Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу

«Еңбек жолы»-2021

Ағымдағы жылы арнайы жобаны өткізу және «Еңбек жолы» республикалық конкурсының (бұдан әрі – конкурс) лауреаттарын марапаттау тамыз-қыркүйек айларына жоспарланып отыр.

Осыған байланысты, конкурсты өңірлік деңгейде ұйымдастыру үшін:

  1. а.ж. 15 наурызға дейін әкімдіктердің веб-сайттарында және БАҚ-та ақпаратты орналастыру арқылы, конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтініштер қабылдаудың басталуы туралы хабарлау қажет;
  2. а.ж. 15 наурыздан бастап 01 шілдеге дейін конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру қажет.

«Еңбек Жолы» конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес «Еңбек Жолы» облыстық конкурсына қатысу үшін 2021 ж. 01.07. күні дейін үміткерлерден алынған ресімделген материалдарды дейінгі мерзімде Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64 «СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-не қолма-қол түрде ұсыну қажет.

Конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын облыстық комиссия, ал конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздарын республикалық комиссия айқындайды.

«Еңбек Жолы» конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар «СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-нің ресми сайтында жарияланды.

***

Әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi үшжақты комиссия өткiзу туралы ақпарат

Жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 14 сәуiрде Әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi қалалық үшжақты комиссияның отырысы өттi.

Қоғамдағы әлеуметтiк тұрақтылық көбiнесе жұмыс берушiлер мен жұмысшылардың өз құқықтары мен мiндеттерiн сақтауына, жалақыны уақтылы төлеуге, еңбектi ұйымдастыруға және жұмыспен қамтылған халыққа жеңiлдiктер мен кепiлдiктер беруге байланысты. Қадағалау және бақылау органдарының, атқарушы билiк органдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сындарлы өзара iс-қимылы мақсатында қалада жедел ақпарат алмасу жүзеге асырылады.

Қалыптасқан жағдайды талқылау және осы мәселелер бойынша шаралар қабылдау үшiн отырысқа Петропавл қаласының кәсiпорындары, ұйымдары, мемлекеттiк кiрiстер басшылары, кәсiподақ ұйымдарының өкiлдерi шақырылды.

Келесi мәселелер қаралды:

Әлеуметтiк аударымдар және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек туралы

Петропавл қаласының кәсiпорындарындағы жалақы бойынша берешек мониторингi туралы.

әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi қалалық үшжақты комиссия мүшелерiнiң құрамына жұмыс берушiлер тарапынан ұсынылатын кандидатураны енгiзу.

***

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесi

Бос орындар жәрмеңкесi — жұмысқа орналасуға көмектесудiң тиiмдi тәсiлдерiнiң бiрi.

Осылайша, 2021 жылғы 18 наурызда, 1 және 16 сәуiрде Н. Погодин атындағы облыстық театр ғимаратында және қалалық мәдениет үйi бос орындар жәрмеңкесi өттi.

Жұмыс iздеп жүрген адамдарға қаланың 80 кәсiпорны мен ұйымы бойынша 700 астам бос жұмыс орны ұсынылды.

Бос орындар жәрмеңкесiне 29 кәсiпорын мен ұйым қатысты: «ПетропавловскСпецКомунСтрой» ЖШС, «Құрылыс Сервис СК» ЖШС, «Коммунхоз» ЖШС, «Севимсталькон» ЖШС, «Мирас групп» ЖШС, «ЛивКосСевер» ЖШС, Петропавл Коммунхоз, «Strongservis» ЖШС және басқалар.

Құрылыс саласында бос жұмыс орындарының тапшылығы байқалады, ол 259 бос жұмыс орны, олар бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы оқытуға өтiнiмдер берiлiп, кейiннен жұмысқа орналастырылды.

Құрылыс саласы бойынша ең сұранысқа ие мамандықтар тас қалаушылар, монтажшылар, дәнекерлеушiлер, қосалқы жұмысшылар, бетоншылар, арматуршылар, прорабтар, плиткашылар, электриктер, сылақшы-сыршылар болып табылады.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қала бойынша 4 оқу орталығы оқытумен айналысады.

Жұмыссыздардың бар болғаны 3 ай iшiнде тегiн оқудан өту мүмкiндiгi бар, бұл ретте ай сайын 21 787 теңге мөлшерiнде стипендия, сондай-ақ медициналық тексерiп-қарау шығындары үшiн 5 834 теңге мөлшерiнде өтемақы алуға болады.

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжi базасында құрылыс мамандықтары бойынша оқыту басталды және бүгiнгi күнi 48 адам оқуға кiрiстi.

Құрылыс мамандықтарына оқыту бойынша оқу орталықтарының тiзiлiмiне енгiзу бойынша жұмыстар қосымша жүргiзiлуде.

Жұмыс берушiлердi оларда бар бос жұмыс орындарын ұсынуға, ал әлеуеттi қызметкерлердi — олар үшiн қолайлы жұмыс iздеуге кеңiнен тарту үшiн, оның iшiнде жұмыс берушiлермен тiкелей байланыс арқылы, 3 бос орын жәрмеңкесi өткiзiлдi.

Бос орындар жәрмеңкесiне 300 астам адам қатысты.

Алдағы уақытта Бос орындар жәрмеңкесiн апта сайын өткiзудi жоспарлап отырмыз.

Қала тұрғындарына жұмысқа орналасу, оқу, жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысу мүмкiндiгi туралы нақты түсiндiру мақсатында сәуiр айынан бастап Мобильдi жұмыспен қамту орталығы жұмыс iстей бастайды, ол Сауда орталықтарында жұмыс iстейтiн болады.

Биыл алғаш рет жұмыссыздарға бос жұмыс орындары туралы СМС хабарлау, сондай-ақ кәсiптiк оқыту курстарынан өту мүмкiндiгi бойынша жұмыс басталды.

Келесi Бос орындар жәрмеңкесiнiң өтетiн күнi туралы ақпарат Петропавл қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының ресми сайтында орналастырылатын болады.

***

2021 жылғы 17 ақпанда Петропавл қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының фейсбук ресми парақшасында жұмыспен қамту орталығының бөлiм бастығы А.А. Жәкенованың Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасы және оларды электрондық форматта ұсыну, әлеуметтiк қызметтер порталын, e-gov порталын пайдалану мәселелерi бойынша сөз сөйлеуi өттi.

Тiкелей эфир барысында бiрқатар сұрақтар қойылып, толық жауаптар берiлдi. Сұрақтардың көпшiлiгi жұмыссыз ретiнде есепте тұрғаны және оның әрекет ету мерзiмi туралы анықтама алуға, «Бастау Бизнес» курстарынан өтуге және жұмыспен қамту бағдарламаларының қатысу амалдарына қатысты болды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=895221661251974&id=100022924445870&sfnsn=mo

Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу Өткізілетін іс-шаралар және БАҚ сөз сөйлеу