Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру тәртiбi
Екiншi деңгейдегi банктiң жобаға қатысуы тәсiлiмен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысуды ұйымдастыру кезiнде:
тұрғын үйдiң (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейiн үлескерлердiң ақшасын тарту тәсiлiмен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысуды ұйымдастыру кезiнде):
Құжаттарды тапсыру кезiнде:
Портал:
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтiнiш;
осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген құжаттардың электрондық көшiрмесi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтiнiштi қабылдау туралы мәртебе жiберiледi.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттар мен мәлiметтердi түскен күнi тiркеудi жүзеге асырады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк корпорация:
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет қағидасына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтiнiш;
көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Қағидалардың 3-тармағындағы құжаттарды олардың көшiрмелерiн ұсынады.
Салыстырғаннан кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.
Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi толық құжатты қабылдаған кезде құжаттардың нөмiрi мен қабылданған күнiн және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алған күнiн көрсете отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi.
Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi, көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн Мемлекеттiк корпорацияға жеткiзудi қамтамасыз етедi.
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат туралы құжаттардың мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға жазбаша келiсiм бередi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шартты (бұдан әрi — шарт) есепке алу үлескер және оған тиесiлi үлес, тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт туралы мәлiметтердiң жүйелендiрiлген, кезең-кезеңiмен толықтырылатын және нақтыланатын тiзбесiн бiлдiредi. Шарттарды есепке алуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы уәкiлеттi компанияның ұсынуы бойынша көппәтерлi тұрғын үйдiң орналасқан жерi бойынша жүргiзедi.