«Петропавл қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ-сінде мемлекеттік тіл сайты жұмыс істейді. Сілтемесі: http://culture-petropavl.sko.kz/
28.06.2019 ж.
Мемлекеттiк қызметшiлер аралық емтихан тапсырды
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығын iске асыру мақсатында 2019 жылғы маусым айының 26-28 аралығында қала әкiмдiгiне бағынышты мекемелерiнiң қазақ тiлiн оқыту топтарының тыңдаушылары арасында а.ж. I жартыжылдық бойынша емтихан өттi. Сынақ «Қазтест» жүйесi бойынша болды. А1, А2, В1 деңгей тапсырмалары тыңдалым, лексика-грамматикалық, оқылым, диктант бөлiгiнен құралған. Сондай-ақ, латыннегiздi қазақ әлiпбиi мен емле ережелерiнiң құрылымын, емле нормаларының негiздерi түсiндiрмелерiне байланасты әңгiме қозғалды.
«Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі» индикатор көрсеткішінің мемлекеттік тілге байланысты зерттеуі бойынша сауалнамаға жалпы 100 адам тысты.
Оның ішінде 57 қазақ ұлты, 26 орыс ұлты, 17 — өзге ұлт өкілі.
15 бен 19 жас аралығындағы саны 24, 30-45 дейінгі жастар саны — 43, ал 46-65 дейінгі жас аралығындағы саны — 30.
Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау сауалға 44 қызметкерлер еркін сөйлеймін, оқимын, жазамын; 23 еркін сөйлеймін, оқимын, бірақ жазбаймын; 33 респондент түсінемін, бірақ жауап беруге қысылып — қымтырыламын, немесе түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын, білмеймін деп жауап берді.
Ұлтаралық қарым-қатынаста қай тілді қолданасыз? 49 респонденттер ұлтаралық қарым-қатынаста қазақ тілін қолданалады, 50 орыс тілін қолданалады.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі қазіргі кезде жүзеге асырылған ба? 70 респондент мемлекеттік мәртебесі қазіргі кезде жүзеге асырылған; 4 мемлекеттік мәртебесі қазіргі кезде жүзеге асырылған жоқ; 26 респондент жауап беруге қысылып — қымтырыламын дейді.
Қоғамдық орындарда мемлекеттік тіл сұранысқа ие ма? Қоғамдық орындарда мемлекеттік тіл сұранысқа ие ма деген сұраққа 77 респондент мемлекеттік тіл сұранысқа ие де жауап берсе, 2 сұранысқа ие емес, 21 жауап беруге қысылып — қымтырыламын дейді.
Мемлекеттік мекемелерде қазақ тілінде құжат толтыруға не кедергі? 55 респондент қазақ тілін білмегендіктен деп санайды, 4 орыс тілін білмегендіктен, 41 тағы басқа жағдайлар.
Жалпы сауалнама өткізу нәтижесі бойынша «Қазақ тілін меңгеру деңгейі» 44% құрайды.
03.06.2019
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi Тiл саясаты комитетi Ш. Шаяхметов атындағы «Тiл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы СҚО әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасымен бiрлесе ағымдағы жылдың 30-31 мамыр күндерi Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде «Жаңа емле: құрлымы мен мазмұны» атты республикалық дәрiс-семинар ұйымдастырды.
Республика көлемiнде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тiлiмiздiң жүйесiн, емле ережелерiн ғылыми негiзiн түсiндiре алатын бiлiктi мамандар дайындаудың маңызы өте зор.
Дәрiс-семинар мақсаты — латыннегiздi қазақ әлiпбиi мен емле ережелерiнiң құрылымын, емле нормаларының ғылыми негiздерiн ересек аудиторияға оқыта, түсiндiре алатын бiлiктi тренерлер дайындау.
Тыңдаушыға қазақ әлiпбиiнiң қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, әрiп-фонема арақатынасы, қазiргi айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат берiлдi.
Ересектерге латын әлiпбиiн үйрету кезiнде мүмкiндiктерiн дамытып, бiлiмiн толықтырылды. Жаңа емле ережелерiн үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен әдiс-тәсiлдердiң ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк қағидалары қолданылды.
12 сағаттық дәрiстiң соңында латыннегiздi қазақ жазуын меңгертетiн Тiл оқыту орталығының 55 тренерi (оқытушылары) сертификатқа ие болды.
Семинарға өңiрдегi оқу орталықтарының оқытушылары мен әдiскерлерi, мекеме қызметкерлерi, БАҚ, баспа қызметкерлерi қатысты.
21.05.2019
Қазақстан Республикасында тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру және орындау мақсатында 2019 жылғы 1 жартыжылдығы бойынша мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiн анықтау үшiн мемлекеттiк мекеменiң мемлекеттiк қызметкерлерi және қызметшiлер арасында әлеуметтiк сауалнама ү.ж. 31 мамырға дейiн жүргiзiлетiнiн хабарлаймыз.
Байланыс телефоны: 36-12-22.
21.05.2019
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк органдарында мемлекеттiк тiлдiң рөлiн арттыруға бағытталған мемлекеттiк қызметшiлер күнiне орай 2019 жылғы 5 маусым күнi сағат 15.00-де И. Шухов атындаңы кiтапханада «Үздiк қызметкер» атты байқауын өткiзудi жоспарлап отыр.
Осыған байланысты байқауға мекемеден 1 үмiткер қатыса алады.
Телефоны: 36-12-22.
08.05.2019 ж.
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ мамыр айында «Мемлекеттiк тiл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты қалалық байқауын өткiздi.
Байқаудың мақсаты мемлекеттiк тiл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен насихаттау, мемлекеттiк тiлдiң қазақ тiлдi, әсiресе орыс тiлдi басылымдарда насихатталу белсендiлiгiн арттыру.
Байқауға ҚР журналистер одағының мүшесi,облыстық заң кеңесшiлерiнiң палатасының мүшесi, аудармашы — Қайрат Дүйсенбi, «Молодежная жастар» газетiнiң фотокорреспондентi — Владимир Холод, «Солтүстiк Қазақстан» газетiнiң бас редакторының орынбасары — Нұргүл Оқашева, «Қызылжар Ақпарат» ЖШС «Солтүстiк Қазақстан» газетiнiң тiлшiсi — Есдәулетова Ақмарал, «Северный Казахстан» газетiнiң редакторы Шейкина Татьяна қатысты. Үмiткерлерден «Үздiк мақала» номинациясы бойынша өтiнiм келiп түстii. Үздiк деп танылған мақалалар облыстық байқауға жолданды.
Өз тақырыптарында үмiткерлер тiлдi насихаттап, аясын кеңейту мақсатында мақаланы жариялап, ой пiкiрлерiн қозғады.
Байқауға қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
09.04.2019 ж.
9 сәуiр күнi И.Шухов атындағы ОҚК-ның қызметкерлерi арасында Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шыққанына 2 жыл толуына орай «Қайнар көзге оралу» атты дөңгелек үстел өттi. Шараға шақырылғандар: Таласпаева Жанар Серкешқызы — М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дiң профессоры, «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалау кеңсесiнiң басшысы, Мұхамеджанов Жанат Қабдолрахимұлы — «Қызылжар» ЖШС қосымша бiлiм беру және қызмет көрсету орталығының директоры, Сыздықова Алтынай Қожабайқызы — Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң тiлдер бойынша бас маманы. Жанар Серкешқызы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын iске асыру туралы әңгiмелеп, толығырақ «Рухани қазына», «Туған жер» атты кiшi бағдарламаларға тоқталды. Латын графикасы туралы Жанат Қабдолрахимұлы әңгiмелеп, әрiптердiң жазылуын тәжiрибе жүзiнде көрсеттi. Алтынай Қожабайқызы кириллицадан латын алфавитiне көшу кезең-кезеңмен өтетiнiн айтып кеттi. Қорытындысында кiтапхананың директоры Гүлнәзия Тоқыбайқызы қонақтарға қол жетiмдi ақпарат үшiн алғыс айтты.
09.04.2019 ж.
«Петропавл қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ 2019 жылғы сәуірдің 8-і күні мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын өткізеді.
Байқау мынадай тапсырмалардан тұрды:
Байқау шарттары:
Байқауға 17-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алды.
Байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:
Қазылар алқасының мүшелерімен бағаланған байқауға қатысушы үміткерлердің қорытындысы анықталды:
I орын — Гайнуллина Алина, бірінші гимназиядан, тарих пәнінің мұғалімі;
II орын — Ботпай Әйгерім, Петропавл қаласы құрылыс-экономикалық колледжінің студенті;
III орын — Қаппассова Жанаргүл, № 20 орта мектебінің бастауыш сыныбының оқытушысы.
Байқау жеңімпаздары, қатысушылары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
08.04.2019 ж.
Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан облысының 2017-2019 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылғы 5 сәуiрде «Latyn grafıkasyndaǵy qazaq tiliniń emle erejesi jáne oqytý ádistemesi» атты республикалық семинар өткiзiлдi.
Семинардың мақсаты мен мiндетi: қазақ әлiпбиiн латын қарпiне көшiрудiң өзектi мәселелерiн және олардың шешу жолдарын ұсыну. Қазақ тiлiнiң дыбыстық жүйесi және қазақ дыбыстарының латын таңбасымен таңбалануын, жазудың қызметi және қазақ қоғамында қолданылған жазу түрлерiн, латын қарпiне бұрынырақ өткен түркi халықтарының тәжiрибесiн сараптау, латын қарпiне өту бойынша құрылған ресми жұмыс топтарының жұмысымен танысу, жаңадан бекiтiлген емле ережемен танысу және ақпарат беру.
Семинарда қазақ әлiпбиiн латын графикасына көшiру жөнiндегi Ұлттық комиссия мүшелерi, республикамыздың танымал тiлшi ғалымдары сөз сөйледi.
Шараға арнайы шақырылған елiмiздiң белгiлi ғалымдары қатысушылардың қазақ тiлiнiң жаңа емлесiне қатысты толғандырған сұрақтарына жауап бердi. Сонымен қатар жаңа емлеге байланысты өз ойларымен бөлiстi.
Аталған шараға Петропавл қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң маманы және И.Шухов атындағы қалалық кiтапхананың әдiскерi де қатысты.
«Үздік қызметкер» қалалық байқауының ережесі (ZIP 14 Kb)
«Мемлекеттiк тiл және бұқаралық ақпарат құралдары» (ZIP 15 Kb)
26 ақпан 2019 жыл
Байқау Солтүстiк Қазақстан облысындағы географиялық, әкiмшiлiк-аумақтық объектiлердiң тарихи атауларын iздестiру әр ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, тарихи-географиялық атаулардың пайда болу және шығуын анықтау арқылы оқушыларды туған жердi сүюге тәрбиелеу мақсатында өткiзiлдi. Байқауға оқыту тiлiне қарамастан мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң, гимназиялардың 8-11 сынып оқушылары қатыса алды. Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiне солардың iшiнен iрiктеп алып жақсы жазған үмiткерлерден келiп түскен жалпы саны 15. Бұл шығармаларда туған жерге деген сүйiспеншiлiк, патриоттық сезiм байқалады. Экономикасы дамып келе жатқан өлке бәрiмiзге қуаныш сезiм ұялатады, сондықтан оқушыларға мағлұмат алуға, мұғалiмдерге сабақта пайдалануға көмекшi құрал ретiнде өте тиiмдi. Жұмыс сауатты, ұқыпты жан — жақты зерттеу түрде жазылған, деректi материалдармен дәлелденiп орындалған. Шығармада өз елдi-мекендер жайлы, Петропавл қаласында болып жатқан саяси — әлеуметтiк өзгерiстер туралы өз пiкiрiн айта бiлдi. Ойларын бiлiмiмен шыңдап, нағыз азаматтық ұстанымын көрсетiп жазды. Балалар нағыз патриот, отансүйгiш, эстетикалық көзқарасы мен моральдiк принциптерiнiң көрсете бiлдi. Комиссия мүшелерi оқушылардың шығармаларын талқыға салды. Олардың шығарма жазудағы шеберлiгiне, негiзгi ойды ашуына, көркем сөзбен әсерлi бейнелеуiне, негiздемелiгi мен дәлелдiгiне көңiл бөле отырып қазылар алқасы қазақ және орыс тiлiндегi шығармалар үздiк деп ұйғарды.
Қазақ тiлiндегi шығармалар қорытындысы бойынша:
I орын Файзулова Мадина — Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебiнiң 11 сынып оқушысы;
II орын Умарова Аксана — С. Шаймерденов атындағы классикалық гимназиясының 11 сынып оқушысы;
III орын Обыденко Александр — №31 орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы .
Орыс тiлiндегi шығармалар қорытындысы бойынша:
I орын Әлимжанова Сәбина — бiрiншi қалалық жалпы бiлiм беретiн лицейнiң 9 сынып оқушысы;
II орын Глаговская Ольга — № 42 орта мектебiнiң 8 сынып оқушысы;
III орын Шаймергенова Жiбек — № 12 орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы
11 ақпан 2019 жыл
Тiлдердi дамыту жөнiндегi басқарманың 2019 жылға арналған iс-шаралар жоспарына сәйкес 11 ақпанда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кiтапханада «Ересектерге қазақ тiлiн оқытуда интерактивтi сабақтарды қолданудың тиiмдiлiгi» атты облыстық семинар-тренинг өттi.
Семинардың мақсаты — мемлекеттiк тiлдi оқытуда интерактивтi сабақтарды қолданудың тиiмдiлiгi, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру, оқытушыларға практикалық көмек көрсету, шығармашылық жұмысқа ынталандыру, тәжiрибе алмасу болды.
Семинар орталықтың әдiскерлерi мен екеме оқытушыларына арналды.
Шараға қатысушылар қазақ тiлiн оқытуда интерактивтi сабақтарды қолданудың тиiмдiлiгi, ғаламтор жүйесiндегi қазақ тiлiн үйрету сайттарын тиiмдi қолдану, латын графикасын енгiзудегi технологиялар туралы ақпараттармен таныстырылды, қазақ тiлiнiң жазу емлесi талқыланып, латын әрiптерiмен жазу және оқу бойынша практикалық жаттығулар жасалды.
23.01.2019 ж.
22 қаңтарда И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхананың оқу залында көрнектi қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Фаризаның сиқырлы әлемi» атты оқырман конференциясы өттi. Шара мемлекеттiк және орыс тiлiнде өттi. Жүргiзушiлер Фариза Оңғарсынованың өмiрi мен шығармашылығы туралы әңгiмелеп, әдебиет сыншылардың және қазiргi-жазушылардың пiкiрлерiн келтiрдi. Шара барысында электронды презентациялар мен ақынның шығармашылық кешiнiң бейнежазбалары қолданды. Ақынның өлеңдерiн қазақ, орыс, ағылшын және араб тiлiнде №43 о.м. оқушылары Карина Глущенко и Виолетта Крутикова және №5 о.м. оқушысы Арам Сайдлер оқыды. Конференцияға М. Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы Б.Б. Тагудретова мен Солтүстiк-Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының әдебиет бөлiмiнiң қызметкерi И.А. Матвеева қатысты.
13.12.2018 г.
В целях воспитания патриотизма и любви к своему городу и родному языку, привлечение внимания и вовлечения молодежи и школьников к развитию творческого потенциала, расширения кругозора, наблюдательности и эстетического вкуса в решениии поставленных задач в рамках программ «Рухани жаңғыру» Отделом культуры и развития языков акимата г. Петропавловска подведены итоги конкурса «Мой любимый город», приуроченного к празднованию Дня Независимости Республики Казахстан.
Начальник отдела культуры и развития языков акимата города Петропавловска Науанова Мафруза поздравила всех присутствующих с наступающим праздником и выразила уверенность в том, что именно молодежь,как патриоты своей страны, в будущем и дальше будет заботиться о благополучии и процветании нашего города.
Самый главный признак Независимости народа — его родной язык, национальная культура. Осуществление языковой политики проводимой Елбасы — веление времени. Члены жюри учитывая значимость содержания работ отобрали самые лучшие сочинения на государственном, русском и английском языках. Перед награждением конкурсанты поделились своими впечатлениями о том, как преображается наш город, смогли выразить свою любовь и чувства патриотизма, духовные ценности к своему малой Родине.
30.11.2018 г.
Открытый урок «Мой независимый Казахстан», посвященный Дню Первого Президента, был проведен среди государственных служащих на казахском, русском и английском языках, Отделом культуры и развития языка акимата города Петропавловска.
Цель урока: расширить знания о независимом Казахстане; ознакомить с достижениями независимой страны; формировать речевые навыки о родной земле, Родине; воспроизвести и пополнить словарный запаз.
Воспитание чувства гордости за страну, научить правильно произносить слова,улучшение разговорных навыков; развитие навыков общения и мышления; Формирование навыков составления предложения и словосочетания.
На уроке приняла участие начальник отдела культуры и развития языков акимата города Петропавловска Науанова Мафруза, она поздравила всех присутствующих с праздником и пожелала удачи.
Для формирования навыков знаний и умений на уроках казахского языка необходимо в первую очередь найти пути проявления интересов к уроку. Поэтому в процессе урока важную роль играет умение научить мыслить, умение проявить и показать свои творческие способности, мобилизовать свои силы для правильного использования и применения необходимых слов на уроке, знать и рассказать и получать информацию о путях становления независмого государства посредством просмотренных видеороликв и слайдов.
Государственные служащие были разделены на 6 групп и выполняли различные задания. Среди слушателей была выявлена молодежь, свободно владеющая как казахским так и английским языком. А не владеющие языком записали для себя соответствующие слова для дальнейшего пользования. Самый главный признак Независимости народа — его родной язык, национальная культура. Осуществление языковой политики проводимой Елбасы — веление времени.
Также на уроке было рассказано о событиях произошедших 17-18 декабря 1986 года, который имеет большую значимость в истории Казахстана. Участник этих событий поделился своими воспоминаниями.
В процессе мероприятия все слушатели смогли выразить свои чувства патриотизма, духовные ценности и с огромным удовольствием, живо и активно приняли участие на бинарном уроке.
13.12.2018 ж.
Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, тiл мәдениетiн көтеру, патриотизмге және өз қаласын, ана тiлiн сүюге тәрбиелеу, шығармашылық әлеуеттi дамытуға назар аудару, ой-өрiсiн кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк күнiне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастар арасында Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi «Менiң сүйiктi қалам» атты шығармашылық байқауының қорытындысын өткiздi.
Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Мафруза Науанова қатысушыларды аталған мереке күнiмен құттықтап, өзiмiздiң қаламызға деген қөз қарасымыз, сүйiспеншiлiгiмiз болуына зор ықпал, назар аударуымыз қажет екенiн бiлдiрiп, келешекте әр бастамаларға сәттiлiк тiледi.
Халық тәуелсiздiгiнiң ең басты белгiсi — оның ана тiлi, ұлттық мәдениетi. Елбасымыздың жүргiзiп отырған Тiл саясатын iске асыру — өмiр талабы. Қазылар алқасы ең үздiк деп аталған мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлiнде жазылған шығармаларды таңдап алды. Марапаттауға келген қатысушылар туған жерiне,елiне деген ойларымен бөлiсiп, рухани құндылықтар мен отансүйгiштiк сезiмдерiн бiлдiрiп, Петропавл қаласының өркендеуiне ықпал ететiнiне сенiм бiлдiрдi.
30.11.2018 ж.
Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi мемлекеттiк мекеме қызметшiлерiнiң арасында Тұңғыш Президентiнiң күнiне орай бiрiктiрiлген қазақ,орыс,ағылшын тiлiнде «Менiң тәуелсiз Қазақстаным» атты ашық сабақ өткiзiлдi.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы түсiнiктерiн кеңейту. Егемендi ел жетiстiктерi туралы таныстыру. Туған елi, Отаны туралы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздiк қорын молайту, есту сақтау қабiлетiн дамыту, тыңдаушының елiне деген сүйiспеншiлiк мақтаныш сезiмiн тәрбиелеу,сөздердi дұрыс айтуға үйрету, ауызекi сөйлеу дағдысын жетiлдiру; ауызша ойлау мен сөйлесу қабiлетiн дамыту; сөз тiркесiн және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру.
Сабаққа Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Мафруза Науанова қатысып, сабаққа келген мамандардыi аталған мереке күнiмен құттықтап, сәттiлiк тiледi.
Мемлекеттiк қызметшiлер 6 топқа бөлiнiп, әр түрлi тапсырмаларды мүлтiксiз орындап шықты.
Осы сабақта тыңдаушылар өз бетiнше үйрену мен тiлдiк және сөйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, бейнеролик, слайд арқылы көптеген мағлұмат алды. Онда аудирование, мәтiн, сөздiктер,сөз тiркестердi рет-ретiмен тиiстi пайдалана отырып, сөздiк қорын байыту мақсатында, сөйлем құрастыра бiлдi. Жалпы тыңдаушылар мемлекеттiк, ағылшын тiлде еркiн ресми түрде сөйлеп, өз деңгейлерiн көрсете бiлдi.
Сонымен қатар тыңдалым, жазылым, оқылым бөлiктердiң тапсырмалары арқылы сабаққа қызығушылық таныта бiлдi.Тыңдаушылар арасында қазақ тiлiмен қатар ағылшын тiлiн жетiк меңгерген жастар да табылды, ал тiл бiлмегендер өздерiне тиiстi сөздердi жазып алды.
Халық тәуелсiздiгiнiң ең басты белгiсi — оның ана тiлi, ұлттық мәдениетi. Елбасымыздың жүргiзiп отырған Тiл саясатын iске асыру — өмiр талабы. Сабақта Қазақстан мемлекетiнiң тарихында үлкен орын алатын тарихи 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда болған оқиға туралы да айтылды. Осы оқиғаға тiкелей қатысқан адам естелiктерiмен бөлiстi.
Жалпы сабаққа 20 астам тыңдаушы қатысты. Шара барысында сабақты қорытындылай келе барлық қатысушылар рухани құндылықтар мен отансүйгiштiк сезiмдерiн бiлдiрiп, постерге алған-бiлген сөздер арқылы түйiн жасай бiлдi. Сабақ жоғары деңгейде өттi.
Сабақты жүргiзген: А. Сыздықова
23.11.2018
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2018 жылғы 13-шi желтоқсан күнi сағат 15.00-де И. Шухов атындағы қалалық орталық кiтапханада (Брусиловский к-сi, 65) «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастар арасында «Менiң сүйiктi қалам» атты шығармашылық байқауын өткiзедi.
Ережесi қосымша 2 бетте берiлген (ZIP 14 Kb).
23.11.2018
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2018 жылғы 30 қараша күнi сағат 11.00-де қалалық әкiмдiгiнiң 2 қабаттағы 216 кабинетiнде оқу жылының қорытындысын шығару, мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiнiң топтар арасында тыңдаушылардың тiлдi меңгеру деңгейлерiн анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң күнiне орай ашық сабақ өткiзудi жоспарлап отыр.
Осыған орай, мемлекеттiк мекемелерiнiң тыңдаушыларын сабаққа қатысу керек екенiн хабарлаймыз.
14.11.2018 ж.
2018 жылғы 14-i қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң ұйымдастыруымен республика бойынша барлық өңiрлерде бiр мезгiлде «Рухани жаңғыру» тақырыбында жалпыхалықтық диктант өттi. Шараның мақсаты — жаңа қазақ әлiпбиiн насихаттау, латыннегiздi қазақ әлiпбиiн практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.
Аталған диктантқа бөлiмнiң мамандары да белсене қатысып, латыннегiздi әлiпбиде жазу машықтарын жетiлдiрдi.
Жалпыхалықтық диктанттың мәтiнi
Rýhanı jańǵyrý
Elbasynyń «Rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy — tarıhı qujat. Bul qujatta latyn álipbıine kóshý týraly naqty mindet qoıyldy. Jańa álipbı — jańǵyrýdyń qaınary. Álipbı arqyly ulttyq sana kúsheıedi. Álemde bolyp jatqan jańalyqtar osy jazý arqyly qabyldanady. Sondaı-aq bul álipbı qazaq tiliniń tól tabıǵatyn saqtaýǵa múmkindik beredi.
El bolashaǵy jas urpaqtyń qolynda. Latyn qarpine kóshý olardyń bilim jáne ǵylym jolyndaǵy izdenisterine jol ashady. Bul — Qazaqstan úshin damyǵan otyz eldiń qataryna qosylý baǵytyndaǵy ıgi qadam. Rýhanı jańǵyrý — qazaq eliniń jarqyn bolashaǵy.
2018 ж. 30.10.
2018 жылғы қазанның 29-ы «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында (Абай к-сi, 15) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы СҚО жастар мәслихатымен бiрлесiп, «Қала келбетi — көрнекi ақпарат» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл шара облыс орталығындағы көрнекi ақпарат жағдайына, сондай-ақ жүргiзiлген рейдтер қорытындысы бойынша анықталған көптеген тiл заңнамасы талаптарының бұзушылықтарына арналды.
Iс-шараға бейне, -дыбыс жарнамамен айналысатын агенттiктердiң басшылары мен өкiлдерi, Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту, iшкi саясат бөлiмдерiнiң мамандары, облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтары, СҚО Кәсiпкерлер палатасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты, БАҚ өкiлдерi қатысты.
