Руководство города

Петропавл қаласының әкімі

Мұхамедиев Серiк Мақсұтұлы

Анбаев Руслан АкимжановичСерiк Мақсұтұлы Мұхамедиев 1965 жылы 9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Көкпектi ауданы Биағаш ауылында дүниеге келдi.
Бiлiмi жоғары, 1989 жылы инженер мамандығы бойынша Өскемен қаласының құрылыс-жол институтын аяқтаған.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 2023 жылғы 1 шілдедегі өкiмiмен Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды.

Еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласының 2562 Автотiзбектi пайдалану бөлiмiнiң басшысы болып бастады. Сауда және бизнес салаларында экономист, сауда жөнiндегi орынбасары, сауда-саттық бөлiмiнiң басшысы, «Авто-Холдинг Компаниясы» ЖШС-нiң директоры, «Эй Джи Трэйд» ЖШС директоры, «Достар Плюс» Компаниясы» ЖШС-нiң қаржы директоры, «Дега плюс» ЖШС-нiң қаржы директоры (1991 ж. қараша — 2010 ж. шiлде) болып iстедi.
Мемлекеттiк қызметте 2010 жылдың шiлдесiнен қазiргi уақытқа дейiн қызмет атқарып келедi. Солтүстiк Қазақстан облысының жолаушылар көлiгi және автомобильдер жолдары басқармасында жоспарлау және сметалық-шарттық жұмыстарды жүргiзу бөлiмiнiң бас маманы, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бөлiмiнiң бастығы, басқарма басшысының орынбасары, Солтүстiк Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарды (2016 ж. наурыз — 2021 ж. қазан). Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі (2021 ж. қазан — 2023 ж. маусым).

 

 

Қала әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасарының м.а.

Мелехов Сергей Владимирович

Мелехов Сергей Владимирович 1987 жылдың 15 қарашасында Аққайың ауданы Смирново ауылында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша, С. Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — электр энергетигі мамандығы бойынша.

Еңбек жолын 2007 жылы конькимен жүгіру спортынан нұсқаушы — спортшы қызметінен бастады. Әр жылдары СҚО әкімдігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде, "Астанаэнергосервис" АҚ техникалық бақылау және жобаларды басқару инженері қызметінде  жұмыс істеді.
Осы тағайындауға дейін Сергей Владимирович СҚО әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2024 жылғы су тасқыны кезеңінде Хромзавод шағын ауданының жедел штабын басқарды.

 

 

Қала әкiмiнiң экономика, кәсiпкерлiк, ауылшаруашылық және ветеринария мәселелерi жөнiндегi орынбасары

Сандыбеков Марлен Бағытбекұлы

Марлен Бағытбекұлы  1984 жылдың 8 қаңтарында Қостанай облысы Арқалық қаласында  дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті - юриспруденция, К.Сағадиев атындағы халықаралық бизнес университеті – мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша.

Еңбек жолын 2008 жылы  прокуратура органдарынан бастаған. Әр жылдары Қостанай қаласы әкімдігінде, Сарыкөл ауданы әкімінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 
Осы тағайындауға дейін Марлен Бағытбекұлы Қостанай облысы Мендіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

 

Қала әкiмiнiнiң әлеуметтiк сала жөнiндегi орынбасары

Төренова Қалия Батталқызы

Анбаев Руслан Акимжанович

Қалия Батталқызы Төренова 1966 жылғы 23 наурызда Омбы облысы Есілкөл ауданы Боевое ауылында дүниеге келген.

1988 жылы Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын «Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2021 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Өңірлік даму магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1983 жылы СҚО Булаев ауданы Молодежная ОМ пионер жетекшісі болып бастады.

1988-1993 жылдары СҚО Булаев ОМ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет етті.

1993-1998 жылдары СҚО Булаев аудандық әкімшілігінің тілдер жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болды.

1998-2003 жылдары СҚО М. Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.

2003-2006 жылдары СҚО М. Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

2007-2009 жылдары «Сарыарқа» СПК» НК» АҚ Ақмола облысы бойынша департаментінің менеджері, бас менеджері болды.

2009-2011 жылдары «Қазақстан инжиниринг Астана қ.» Ұлттық компаниясы» АҚ әкімшілік департаментінің кадрлар бөлімінің бас менеджері болып еңбек етті.

2011-2015 жылдары Астана қ. «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС адами ресурстарды басқару бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

2017 жылы Астана қ. «Мырза-Хан» ЖШС персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы болды.

2017 жылғы мамырдан қазіргі тағайындауға дейін «Петропавл қаласы әкімі аппараты» басшысы қызметін атқарды.

 

Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты КММ басшысы

Абдрахманова Ольга Леонидовна

Туренова Калия Батталовна

Абдрахманова Ольга Леонидовна 1968 жылғы 2 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген.

2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы С.М. Киров атындағы Петропавл зауытында радиоаппаратура монтажшысы, инженер-зертханашы болып бастаған.

1994-1995 жылдары Петропавл қалалық собесінде әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеді.

1995-1998 жылдары қалалық әкімшілік басшысы жанындағы қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының аға маманы қызметін атқарды.

1998 жылдан 2005 жылға дейін қалалық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді

2005-2009 жылдары – «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс секторының бас маманы, халықты жұмыспен қамту секторының меңгерушісі болды.

2009-2013 жылдары «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бақылау және ақпарат секторының бас маманы болып жұмыс істеді

2013 жылғы қаңтардан осы тағайындауға дейін «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.