Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы жерлерiн бағалық аймақтау сызбасы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II ҚРЗ Жер кодексiнiң 8, 10, 11-баптарын iске асыру мақсатында әзiрлендi.
Жұмыс Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық зерттеу департаментi — «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекiтiлген «Аймақтау коэффициентiн есептеу әдiстемесiне» сәйкес жүргiзiлдi.
Жерлердi аймақтаудың мақсаты жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық мөлшерлемелерiне түзету коэффициенттерiн белгiлеуге бағалау аймақтарының шекараларын анықтау болып табылады. Бұл ретте арттырушы және төмендетушi коэффициенттiң шектi (ең жоғарғы деңгейдегi) көлемi екi есе мөлшерден аспауы тиiс (ҚР ЖК 11-бабы 1-тармағы).
Петропавл қаласы бойынша жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық мөлшерлемелерiне түзету коэффициенттерi үшiн аймақтардың шекараларын белгiлеу Өнiмдi өндiру және iске асыру, сауда, қайта өңдеу, өткiзу объектiлерiн орналастыру, халықтың өмiр сүру әлеуметтiк жағдайы үшiн қолайлылық тұрғысынан табиғи және антропогендiк факторлар кешенi бойынша қала аумағындағы салыстыра бағалау негiзiнде жүргiзiлдi және аумақтарды салыстырмалы түрде бiрдей аймақтардың экономикалық және табиғи жағдайлары түзету олар үшiн (арттырушы және төмендетушi) коэффициенттерiмен белгiлеумен аумақтарды бөлудi көздейдi.
«Петропавл қ. әкiмдiгiнiң
жер қатынастары бөлiмi»
КММ басшысы Ж. Еркiн
Петропавл қаласы аумағындағы жерлерді аймақтау сызбасын бекіту туралы (ZIP 27 Kb)