Дөңгелек үстелде осы бағытта Басқарма мамандарымен атқарылған жұмыстар туралы бөлiм басшысы Е. Сұлтанов баяндама жасап, Басқарма басшысының орынбасары Н. Жамантаев және мамандары дөңгелек үстел қатысушыларының сұрақтарына жауап берiп, жарнамашыларға бiрқатар кеңес бердi. Шара барысында қатысушылар өз ой-пiкiрлерiмен бөлiсiп, сондай-ақ көрнекi ақпаратта анықталған заң бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жою жолдары қарастырылып, оларды болашақта болдырмау бойынша ұсыныстар енгiзiлдi.
2018 ж. 26.10.
2018 жылдың 25 қазанында Солтүстiк Қазақстан облысының Петропавл қаласында және Аққайың, Тайынша аудандарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi Тiл саясаты комитетi Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тiл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа қазақ әлiпбиiн енгiзудiң алғышарттары және емле ережелерiн көпшiлiк талқылау» тақырыбында әртүрлi әлеуметтiк топ өкiлдерiнiң арасында ақпараттық-насихаттау шарасы өткiзiлдi.
Шараның мақсаты — латын графикасындағы қазақ тiлi әлiпбиiне көшу кезеңдерiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыстармен таныстыру және әлiпбиге қатысты мәселелер бойынша ақпарат беру. Сонымен қатар жаңа әлiпби негiзiнде әзiрленген емле ережелерiнiң мазмұны мен құрылымын түсiндiру. Шараға қала және аудан тұрғындары, зиялы қауым өкiлдерi, бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi, мемлекеттiк қызметшiлер мен тiлтанушы ғалымдар және БАҚ өкiлдерi қатысты.
2018 ж. 26.10.
2018 жылғы қазанның 25-i күнi Павлодар қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi Тiл саясаты комитетiнiң ұйымдастыруымен «Ұлттық ономастика мәселелерi» республикалық семинар өткiзiлдi.
Аталған семинарға басқарма басшысы К.Оспанов, ономастикалық жұмыс бөлiмiнiң басшысы Е. Сұлтанов, Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi Ә. Сәдуақасова қатысты.
Басқарма басшысы К. Оспанов «Ономастика саласындағы жетiстiктер мен мәселелер» тақырыбында баяндама жасады.
2018 ж. 18.10.
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2018 жылғы 17 қазан күнi «Аударма iсi мен мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзудiң өзектi мәселелерi» мен «Латын графикасына көшу — рухани жаңғырудың басты құндылығы»тақырыбына байланысты семинар өткiздi.
Семинардың мақсаты мен мiндеттерi:
Семинарға СҚО тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының мамандары, қалалық, мемлекеттiк мекеме қызметкерлерi, кәсiпорын және ұйым, жергiлiктi және аумақтық атқарушы органдарының iс жүргiзушiлер, редактор-аудармашылар, тiл мамандары қатысты.
Баяндамашылар:
Сондай-ақ, тiлдi сақтап қалу мақсатындағы ролiнiң өзектi мәселелер бойынша талқылау жүргiзiлдi, iс-шараға қатысқан қауым өкiлдерi осы тақырыпқа өз пiкiрлерiн ортаға салып, ойларын айтып, ұсыныстар қоя бiлдi. Семинар барысында көптен берi мемлекеттiк тiлге көп назар аударып, белсендiлiк танытқан мамандарға алғыс хат және сертификат тапсырылып алда қойылған жоспар талқыланды.
12.10.18
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2018 жылғы қазанның 17-i күнi сағат 15.00-де И. Шухов атындағы орталық кiтапханада (Петропавл қ., Брусиловский көшесi, 65) «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңның, Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мекеменiң мемлекеттiк тiлдегi құжаттар редакторлары, iс жүргiзушiлер мен үйiрме жетекшiлерiнiң қатысуымен «Аударма iсi мен мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзудiң өзектi мәселелерi» және «Латын графикасына көшу — рухани жаңғырудың басты құндылығы» тақырыбына байланысты семинар өткiзудi жоспарлап отыр.
28.09.18
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы 2018 жылғы қыркүйектiң 27-i күнi Ғ. Мүсiрепов ауданы Новоишим ауылының «Мәдениет үйiнде» Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХХ облыстық фестивалi аясында қазақстандықтардың тiл мәдениетiн дамытуға және ұлттық дәстүр мен өнердi насихаттауға бағытталған «Тектi сөздiң төресi — терме» жыршы-термешiлердiң облыстық байқауын өткiздi.
