Жаңалықтар
Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық қабылдау өткізеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп және аумақтық кәсіпкерлер палатасының, «AMANAT» партиясының облыстық филиалының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысумен коммуналдық салаланың проблемалық мәселері бойынша қоғамдық қабылдау жүргізеді.

Тұтынушыларды қабылдау 2022 жылғы 4 қыркүйекте сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің парақшасында тікелей эфирде онлайн режимде келесі сілтеме бойынша өтеді: https://www.facebook.com/profile.php?id=100043427352343.

Осыған байланысты, Департамент облыс және Петропавл қаласы тұрғындарын, басқа да мүдделі тұлғаларды коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша қабылдауға қатысуға шақырады.

Сонымен қатар, әр адам өз сұрақтарын осы хабарламаның астына қалдыруына болады, тікелей эфир барысында осы сұрақтарға жауап беріледі.

Анықтама үшін телефондар: +7(7152)53-42-55, +7(7152)53-42-30.

Жариялау күні: 27.09.2022

Қарау саны: 619