Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығымен бекiтiлген «Азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi, азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер енгiзудi, қалпына келтiрудi, жоюды ұйымдастыру қағидаларына» сәйкес, мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптардың тiзбесi Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында келтiрiлген.
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу мәселелерi бойынша Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарына сәйкес өтiнiштердi қабылдау және Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — ХҚКО); «Электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы, сондай-ақ тiкелей АХАТ бөлiмiнде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес АХАТ бөлiмi 8 мемлекеттiк қызмет көрсетедi, оның iшiнде:
Барлық 8 стандарт бекiтiлген.
2021 жылы «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ АХАТ бөлiмiмен — 18645 қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:
Ең сұранысқа ие мемлекеттiк қызметтер:
Қызмет көрсетуден бас тарту саны барлығы — 913 оның iшiнде: электронды түрде — 2, қағаз түрiнде — 911.
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде әлеуметтiк маңызды проблемалық мәселелер туындамайды. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмдерiн бұзуға жол берiлген жоқ. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде тұрғындар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi қатаң сақталады.
Петропавл қаласының АХАТ бөлiмi орналасқан Әдiлет департаментiнiң ғимараты, қызметкерлердi шақыру үшiн қажеттi батырмамен, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде мүмкiндiгi шектеулi адамдарға арналған арнайы пандустпен жабдықталған. Лауазымдық нұсқаулықтарда, барлық мамандарға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы мен уақтылығы үшiн дербес жауапкершiлiк бекiтiлген.
Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат (стандарттар) Электрондық үкiмет сайтында,АХАТ бөлiмiнде орналасқан ақпараттық стендтерде, Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ресми Интернет-ресурсында орналасқан. Сондай-ақ сайтта сенiм телефоны мен қабылдау кестесi жарияланған.
Әдiлет департаментi ғимаратының фойесiнде және АХАТ бөлiмiнде электрондық үкiметке қолжетiмдiлiкпен өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы бар.
Лауазымға алғаш рет қабылданған мамандардың кәсiби даярлығына көмек көрсету үшiн олардың жұмысындағы сабақтастықты қамтамасыз ететiн тәлiмгерлiк тұрақты негiзде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн анықтайтын заңға тәуелдi құқықтық актiлердi зерделеу мақсатында бөлiм мамандарымен тұрақты негiзде семинарлар өткiзiледi, 7 семинар өткiзiлдi.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының қызметкерлерiмен мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелерi бойынша 9 онлайн-семинар өткiзiлдi.
Электрондық үкiмет порталы арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету туралы халықты кеңiнен ақпараттандыру мақсатында түсiндiру iс-шаралары жүргiзiлуде, 2021 жалы 659 адамды қамтумен 85 iс-шара өткiзiлдi.
АХАТ бөлiмiнiң басшысы жене мамандарымен Facebook әлеуметтiк желiсi арқылы азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласында мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi және электрондық қызметтердi алу мүмкiндiгi туралы 38 рет тiкелей эфирде сөз сөйлендi.
7 мақала «Северный Казахстан» №6(25341) «Преимущества цифровизации», «Проспект СК» №16(899) «Государственные услуги в электронном формате: преимущества». «Qyzyljfr nury» № 16(856) «Оңтайлы тәсiл», «Проспект СК» №34(917) «Порядок заключения брака», «Qyzyljfr nury» № 34(877) «Некенi қию тәртiбi», «Проспект СК» №46(929),« Проактивные услуги — в помощь родителям новорожденных.», «Qyzyljfr nury» № 48(888) «Тегiн қызмет» жарияланған.
СҚО ӘД тiркеу қызметi саласындағы әдiснамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлiмiнiң бастамасы бойынша АХАТ саласында мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде туындайтын проблемалық мәселелердi талқылау бойынша бөлiмнiң басшысы мен мамандарының қатысуымен онлайн-семинар өткiзiлдi.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету жөнiндегi Петропавл қаласының №2 алаңында «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi, онда барлық тiлек бiлдiрушiлерге электрондық үкiмет порталы арқылы қызметтердi алу мүмкiндiгi туралы түсiнiктемелер берiлдi.
