Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

2021 ж. 21.07. бөлім маманымен «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» тақырыбында Facebook желісінде тікелей эфир өткізілді.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

Шілденің 16 күні бөлім мамандарымен электронды форматта мемлекеттік қызметтерді ілгерілету туралы жадынамалар таратылды.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеуӨткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеуӨткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

Маусымның 17 күні бөлім мамандарымен электронды форматта мемлекеттік қызметтерді ілгерілету туралы жадынамалар таратылды.

***

2021 ж. 10.06. «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ АХАТ б. бас маманы М.А. Исимбаева Facebook арқылы «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» тақырыбы бойынша тікелей эфир өткізді.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

2021 ж. 26.05. «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ  азаматтық хал актілері жазба бөлімінің бас маманы М.А.Исимбаева бөлім мамандармен «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою» тақырыбы бойынша жалпы білім беруді өткізді.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

АХАТ бөлімімен ОТБАСЫ КҮНІне арналған 2021 ж. 14 мамырында баланың туу туралы және неке қию туралы куәліктері салтанатты түрде берілді.

***

Мамырдың 12 күні бөлім мамандарымен электронды форматта мемлекеттік қызметтерді ілгерілету туралы жадынамалар таратылды.

***

«Неке және отбасы» тақырыбында ЕС-164/1 мекемесінде ОТБАСЫ КҮНІне арналған 2021 ж. 13 мамырында дөңгелек үстелге бөлім мамандары қатысты.

***

Сәуірдің 14 күні бөлім мамандарымен құқықтар мен үндеулер және электронды форматта мемлекеттік қызметтерді ілгерілету туралы жадынамалар таратылды.

Проводимые мероприятия и выступления в СМИ Проводимые мероприятия и выступления в СМИ Проводимые мероприятия и выступления в СМИ Проводимые мероприятия и выступления в СМИ Проводимые мероприятия и выступления в СМИ

***

2021 ж. 07.04. АХАТ бөлiмi мамандары және бөлiм басшысымен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес АҚ СҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандары арасында «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы мемлекеттiк қызметтер көрсетудегi проблемалық мәселелер» тақырыбында семинар өткiздi.

***

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

2021 ж. 26.03. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ СҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Петропавл қ. №2 бөлімі алаңында АХАТ бөлімімен электронды мемлекеттік қызметтерді ілгерілету және ақпаратты-түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін Ашық есік күні өткізілді.

Проводимые мероприятия и выступления в СМИ

***

Наурыздың 18 күні бөлім мамандарымен электронды форматта мемлекеттік қызметтерді ілгерілету туралы жадынамалар таратылды.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеуӨткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеуӨткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

2021 ж. 17.03. «Петропавл қаласы әкімінің аппарты» КММ АХАТ б. бас маманы М.А. Исимбаева бөлім мамандарына «Азаматтардың акт жазбасын қалпына келтіру» тақырыбында жалпы білім беруді өткізді.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеуӨткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

2021 ж. 16.02. бөлім маманымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ СҚО бойынша филиалының мамандары арасында «Куәліктер мен мұрағаттық анықтамаларды беру тәртібі» тақырыбында онлайн- семинар өткізді.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

Ақпанның 11 күні бөлім мамандарымен электронды форматта мемлекеттік қызметтерді ілгерілету туралы жадынамалар таратылды.

***

2021 ж. 02.02. бөлiм маманымен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес АҚ СҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Петропавл қ. №2 бөлiмi мамандары арасында «Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу» тақырыбында онлайн-семинар өткiздi.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

2021 ж. 22.01. бөлім мамандарымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ СҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Петропавл қ. №2 бөлімінде «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы» тақырыбында семинар өткізді.

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

***

Құрметтi тұрғындар!

Петропавл қаласының АХАТ бөлiмi «Азаматтарға арналған үкметi» мемлекеттiк корпорациясының модернизациялануына және жаңа форматта жұмыс iстеуiне байланысты, АХАТ бөлiмiнде азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы мемлекеттiк қызметтердi www.egov.kz порталы арқылы және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦК) АХАТ желiсi бойынша алуға азаматтардың ыңғайлығы үшiн, өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды.

Бiздiң мекенжайымыз Петропавл қаласы Конституция көшесi 72 үй телефон 8-(7152)-31-06-26.

***

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы заңнамалық жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президентімен 2019 жылғы 25 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі — Кодекс) 50-ден астам баптарына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістердің басты мақсаты — азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібін жеңілдету, артық құжаттарды талап етуді алып тастау, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін айтарлықтай қысқарту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Атап айтсақ,бала асырап алуды (29-т. 248-256-б.) және әке болуды анықтауды(26-т. 204-219 б.) мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ сот шешімі негізінде неке бұзу секілді акт жазба түрлерін тіркеу (23-б. 2-т.) алынып тасталды.

Мысалы, ерлі-зайыптылар арасындағы некесот тәртібінде бұзылуы тиіс болса, нәтижесінде АХАТ органдарына жүгініп, барып куәлік алуға міндетті (ортақ кәмілетке толмаған балалары, мүліктік даулар, ерлі-зайыптылардың бірі келіспеген жағдайда).

Сот тәртібінде неке бұзылған жағдайда енгізілген өзгерістерге байланысты заңды күшіне енген сот шешімі сотпен «АХАТ» ТП ақпараттық жүйесінде некені бұзу туралы және акттік жазылымдарға некені тіркеу туралы белгіні енгізу үшін АХАТ органдарына жолданады.

