Жаңалықтар
Құрметтi қалалықтар!!!

Құрметтi қалалықтар!!!

Сiздердiң 2022 жылғы 5 маусымда өтетiн Республикалық референдумға қатысу — азаматтық құқығыңызды iске асыруға кең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету аясында Петропавл қаласының әкiмдiгiнде 2022 жылғы 12 мамырдан бастап 50-30-14, 50-21-75 нөмiрлерiмен Call-center  — арнайы анықтама қызметi жұмыс iстейдi.

Call-center жұмыс уақыты күн сайын (дүйсенбi-жексенбi) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.

Петропавл қаласы әкiмдiгi ресми сайтының бас парақшасындағы Референдум 05.06.2022 бөлiмiнде http://izbiratel.sko.kz/ сiлтемесi бойынша өтiп, арнайы көрсетiлген жолаққа жеке сәйкестендiру нөмiрiн (ЖСН) енгiзе отыра, өздерiңiздi азаматтар тiзiмiнде тексере аласыздар.

Сонымен қатар, https://t.me/SailauSkoBot сiлтемесi бойынша өтiп TelegramBot арқылы өздерiңiздi азаматтар тiзiмiнде тексеруге болады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 20 мамырдан 2022 жылғы 4 маусымға дейiн өз сайлау учаскелерiңiзде өздерiңiздi азаматтар тiзiмiнде тексере аласыздар.

Жариялау күні: 13.05.2022

Қарау саны: 501