Петропавлдағы ішкі туризм

Қазақстан Республикасы өзiнiң бiрегей табиғи және географиялық жағдайымен танымал. Солтүстiк Қазақстан облысын Қазақстанның солтүстiктегi бас қақпасы деп әдiлеттi түрде есептейдi. Есiл өзенiнiң жағалауында (Ертiс өзенiнiң сол саласы) Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк орталығы — Петропавл қаласы орналасқан.

Петропавл қаласы 1752 жылы Есiл өзенiнiң жағасында әскери қамал (Қасиеттi Петр мен Павл қамалы) ретiнде ресей әскерiнiң бiргу жолында құрылды. 1894 жылы Петропавл Транссiбiр магистралiндағы үлкен қалаға айналды.

Бүгiнгi күнi Петропавл — облыс орталығының маңызды индустриалды, мәдени, әкiмшiлiгiне айналды, орналастырылды:

  • 3 театр (С. Мұқанов атындағы Солтүстiк Қазақстан облысының қазақ музыка-драма театры, Солтүстiк Қазақстан облысының қуыршақ театры, Н. Погодин атындағы Солтүстiк Қазақстан облысының орыс драма театры),
  • 3 мұражай (Солтүстiк Қазақстан облысының бейнелеу өнерiнiң мұражайы, «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенi, Солтүстiк Қазақстан облысының трихи-өлкетану мұражайы),
  • 3 кiтапхана (Ғ. Мүсiрепов атындағы облыстық балалар-жасөспiрiмдер кiтапханасы, И. Шухов атындағы қалалық кiтапхана, С. Мұқанов атындағы әнбебап ғылыми кiтапханасы),
  • 3 боулинг-орталығы («№1 боулинг орталығы», «Созвездие», «Хайят»),
  • 3 саябақ (Орталық саябақ, Жеңiс саябағы, «Солтүстiк жұлдыз» саябағы),
  • 2 кинотеатр (Қазақстан, Новый свет),
  • 1 аквапарк «Нептун».

Петропавл қаласының аумағында бiрегей туристiк нысандар бар:

1) «Ақ Тау» («Белоя гора») археологиялық ескерткiшi, Есiл өзенiнiң биiк мүйiсiнде орналасқан, бұл ежелгi б.з.д. V-III ғ.ғ. қалаға жатады. Қазба жұмыстары жүргiзiлген кезде мыңға жуық заттар — мал шаруашылығымен, аң аулаумен, балық аулаумен айналысқан отырықшы тайпалар қолданған күйiк тас, сүйек пен тастан жасалған еңбек құралдары, қоладан және сүйектен жасалған жебенiң ұштары табылды. «Ақ тау» қонысы сарғат мәдениетiнiң бiрiншi толық зерттелген ескерткiш болып табылады, аталған қоныс Батыс Сiбiр, Орта және Оңтүстiк Оралдың орманды-дала аймағының айтарлықтай аумағын алып жатты. Ақ тау қонысының мәлiметтерi б.з.д. Мыңжылдықтың екiншi жартысындағы ежелгi қоғамның шаруашылық жағдайы және әлеуметтiк құрылымы туралы қызықты мәлiметтердi бердi.

2) Мемориалдық кешендер, мұражайлар, заманауи нысандар:

- «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенi.

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенi

Қазақ ордасының ханы Абылай (Әбiлмәнсұр) — қазақ мемлекетi тарихындағы аса көрнектi мемлекет қайраткерлерiнiң бiрi. 1771 жылы Түркiстан қаласында үш жүздiң хандары, сұлтандары, батырлары бiр хандыққа бiрiгiп, Абылайды Қазақ хандығының ханы деп жариялады.

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенi

Абылай ханның тiлегi бойынша және патша үкiметiнiң рұқсатымен Есiл өзенiнiң жоғарғы жағындағы Енқыстау тауында әулие Пётрдiң бекiнiсi жанынан 1765 жылы оның келiп тұруы үшiн ағаш үй салынды. Кейiн, аңыз бойынша, қалада жиi болып тұратын өрттiң бiрiнiң салдарынан үй жанып кеткен, оның орнына тастан үй салынады (шындығында, Поляков диiрменiнiң ғимараты). Ел ауызында сақталған аңызда 1821 жылы патша үкiметi Абылай ханның ұлы Уәли ханды бекiткеннен кейiн Петропавлдың жоғары форштадында оған екi қабатты тас үй салған-ды. Сол кезден бастап Петропавл қаласында Орта жүз ханының қысқы резиденциясы орналасты. Өлкетанушылардың айтуына қарағанда, Абылай ордасы еңiстiк жерде орналасқан алғашқы және ұзақ уақыт жалғыз болған құрылыс екен.

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенiн 2008 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев ашты. Кешен құрамына мыналар кiредi: Абылай ханның үйi, Абылай ханның кеңсесi, келiп-кетушiлерге арналған үй, монша.

- Театр алаңындағы мемориалдық кешен (кешеннiң құрамына ескерткiш пен рат молалары (1918–1920ж.ж.), «Мәңгi жалау» революциялық және әскери даңқ мемориалы, Қарасай мен Атығай батырларға арналған мемориал, саяси репрессия құрбандарына арналған ескерткiштер кiредi)

- Астрофизикалық обсерватория (Рич-Кретьен системасының телескопы, планетарий. Планетария проекторының көмегiмен аспан сферасының 3000 жұлдызынан астам әрбiр жарты шарының сапалы түрлi-түстi бейнесiн көруге болады),

Астрофизикалық обсерватория

- «Табиғат балалары» ботаникалық бағы. Бақтың аумағында тропикалық өсiмдiктерге жататын мыңға жуық экзотикалық: 140 ағаш-бұта түрлерi, 450- шөп басқан, 20 сирек және жойылып бара жатқан, 57 дәрiлiк және 310 гүлдi-сәндiк түрлерi бар. Бұл пальмалар мен лимондардың шығыс -африкалық туясының, жасмин және басқа да экзотикалық өсiмдiктердiң жасылданатын бау-бақша саябағының бiрегей кешенi болып табылады. Бағбандар мен гүл өсiрушi мамандардың көп жылғы еңбегiнiң арқасында бағалы экспонаттар: АҚШ- тың өсiмдiк нышаны ретiндегi — «Вашингтония» пальмасы, Гаванадан әкелiнген кубалық лимон, әлемге танымал бақтардан келген сирек даналар өсiрiледi.

«Табиғат балалары» ботаникалық бағы«Табиғат балалары» ботаникалық бағы

- «Абай мен Пушкин» мүсiндiк композициясы. Ескерткiш Қазақстан Конституциясы көшесiнде орналасқан саябақ аумағындағы облыстық әкiмшiлiк ғимаратына қарама-қарсы орналасқан. Композиция Абай мен Пушкин — ұлы ақындардың мүсiндерiнен тұрады және екi халықтың достығын бейнелейдi. Екi мүсiндi бiрiктiретiн биiктiгi 5,2 м ағаш мәңгiлiк нышаны ретiнде, дәл сол мезетте екi алып тұлғаның шығармашылық еткен дәуiрiн бөлiп тұрғандай көрiнедi. Ескерткiш авторы — К.К. Сатыбалдин, мүсiншiлер — С.К. Баймағамбетов және В.В. Затай. Композиция қоладан жасалған, ал тұғыры — күртi гранитiнен.

«Абай мен Пушкин» мүсiндiк композициясы