Бөлiм мамандары «Неке және отбасы» тақырыбында ЕС-164/1 мекемесiнде Отбасы күнiн мерекелеуге арналған дөңгелек үстелге қатысты.
Халықаралық Отбасы күнiн мерекелеуге байланысты, бөлiм мамандарымен тууды және неке қиюды тiркеу мемлекеттiк қызмет бойынша 15 құжат салтанатты жағдайда беру ұйымдастырылды.
«Көп бейiндi облыстық аурухана» шаруашылық жүргiзу құқығындағы КМК «Солтүстiк Қазақстан обылысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» КММ-на шығу ұйымдастырылды, бөлiм маманы баланың тууын электрондық форматта және SMS хабарлама құралдары бойынша тiркеуге консультация өткiздi. Сондай-ақ 20 брошюра және электронды форматта өтiнiш беруге арналған 20 қадамдық нұсқаулық таратылды.
Бөлiм басшысы мен мамандары облыстық және қалалық судьялар мен адвокаттар алқасы мен Нотарияттық палата өкiлдерiнiң қатысуымен «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарының некенi бұзуына байланысты өзектi мәселелер» тақырыбында өткен 4 жұмыс кездесуiне қатысты.
Бөлiм басшысы «Qyzylzhar» РТРК АҚ Солтүстiк-Қазақстан облыстық филиалының облыстық телеарнасына сұхбат бердi.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету жөнiндегi Петропавл қаласының № 2 бөлмiнiң алаңында бөлiмнiң бас маманы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша қалалық ардагерлер кеңесiнiң өкiлi Владимир Михайлович Тимошиннiң қатысуымен азаматтарды қабылдау өткiзiлдi.
2021 жылғы 12.09. Қазақстан Республикасында Отбасы күнiн мерекелеуге байланысты бөлiм мамандарымен, неке қиюды тiркеу мемлекеттiк қызмет бойынша 12 құжат саланатты жағдайда беру ұйымдастырылды.
Бөлiм басшысы мемлекеттiк қызмет көрсету жәрменкесiне қатысты.
Бөлiм мамандары СҚО Әдiлет департаментiнiң мамандарымен бiрлесiп азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультативтiк көмек көрсеттi.
2021 жылғы 16,17,18 желтоқсанда бөлiм мамандары, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының қызметкерлерiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi туылған сәбилердiң аналарынан баланың тууын тiркеуге өтiнiштi қабылдап, тууын мемлекеттiк тiркеуден өткiздi, олар мерекенiң 30 жылдығына орай естелiк baby-bokc алды Қала бойынша 16 сәбдiң тууы тiркелдi.
Азаматтық хал актiлерiн электронды форматта тiркеу бойынша брошюралар, буклеттер және қадамдық нұсқаулықтар тарату ұйымдастырылды. Барлығы 830 брошюра, 1670 буклет, 1900 нұсқаулық таратылды.
Әкiмдiктiң сайтында және әлеуметтiк желiлерде қадамдық нұсқаулықтар орналастырылған. Бөлiм мамандары халыққа электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алуда ақпараттық және практикалық көмектi белсендi көрсетедi, өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштары, ұялы байланыс арқылы қызметтердi алу мүмкiндiгi туралы хабарлайды, жас ата-аналарға «Telegram EgovKzBot» бағдарламасы арқылы баланың тууына қатысты қызмет алу мүмкiндiгiн түсiндiредi.
Бөлiм мамандары әр түрлi сервистер, әлеуметтiк желiлер арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жан-жақты ынтымақтасады, электрондық үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға консультациялық көмек көрсету үшiн қызмет алушының бөлiмде жабдықталған өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышында өтiнiш беруi бойынша түсiнiктемелер берiледi, сондай-ақ шағымдарды болдырмау үшiн қызмет алушылардың проблемалық мәселелерiн шешуге жәрдемдеседi.
Iшкi бақылау аясында 2021 жылы Петропавл қаласы әкiмiнiң аппаратымен мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтау мәселесi бойынша тексерiс жүргiзiлдi, тексерiс барысында тексеру парағы тармақтарының бұзылуы анықталған жоқ.
«Петропавл қаласы әкiмiнiң
аппараты» КММ АХАТ
бөлiмiнiң басшысы Б.Н. Ахметова
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығымен бекiтiлген «Азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi, азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер енгiзудi, қалпына келтiрудi, жоюды ұйымдастыру қағидаларына» сәйкес, мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптардың тiзбесi Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында келтiрiлген.
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу мәселелерi бойынша Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарына сәйкес өтiнiштердi қабылдау және Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — ХҚКО); «Электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы, сондай-ақ тiкелей АХАТ бөлiмiнде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес АХАТ бөлiмi 8 мемлекеттiк қызмет көрсетедi, оның iшiнде:
Барлық 8 стандарт бекiтiлген.
2020 жылдың 12 айында «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ АХАТ бөлiмiмен — 17530 қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:
Ең сұранысқа ие мемлекеттiк қызметтер:
Қызмет көрсетуден бас тарту саны барлығы — 1175 оның iшiнде:
электронды түрде — 714, қағаз түрiнде — 461.
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде әлеуметтiк маңызды проблемалық мәселелер туындамайды. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмдерiн бұзуға жол берiлген жоқ. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде тұрғындар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi қатаң сақталады.
Петропавл қаласының АХАТ бөлiмi орналасқан Әдiлет департаментiнiң ғимараты, қызметкерлердi шақыру үшiн қажеттi батырмамен, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде мүмкiндiгi шектеулi адамдарға арналған арнайы пандустпен жабдықталған. Лауазымдық нұсқаулықтарда, барлық мамандарға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы мен уақтылығы үшiн дербес жауапкершiлiк бекiтiлген.
Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат (стандарттар ) Электрондық үкiмет сайтында,АХАТ бөлiмiнде орналасқан ақпараттық стендтерде, Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ресми Интернет-ресурсында орналасқан. Сондай-ақ сайтта сенiм телефоны мен қабылдау кестесi жарияланған.
Әдiлет департаментi ғимаратының фойесiнде және АХАТ бөлiмiнде электрондық үкiметке қолжетiмдiлiкпен өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы бар.
2020 жылы 6 маман «Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелiлiгi мен сапасын басқару» тақырыбында бiлiктiлiктi арттыру курстарында ,сонымен қатар «Электрондық үкiмет» порталын пайдалану бойынша оқытудан өттi.
АХАТ бөлiмiнiң мамандарымен тоқсан сайын мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргiзiледi.
Лауазымға алғаш рет қабылданған мамандардың кәсiби даярлығына көмек көрсету үшiн олардың жұмысындағы сабақтастықты қамтамасыз ететiн тәлiмгерлiк тұрақты негiзде жүзеге асырылады.
Электрондық үкiмет порталы арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi ұсыну туралы халықты кеңiнен ақпараттандыру мақсатында тұрақты негiзде дәрiстер мен семинарлар өткiзiледi, 2020 жылы «Электрондық үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу» тақырыбында 6 дәрiс және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Петропавл қаласының № 1, 2 бөлiмiнде «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы», «Мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi» тақырыбында 7 семинар өткiзiлдi,халықты қамтумен 748 адам.
АХАТ бөлiмiнiң басшысы Facebook әлеуметтiк желiсi арқылы азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласында мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi және электрондық қызметтердi алу мүмкiндiгi туралы тiкелей эфирде 2 рет мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде сөз сөйледi.
4 мақала «Qyzyljar nury» № 34 (821) «Үйде отырып рәмiздеймiз», «Проспект СК» № 9 (840), «АХАТ саласындағы заңнама жаңалықтары және электрондық үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк қызметтi алу», «Проспект СК» № 36 (867), «Бала туу бойынша проактивтi қызмет көрсету және некенi тiркеуге электрондық өтiнiш беру», «Проспект СК» № 47 (878), «АХАТ электрондық мұрағаты» жарияланған.
Халықаралық «Отбасы күнiнде» АХАТ бөлiмiнiң басшысы облыстық «Qyzylzhar» телеарнасына сұхбат бердi.
Бөлiм маманымен «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске өзгерiстер енгiзу және Мемлекеттiк қызметтердi электронды форматта алу туралы «МТРК» облыстық телеарнасына сұхбат бердi.
INSTAGRAM әлеуметтiк желiсi арқылы АХАТ бөлiмiнiң басшысы Жастар ресурстық орталығының өкiлiмен,неке қиюды тiркеу мәселесi бойынша тiкелей эфирде кездесу өткiздi.
Сонымен қатар «АДАЛ КӨМЕК» жобасы аясында халыққа заңгерлiк көмек көрсету мақсатында бөлiм мамандарының INSTAGRAM мен Facebook әлеуметтiк желiсi арқылы тiкелей эфирiнде 2 сөз сөйлеуi өттi.
Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi департаментiнiң қызметкерлерiмен «Webex Meetings» бағдарламасы арқылы «Неке қию тәртiбi, ерлi-зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерi» тақырыбында онлайн оқыту өткiзiлдi.
Бөлiм мамандары «Электрондық үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк қызметтер көрсету», «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу — қарапайым және жылдам», «Үйден шықпай-ақ АХАТ қызметтерi» тақырыптары бойынша «Golden City» облыстық радиосының бағдарламасына қатысты.
СҚО Әдiлет департаментiмен бiрлесiп 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңына енгiзiлген өзгерiстер жөнiнде заң бойынша кеңес беру, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықтық түсiндiру жұмыстарын жүргiзу, сондай-ақ «Электрондық үкiмет порталы» арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу мақсатында «Аналар үйi» дағдарыс орталығында көшпелi кездесу ұйымдастырылды.
1075 брошюра мен буклет таратылды, 2 бейне-ролик түсiрiлдi, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ алаңында екi «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi, онда барлық тiлек бiлдiрушiлерге Мемлекеттiк қызметтердi электрондық үкiмет порталы арқылы алу мүмкiндiгi туралы түсiнiктемелер берiлдi.
Әкiмдiктiң сайтында және әлеуметтiк желiлерде қадамдық нұсқаулықтар орналастырылған. Бөлiм мамандары халыққа электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алуда ақпараттық және практикалық көмектi белсендi көрсетедi, өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштары, ұялы байланыс арқылы қызметтердi алу мүмкiндiгi туралы хабарлайды, жас ата-аналарға «Telegram EgovKzBot» бағдарламасы арқылы баланың тууына қызмет алу мүмкiндiгiн түсiндiремiз.
Бөлiм мамандары әр түрлi сервистер, әлеуметтiк желiлер арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жан-жақты ынтымақтасады, электрондық үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға консультациялық көмек көрсету үшiн қызмет алушының бөлiмде жабдықталған өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышында өтiнiш беруi бойынша түсiнiктемелер берiледi, сондай-ақ шағымдарды болдырмау үшiн қызмет алушылардың проблемалық мәселелерiн шешуге жәрдемдеседi.
2020 жылы екi тексеру жүргiзiлдi;
«Петропавл қаласы әкiмiнiң
аппараты» КММ АХАТ
бөлiмiнiң басшысы Б.Н. Ахметова
2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 219 Азаматтық хал актiлерiн тiркеу және апостильдеу мәселелерi бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандартқа сәйкес, өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру мемлекеттiк қызметi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi ХҚКО); «электрондық үкiметтiң» веб-порталы»; сондай-ақ тiкелей АХАТ бөлiмi арқылы жүзеге асырылады.
АХАТ бөлiмiмен реестрге сәйкес 10 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi соның iшiнде:
Ағымдағы жылдың 12 айында «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ АХАТ бөлiмiмен 19742 қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:
Ең көп сұратылатын мемлекеттiк қызмет.
Мемлекеттiк баж сомасы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 612-бабына сәйкес, мөлшерлемелер бойынша есептеледi және заңдық маңызы бар iс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
Ақылы негiзде:
Барлық 10 стандарт бекiтiлген.
Қызмет беруден бас тартылған қызметтердiң жалпы саны — 403, оның iшiнде: 64 — электрондық түрде берiлген, 339 — қағаз түрiнде берiлген.
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде әлеуметтiк мағынадағы проблемалық мәселелер туындамайды. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi бұзылған емес. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде халықтың тарапынан шағымдар түскен емес. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi қатаң қадағаланады.
