Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Бөлiм басшысының өмiрбаяны

Байқанов Жаслан Серiкұлы Петропавл қаласы әкiмiнiң өкiмiмен Байқанов Жаслан Серiкұлы 2021 жылғы 15 қарашадан бастап «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» КММ басшысы болып тағайындалды.

Байқанов Жаслан Серiкұлы 1986 жылғы 25 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысы Совет ауданы Қиялы ауылында дүниеге келген. 2008 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2008 жылы СҚО Аққайын ауданы, Қиялы ауылдық округi әкiмi аппаратының әскери есепке алу маманы болып бастады.

2009-2015 жылдары СҚО, Петропавл қ. Салық департаментiнiң жетекшi, бас маманы лауазымын атқарды.

2015-2016 жылдары Петропавл қ. бойынша Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының бөлiм басшысы болып жұмыс iстедi.

2016-2018 жылдары Астана қ. ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетi Методология департаментi Өндiрiстiк емес төлемдер басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс iстедi.

2018-2019 жылдары СҚО, Петропавл қ. Мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң бас маманы.

2019 жылғы желтоқсаннан осы тағайындауға дейiн Нұр-Сұлтан қ. ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетi Iрi салық төлеушiлер департаментi Бейрезиденттерге салық салу басқармасының бас сарапшысы лауазымын атқарды.

Сенiм телефоны: 46-50-25
Заңды мекенжайы: ҚР СҚО Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көш., 203-каб., тел/факс: 46-50-25
Электрондық адрес: sectorplan@sqo.gov.kz; ecoplan@sqo.gov.kz
Азаматтарды қабылдау кестесi: әр сәрсенбi сайын 15:00-ден бастап 18:00-ге дейiн.

Қызметкерлер тізімі
КММ «Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

Ф.И.О.

Должность

Телефон

1

Байканов Жаслан Серикович

Руководитель

46-50-25

2

Мукушев Медет Еламанович

Заведующий сектором экономической политики и планирования

46-30-46

3

Шупшибаева Жулдыз Хамитовна

Заведующая сектором бюджетной политики и планирования

36-29-24

4

Базарбаева Эльвира Алимкуловна

Главный специалист

46-30-46

5

Мусакулова Ажаргуль Кирибаевна

Главный специалист
(Декретный отпуск)

36-29-24

6

Аушақ Самат Жанатұлы

Главный специалист

36-29-24

7

Исенова Асель Талаповна

Главный специалист
(Декретный отпуск)

36-29-24

8

Коробова Дарья Владимировна

Главный специалист
(Декретный отпуск)

46-19-05

9

Баяхметова Меруерт Ильясовна

Методист по кадровой работе

46-19-05

10

Беккер Вера Владимировна

Статист

46-19-05

11

Бабакова Копей Капезовна

Переводчик

-

12

Сұраған Тлеген Біркүтұлы

Гос. закупщик

-

13

Серік Гүлназ Сәркенқызы

Секретарь

46-50-25

14

Шаканов Госман Шарапиевич

Водитель

< -

 

2020 жылғы 07 қазандағы жағдай бойынша Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бас маманның бос орны бар.

Петропавл қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 2020 жылдың 9 айында 18 өтініш келіп түсті. Оның ішінде заңды тұлғалардан — 4 және жеке тұлғалардан — 14 өтініш. Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес міндетті түрде және белгіленген мерзімде қаралды. Әр айдың соңында СҚО бойынша ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасымен салыстырып тексеру жүргізіледі.

Баспасөз хабарламасы

Петропавл қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетiн бекiту Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 75-бабы, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қолдаухаттары негiзiнде жүргiзiледi.

Қалалық бюджет қаражатын бекiту бюджеттiң кiрiс, шығыс бөлiктерi, республикалық және облыстық бюджеттерден берiлетiн нысаналы трансферттер есебiнен жүргiзiледi.

Қалалық маслихат сессиясы шешiмiнiң жобасымен танысу үшiн «2022-2024 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджетi туралы» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12946511 ссылка бойынша өту кажет.

«Петропавл қаласы
әкiмдiгiнiң
экономика
және бюджеттiк
жоспарлау бөлiмi»
КММ басшының м.а. М. Мукушев

Баспасөз хабарламасы

2021 жылға арналған Петропавл қаласының бюджетін нақтылау Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 106, 109-баптары, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінішхаттары негізінде жүргізіледі.

Қаланың бюджет қаражатын нақтылау бұрын бекітілген қалалық бюджетті қаражаттандыруды қайта бөлу, қалалық бюджеттің қосымша кірістері есебінен шығындар есебінен бөлігінде жүргізіледі.

Қалалық маслихат сессиясы шешімінің жобасымен танысу үшін «2021-2023 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=9940107 ссылка бойынша өту кажет.

«Петропавл қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
КММ басшы Ж. Батырбеков

Бөлім қызметінің негізгі мақсаттары:

  1. қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары, басымдылықтары мен негізгі бағыттарын қалыптастыру;
  2. қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықтарымен өзара әрекеттесуда орта мерзімді фискалдық, бюджеттік саясатты қалыптастыру;
  3. қала әкімі мен әкімдігінің тапсырмасы бойынша аса маңызды бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу болып табылады.

Жүктелген міндеттерге сәйкес Бөлім мына функцияларды жүзеге асырады:

  1. қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлеу, қала дамуының жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу және мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
  2. қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;
  3. қаланың орта мерзімді фискалдық саясатын әзірлеу;
  4. ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және дамудың бюджеттік бағдарламалары үшін жергілікті бюджет шығыстарының лиимиттерін қалыптастыру, бюджет шығыстарының лиимиттерін қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізеді;
  5. қалалық бюджеттің жобасын әзірлеу және мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
  6. бюджетті орындау бойынша жергілікті уәкілдік органмен келісу бойынша тиісті қаржылық жылға арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы әкімдіктің қаулысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірлеу;
  7. қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары және орта мерзімді фискалдық саясат негізінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжалдау;
  8. олардың қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қаныстары мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың шығыстарына, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдері бойынша қарау, бағалау және қортындыны дайындау;
  9. жергілікті бюджеттік инвестициялық басымды жобалар (бағдарламалар) тізбесін әзірлеу.

«Петропавл қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» КММ құрылымы

 

Бөлімнің сенім телефоны: 46-50-25.

Заңды мекенжайы: Петропавл қ., Қазақстан Конституцисы к., 23.

Электрондық мекенжай: econompetr@sko.kz

«Петропавл қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» КММ-де азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі


р/р
Құрылымдық бірліктердің атауы каб. № Қабылдау күні және сағаты
1. Басшы 203 сәрсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін
Петропавл қаласының экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi