Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi «Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы» № 416 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 3 сәуiрдегi «Террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жүйесiне қойылатын талаптарды бекiту туралы» № 191 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 12 қарашадағы «Террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалуының үлгiлiк паспортын бекiту туралы» № 1217 Қаулысына сәйкес, террористiк тұрғыдан осал (ТТО) объектiлер антитеррорлық қорғанысын қамтамасыз етуi және объектiлердiң қажеттi қауiпсiздiк деңгейiн орындаудың белгiлi бiр талаптарын сақтауы тиiс.
ТТО объектiлерiне мемлекеттiк, стратегиялық объектiлер, өндiрiс объектiлер, сонымен бiрге жаппай адамдар шоғырланған объектiлер жатады.
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Министрлiгiмен ТТО объектiлерiнiң басшылары мен қызметкерлерi үшiн арнайы, олардың антитеррорлық қорғанысын қамтамасыз ету саласында жұмысын ұйымдастыру мәселелерi бойынша әдiстемелiк нұсқаулықтар әзiрленген.
Өз кезегiнде, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 149 бабында антитеррорлық қорғанысын қамтамасыз ету және ТТО объектiсiнiң тиiстi қауiпсiздiк деңгейiн сақтау бойынша мiндеттердi орындамағаны және (немесе) тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiгi бар екендiгiн атап өту керек.
Сонымен, ҚР ӘҚБтК 149 бабының 1 тармағына сәйкес террористiк тұрғыдан осал объектiнiң меншiк иесiнiң, иеленушiсiнiң не басшысының не террористiк тұрғыдан осал объект бойынша күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметi субъектiсiнiң өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы — жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға — бiр жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — екi жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР ӘҚБтК 149 бабының 2 тармағына сәйкес, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) — үш айға дейiнгi мерзiмге қызметтi немесе жекелеген қызмет түрлерiн тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға — екi жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Баяндалғанды ескере отырып, ТТО объектiлердiң барлық басшылардың тапсырылған объектiлердiң антитеррорлық қорғалуының тиiстi деңгейiн қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлi шараларды осы талаптарына қатаң сәйкестiкте қабылдау қажеттiлiгiне, сонымен бiрге терроризм актiсiн жасау және терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру тәртiбiне ықтимал қаупi жағдайында ұжымның оқытуын ұйымдастыруына назарын аударамыз.
Терроризмге қарсы iс-қимыл бойынша нормативтi-құқықтық актiлер
Халыққа жадынама «Терроризм — қоғамға қауiтi»