2024 жылғы 12 тамызда Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес "Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ мамандары мынадай мемлекеттік қызметтер бойынша брошюралар таратуды қамтамасыз етті: "жер учаскесінің бөлінгіштігін және бөлінбейтіндігін анықтау", "жер учаскесін алуға кезекке қою".
2024 жылғы 5 тамызда Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ мамандары келесі мемлекеттік қызметтер: Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну, нобайды ( нобайлық жобаны) келісу, шешім беру объектілерді кейіннен кәдеге жарату ( құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге, нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беруге, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау жөнінде анықтама беру бойынша брошюралар таратуды қамтамасыз етті.
Мемлекеттiк қызмет Агенттiгi Департаментiнiң, облыс әкiмдiгiнiң, «Азаматтар үшiн үкiмет» КАҚ бiрлесiп бекiткен желiлiк кестесiне сәйкес 2020 жылғы 10 тамызда мемлекеттiк қызмет көрсететiн қалалық әкiмдiк қызметкерлерiнiң ZOOM интернет-конференциясы арқылы оқытушы семинары өткiзiлдi. Конференция кезiнде олар ЭСҚ алу, ХҚКО кезектi брондауға үйретiлдi.