Петропавл қаласының АХАТ бөлiмi орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, сонымен қатар, Әдiлет департаментiнiң ғимараттары мемлекет қызмет аларда, ХҚКО қызметкерлерiн шақыратын қажеттi түймешiкпен және мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға арналған арнайы сырғыма баспалдақтармен жабдықталған. Лауазымдық нұсқаулықпен барлық мамандарға мемлекеттiк қызметтi сапалы және уақытылы көрсетуге жеке жауапкершiлiк бекiтiлген.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпарат (стандарттар мен регламенттер) электрондық үкiметтiң сайтында, ХҚКО, АХАТ бөлiмiндегi ақпараттық стендттерде, Петропавл қаласы әкiмiнiң ресми сайтында орнатылған. Сонымен қатар, сенiм телефоны және қабылдау кестесi жарияланған.
Әдiлет департаментi ғимаратының фойесiнде электрондық үкiметке қолжетiмдi өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы орнатылған.
2019 жылы «Мелекеттiк қызметтердi көрсету сапасы» тақырыбындағы бiлiктiлiк арттыру курсынан 3 маман өттi.
Бөлiмнiң барлық мамандары «Электрондық үкiмет» порталымен қолдану оқуларынан өттi.
Электрондық үкiмет порталы арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi және ХҚКО арқылы балама баламалы қызметтердi беру туралы халықты кең ақпараттандыру мақсатында тұрақты негiзде лекциялар және семнарлар өткiзiледi. 2019 жылы «Неке қиюды тiркеуге электрондық өтiнiш беру», «АХАТ саласында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет», «ЭҮП арқылы тууды тiркеу», «Проактивтi нұсқада SMS хабарлама арқылы тууды тiркеу», «Электрондық үкiмет» порталында қызмет алудың басымдылығы», «Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi» тақырыптарына 29 лекция өткiзiлдi. «Электрондық Үкiмет Порталы» арқылы электрондық түрде мемлекеттiк қызметтердi алуға қолжетiмдiлiк және және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету Петропавл қ. № 1, №2 бөлiмдерiнде «Мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және қолжетiмдiлiк» тақырыбында мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнiнде 2 семинар-отырыс жүргiзiлдi. Жалпы — 885 қала тұрғыны қамтылды.
2019 жылы 7 мақала «Qyzyljar nury», «Северный Казахстан», «Проспект СК», «Добрый вечер», «Неделя СК», газеттерiнде жарияланды.
2019 жылы бөлiм мамандары — 2 облыстық радио«Golden City» бағдарламасында, 5 мемлекеттiк қзметтер жәрмеңкесiне қатысты. Барлығы 65 азаматқа кеңес берiлдi, 368 брошюра таратылды. Жылына әлеуметтiк желiде 3 бейнеролик жарияланды.
СҚО ӘД, СҚО әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасының, СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасының, СҚО әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалының, Солтүстiк Қазақстан облыстық адвокаттар коллегиясының, СҚО нотариалды палатасының, «Солтүстiк Қазақстан «Содружество» құқық және медиации орталығы» ҚБ өкiлдерi бiрiгiп, түзету мекемелерiндегi сотталған, жаза мерзiмiн өтеушiлерге түсiнiктеме жұмыстарын жүргiзу және құқықтық көмек көрсету жүргiзу жөнiнде Петропавл қ. ЕС-164/3 мекемесiне — 2 шығу жүзеге асырылды.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы алаңында -2 ашық есiк күнi өткiзiлдi, барлық қалаушыларға электронды АХАЖ мұрағатын қолдану мүмкiндiгiне және электронды портал үкiметi арқылы мемлекеттiк қызмет алуға түсiнiктемелер берiлдi. Барлығы — 130 азамат түсiнiктеме алды.
Петропавл қаласының тұрғындарының арасында құқтық түсiнiктеме жұмыстары жүргiзiлген кезде, бөлiм мамандарымен мемлекеттiк қызметтер, қызмет алушылардың құқығы туралы заңнамаларды, түсiндiру жөнiндегi үндеу парақтары мен буклеттер, сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi ақпараттық брошюралар таратылады.
Тоқсан сайын Петропавл қаласы әкiмiнiң ресми интернет-ресурсында мемлекеттiк қызмет алу ақпарат кестесi орналастырылады.