарға қатысты және 65 жастарында күрестi аяқтады. Қарасай мен Ағынтай батырлары Құлшынбай төбедегi бiр зиратта жерленген.

 «Ботай» мекенi

«Ботай» мекенi

Иман-Бұрлық өзен жағалауында 15 га алаңында энеолит дәуiрiнiң ескерткiшi — Ботай урочище орналасқан. Ботай — Еуразиядағы алғашқы жылқы ұстаушылардың әлемдегi бiрегей мекенi. Аталған мәдениеттiң өмiр сүрген уақыты б.э. дейiнгi V-IV ғасырларда.жүргiзiлген зерттеулердiң тарихи маңызының қорытындысы Қазақстан ғаламшарда жылқыны қолға үйретудiң басты орталықтарының бiрi болып табылады.