Кітапша

«Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ

Тұрғын үй көмегін тағайындау

Тұрғын үй көмегі:

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалануға арналған шығындарды өтеу үшін өтемақы.

Егер жоғарыда көрсетілген мақсаттарға арналған шығыстар отбасының өткен тоқсандағы жиынтық табысының 10%-ынан асқан жағдайда, бекітілген нормалар шегінде аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

Оны есептеу үшін кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтердің барлық түрлеріне (сумен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару, газбен жабдықтау), лифтілерге қызмет көрсетуге, сондай-ақ байланыс қызметтеріне шығыстар қосылады.

Бұл көмектің мөлшері әр отбасы үшін жеке есептеледі және тұрғындардың санына, жиынтық табысқа, пәтердің ауданына және осы мақсаттарға нақты шығындарға байланысты болады.

Тұрғын үй көмегін тағайындауға жүгінген кезде Сіз мыналарға сене аласыз:

ағайындалған төлемдерді ай сайын аудару:

коммуналдық қызметтер бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің есеп айырысу шоттарына,

телефон үшін абоненттік төлемді сіздің банктік шотыңызға өтеу.

Сіздің тұрғын үй көмегін алуға құқығыңыз бар ма?

Петропавл қаласында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын аз қамтылған отбасылар (азаматтар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) тұрғын үй көмегін алуға құқылы.

Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде бөлім мамандарымен:

* отбасы құрамы;

* тұрғын үй алаңы;

* кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, Байланыс қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстар;

* Сіз (Сіздің отбасыңыздың мүшелері) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алған табысыңыз (оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс), тұрғын үй көмегінен, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және бірінші, екінші және үшінші топтағы 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға атаулы әлеуметтік көмектен, МБК мен АМЖ басқа, стипендиялар (жоғары оқу орындары, училищелер, колледждер) есептеледі.

Тұрғын үй көмегін алушылар міндетті:

* тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттарды тапсыру кезінде толық және сенімді мәліметтерді ұсынуға ;

* бөлімнің хабарламасы бойынша тұрғын үй көмегінің артық төленген сомасын ерікті түрде қайтаруға.

Аталған міндеттемелерді орындамаған жағдайда Сіз ҚР заңнамасына сәйкес жауап бересіз.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттарды қалай беруге болады ?

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін келесі құжаттарды ұсына отырып, тоқсан сайын жеке өз атынан немесе отбасы атынан Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгіну қажет:

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың өтемақысына құқығы бар отбасылар (тұлғалар) қосымша ұсынады:

күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасының негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот.

Күрделі жөндеу үшін төлемдер кондоминиум объектісін тіркген басқару органының шотына тиесілі сомаларды аудару жолымен жүргізіледі.

Назар аударыңыз!

Тұрғын үй көмегін алуға үміткер жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелуі қажет. Жұмыссыз ретінде тіркелу фактісі жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органның анықтамасымен расталады..

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді қабылдау мерзімі

Тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді бөлім өтініш берушіден барлық қажетті құжаттармен бірге мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінішті алған күннен бастап 8 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі нормалар мен өлшемдер ескеріледі:

Тұрғын үй алаңы бойынша:

* жалғыз басты азаматтар үшін-30 шаршы метр;

* екі адамнан тұратын отбасы үшін-48 шаршы метр;

* үш және одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін – әр адамға 18 шаршы метр.

Коммуналдық қызметтердің басқа түрлері бойынша - орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес.

Біздің мекен-жайларымыз және телефондарымыз:
«Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ:
Театральная көшесі 36, каб 10. 400592, 400590.
Петропавл қаласы бойынша Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация:
Әуезов к-сі, 157;
Қазақстан Конституциясы көшесі 72;
Советская көшесі 34.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу

«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі

Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету

Порталда авторлану және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.

www.egov.kz. порталында «Еңбек және жұмыспен қамтуды» таңдау

«Жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеу» қойындысын таңдау. Одан әрі «Онлайн қызметке тапсырыс беруді» таңдау.

 

Әрі қарай Сізге жеке ақпаратты толтыру қажет. Бөлімді (СҚО, Петропавл қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы) таңдау

Деректерді толтыру қажет

- білім туралы деректер

- еңбек жолы туралы мәліметтер

жұмысқа орналасу кезінде басым мүмкіндіктерді алу үшін ақпаратты дұрыс толтыру қажет.

Деректерді толтырғаннан кейін, Сізге ЭЦҚ пайдалана отырып, қызметке қол қою қажет.

Өтінімнің мәртебесін egov.kz.сайтындағы жеке кабинеттен бақылай аласыз.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығы бойынша жедел шаралар қабылдау мәселелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (8-715-2) 39-09-66 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

Атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу
Өтініш беру
О
нлайн қызметті қалай алуға болады
(
«электрондық үкімет» порталында)

 

Порталда авторлану.

«Электрондық өтініштер» сервисін таңдау

 

Ұсынылған нысанды толтыру. Қажетті тіркемелерді 6 (алты) жеке файлмен тіркеуге болады. «Алушы» өрісінде Сізге қажетті мемлекеттік органды таңдап, Сіз салымдардың рұқсат етілген көлемін білесіз. Сіз электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) орнатылған мемлекеттік органға жіберген жағдайда. 

 

Барлық жолдарды толтырғаннан кейін ЭЦҚ көмегімен қол қою және мемлекеттік органға жіберу қажет.

Құжатты қарау барысында пайдаланушының жеке кабинетіне:

- Жеткізу туралы хабарлама.

- Тіркелген күні көрсетілген өтінішті тіркеу туралы хабарлама.

- Орындаушы және орындау мерзімі көрсетілген орындауға жіберу туралы хабарлама.

- Орындаушы көрсетілген орындау туралы хабарлама.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НӘТИЖЕСІ

Өтінішке (хатқа) жауап. Өтінішті қарау нәтижелері туралы ақпаратты не өтінішті мемлекеттік орталық, жергілікті атқарушы және аумақтық органдарға беру туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығы бойынша жедел шаралар қабылдау мәселелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (8-715-2) 39-09-66 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

Өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама алу
Анықтама алу
О
нлайн қызметті қалай алуға болады
(
«электрондық үкімет» порталында)

 

Порталда авторлану және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту

 

Өтінімді толтырып, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қою (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу керек).

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін Сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысу.

 

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НӘТИЖЕСІ

- Өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығы бойынша жедел шаралар қабылдау мәселелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (8-715-2) 39-09-66 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама алу

 

Алдымен Сізге порталда авторнану керек

«Еңбек және жұмыспен қамтуды» таңдау және «Жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеу» қосымша бетін таңдау.

 

Бұдан әрі «Онлайн қызметке тапсырыс беруді» таңдау.

Өтініш берушінің ЖСН енгізу. Одан кейін «қол қою және анықтама алу» батырмасын таңдак

 

СМС-құпиясөзді пайдалану / ЭСҚ пайдалану. Бұдан әрі «Кодты» алу. Растау.

Сұраным өңделгеннен кейін Сіз өзіңізге қажетті анықтаманы өзіңізге ыңғайлы тілде (орыс немесе қазақ тілдерінде) көшіріп ала аласыз

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығы бойынша жедел шаралар қабылдау мәселелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (8-715-2) 39-09-66 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Ардагерлер секторының буклеттері (ZIP 259 Kb)

Кітапша Кітапша Кітапша

Тұрғын үй көмегін тағайындау (ZIP 38 Kb)

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу (ZIP 104 Kb)

«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі (ZIP 103 Kb)