Жаңалықтар
Петропавл қаласында «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС және «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның нысандары бойынша баспасөз-туры өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Комитет жұмысының негізгі бағыттарын жария ету жөніндегі Медиа-жоспарды орындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің міндеттемелерін, атап айтқанда инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау шеңберінде баспасөз-турларын өткізуді көздейді.

2022 жылғы 18 тамызда сағат 11:00-де «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-ның нысандарына, одан соң Петропавл қ. М.Жұмабаев,66 мекенжайы бойынша орналасқан «Севказэнергосбыт» ЖШС-на бару жоспарлануда.

Осыған байланысты, Департамент осы іс-шараға мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Қатысу туралы ақпаратты dkrem.sko@economy.gov.kz Департаменттің электрондық мекенжайына жолдауды немесе +77152534255 телефонына қоңырау шалуды сұраймыз.

Объектіге шығу үшін жиналу орны: облыстық мәслихат, көлік Горький көшесі жағынан беріледі, объектіге шығу уақыты сағат 10.30-да.

Жариялау күні: 17.08.2022

Қарау саны: 1010