Конституцияда және Кодексте кепілдік берілген отбасы құпиясын, бала асырап алудың, баланың шығу тегінің құпиясын сақтаумақсатында әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу тараулары алынып тасталды. Бұл ретте, баланың жеке және ата-анасы туралы деректері туу туралы куәлікте ғана көрсетіледі.

Қазір баланы асырап алған немесе әкелік анықталған кезде балаға 2 куәлік беріледі — асырап алу немесе әке болуды анықтау және туу туралы куәлік. Жаңа өзгерістерге сәйкес артық құжаттарды жою мақсатында азаматтар үшін де, тіркеуші орган үшін де тәртіпті жеңілдету арқылы балаға қажетті тек туу туралы куәлік беріледі.

Енді азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық түрлерін тіркеу, оларға өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу, акт жазбаларды қалпына келтіру және жою, қайталама куәліктер мен анықтамаларалу бойынша мемлекеттік қызметтер эксаумақтық қағидат бойынша көрсетіледі.

Мысалы, құжаттарын (туу туралы, қайту туралы, некені тіркеу туралы, некені бұзу туралы, баланы асырап алу туралы, әкелікті анықтау туралы, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлікті) жоғалтқан жағдайда, азамат қай аймақта тұратына, туған жеріне қарамастан,кез-келген тіркеуші органға барып, қайталама туу туралы куәлігін (анықтама) ала алады.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды (сот шешімдері, медициналық анықтамалар, Қазақстан Республикасында тіркелген актілер туралы ақпарат және т.б.) азаматтармен мемлекеттік органдарға ұсыну қажеттілігі жойылды.

Ата-аналардың таңдауы бойынша SMS-хабарлама арқылы тууды проактивті жолмен тіркеу мүмкіндігі заңнамалық түрде реттелді.

Сонымен қатар, бала перзентханада туылса, анасының жеке басын куәландыратынқұжатының болмауына қарамастан,нәрестеге міндетті түрде туу туралы куәлікберіледі (3-т. 187-б. 1-т.).

Шетелде туылған балалардың тууын тіркеуге негіз болатын құжаттардың тізімі кеңейтілді. Бүгінгі таңда шетелде туылған баланың туу туралы мәлімет ақпараттық жүйелерде жоқ, себебі туу туралы куәлік шетелдің тіркеуші органдарымен берілген (188-б.).

Қазақстан Республикасының сыртында туған баланы туу мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде, немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда ата-аналарының қалауы органына немесе екеуінің бірі осы Кодекспен белгіленген мерзімде шетел тіркеу органдарындағы тіркеуден тәуелсіз келесі құдаттардың бірін ұсына отырып, тіркей алады:

  1. Туу туралы куәліктің тұпнұсқасын;
  2. Туу туралы акттік жазылымның көшірмесін;
  3. Туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасын.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, тту туралы факті анықтау үшін сот шешімінің көшірмесі ұсынылады.

Осыған орай, егер баланың ата-анасы Қазақстанның туу туралы куәлігін рәсімдегісі келсе, олар қалауы бойынша тіркеуші органғабарып, шетелде берілген туу туралы куәлікті (қажет болған жағдайда апостиль мөрі қойылған немесе заңдастырылған), туу туралы акттің көшірмесін, туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасын ұсынса жеткілікті.

Баланың нақты туылған жері көрсетіліп, Қазақстан Республикасында белгіленген үлгідегі жаңа туу туралы куәлік беріледі.

Мысалы, бала Өзбекстанда туылса, ата-анасы туу туралы куәлігін тіркеуші органға ұсынып, баланың туған жері Өзбекстан деп көрсетілген Қазақстанның туу туралы куәлігін ала алады.

ТМД елдерінде берілген құжаттарға апостиль қою немесе заңдастыру қажет еместігін атап өту қажет.

Бұл новелла шетелде туылған Қазақстан Республикасы азаматтарымен өз балаларына қатысты толыққанды мемлекеттік қызметтерді: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұру, денсаулық сақтау ұйымдарына тіркелу, жәрдемақы алу, қарыз жүктемесін алып тастау және т.б. алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 53-б. 2-т. балаға ата-анасы қосарланған есім бергісі келсе, оның есімін дефис арқылыжазу және әкесінің аты қосарланған болса, баланың әкесінің атындефис арқылы дұрыс жазумүмкіндігі қарастырылды. Мысалы, әкесінің аты Әли-Асқар болса, оған Әли-Асқарович немесе Әли-Асқарұлы деген әкесінің атын беруге болады.

Қазіргі кезде қайтыс болған азаматтың тумалары қайтыс болу туралы куәлікті алу үшін тіркеуші органға жүгінуі қажет.

Бірақ отбасында қайғылы жағдай орын алып, тума-туысы тіркеуші органға келуге мүмкіндігі болмайтын немесе қайтқан адамның мүлдем тумалары жоқ болатын жағдайларда кездеседі, онда Кодекстің 270-бабы негізіндеегер мәлімдеме беруге уәкілеттік берілген адамдар медициналық ұйым белгіленген нысандағы құжатты берген немесе соттың қайтыс болу фактісін анықтау немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бермесе, онда тіркеуші орган акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге келіп түскен қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу негізіне сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы жазбаны өз бетінше жүргізеді.

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеу органында жүзеге асырылады.

АХАТ саласындағы өзгерістер халықтың едәуір уақытын қаржылай шығынын үнемдеуге және мемлекеттік қызметтерді аса сапалы пішімге көшіруге мүмкіндік береді.

Баланың тууын онлайн е.gov.kz порталы арқылы тiркеу (ҚР электронды үкiмет порталы) (ZIP 363 Kb)

Некенi тiркеуге электрондық өтiнiш беру (ZIP 250 Kb)