Жаңалықтар
Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарларды шешу

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi Комитетiнiң және оның аумақтық басқармаларының қызметiндегi басым бағыттардың бiрi есепке алу-тiркеу тәртiбi саласындағы заңдылықты қадағалау — құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды есепке алу, тiркеу және шешу болып табылады.

Тiркеуден өтпеген, сондай-ақ негiзсiз шешiм қабылдау арқылы есептен жасырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылады.

Егер Сiз қылмыстың құрбаны болсаңыз, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлағансыз, бiрақ олар қылмыстық iстi тiркеуге шаралар қабылдамаса немесе Сiздiң өтiнiшiңiздi негiзсiз қараусыз қалдырса, Сiз құқықтық көмек алу үшiн Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi Комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасына мына мекенжай бойынша хабарласуыңызға болады: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесi, 38 немесе мына телефондарға қоңырау шала аласыз: 8 (7152) 36-04-07, 36-08-50, 36-05-49.

Комитеттiң өтiнiштерiн тиiсiнше қарамау мәселелерi бойынша жедел ден қою мақсатында «SMS-хабарлама» функционалы әзiрлендi, оны Басқарма белсендi пайдаланады.

Өтiнiш берушiге автоматты режимде, байланыс арқылы қабылданған шешiм туралы хабарланады, қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда SMS көрсетiлген телефон нөмiрi бойынша жүгiнуге болатындығы түсiндiрiледi.

Ағымдағы жылдың 9 айында функционал шеңберiнде Басқармаға 1 000 жуық өтiнiш келiп түстi, барлығы бойынша толық түсiнiктемелер берiлдi, қажеттi шаралар қабылданды.

Қылмыстарды есептен жасыру өңiрде саналы қолайлы криминогендiк ахуал туғызуға әкеп соқтырады, қылмыстарды жасыруға тырыспау керек, осылайша сiздiң конституциялық құқықтарыңыз бұзылады.

ҚР БП ҚСжАЕК-нiң СҚО бойынша Басқармасы

Жариялау күні: 22.09.2021

Қарау саны: 514