Байқауға аудандық, қалалық кезендердiң 11 жеңiмпазы қатысты.
Үмiткерлер ел бiрлiгi туралы, Алашорданың 100 жылдығы, Қазақстан халқын топтастырудағы тiлдiң маңыздылығы туралы тақырыптағы термелер орындады.
Қазылар алқасы мүшелерiнiң шешiмi бойынша Бас жүлденi — Ғалымжан Нүрпеисов (Петропавл қаласы), 1-орынды Нұрқасым Хасенов (Ақжар ауданы), 2-орынды Таңнұр Әлбосын (Айыртау ауданы), 3-орынды Зейiн Мұқият (Есiл ауданы) иелендi.
Сонымен қатар, «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша Дамир Есболов (Қызылжар ауданы) марапатталды.
Байқау жеңiмпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
23.09.18
2018 жылғы қарашаның 1-2 күндерi Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық тестiлеу орталығы қызметкерлерiнiң қатысуымен «Қазтест» жүйесi бойынша сертификаттық тестiлеу өтедi.
Осыған орай, аталған шараға сертификатқа тапсырамын деген қызметкерлердiң тiзiмiн жiберудi сұраймыз.
Сертификаттық тестiлеу — ақылы, құны — 4841 теңге.
19.09.2018
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2018 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ілеспе аударманы оқыту, тіл мәдениетін жетілдіру» атты семинар қыркүйектің 18-19 күндері Петропавл қаласында өтті.
Аталған шараға қала әкімдігінің мамандары, білім, балабақша мекеме аудармашылары қатысты.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы, профессоры Дина Әнесқызы Есенжан тақырыпқа сәйкес дәріс оқыды. Семинар соңында қатысушыларға сертификат берілді.
19.09.2018
«Петропавл қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ жыл сайынғы «Мың бала» мәдени-ағарту жобасын іске асыру мақсатында «Астана — бейбітшілік бесігі» тақырыбымен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізуді жоспарлауда.
Диктант өткізудің басты мақсаты — жеке сауаттылықты тексеру, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру. Осы акция қазақстандықтардың белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымын білдіру және қазақ құндылықтарын танымалдану ретінде қарастырылады.
Диктант 2018 жылғы 20 қыркүйекте сағат 11.00-де қалалық әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
10.09.2018
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХХ фестивалi аясында мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу мақсатында 2018 жылғы 7 қыркүйiгiнде «Тiлдарын» қалалық байқауын өткiздi.
Қалалық байқауының өткiзiлу мақсаты мен мiндеттерi: үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау, тiлдiк қарым-қатынас мәдениетiн қалыптастырып, көп тiлдi меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының тiл саясатын жүзеге асыру, тiлдi меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру.
Байқауға 18 мен 22 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алды.
Қазылар алқасы үмiткерлерге берiлген тақырыптың мазмұнын толық ашу; берiлген тақырып бойынша эссе жазу; мәтiнге iлеспе аударма жасау тапсырмалары бойынша баға бердi.
Тiлдердi меңгеру деңгейiн, жазу сауаттылығын бiлiмдерiн қорытындысын қазылар алқасы бағалады:
Бiлiм сынағында келесi жеңiмпаздар анықталды:
I орын Сыдыкбекова Алуа — М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нiң студентi;
II орын Несiпбай Арнұр — Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты;
III орын Тлеуова Назгүл — қазақ-мектеп гимназиясының ағылшын тiлi мұғалiмi;
III орын Аюпова Балбота — М. Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектеп-лицейiнiң мұғалiмi
Байқаудың жеңiмпаздары мен қатысушылары диплом, алғыспен марапатталды.
«Тілдарын» қалалық олимпиадасын өткізу ережесі (DOC 45 Kb)
03.09.2018
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы қыркүйек айынан бастап мемлекеттiк қызметшiлерге қазақ және ағылшын тiлi үйiрмесi жұмысын жалғастырады.
Өтетiн орны: қалалық әкiмдiгiнiң 2 қабатындағы 216 кабинет. Бұрыңғы кесте бойынша.
2018.08.08.
«Қазтест» жүйесiнiң мақсаты — азаматтардың қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн бағалау және талапқа сәйкес сертификаттау. «Қазтест» еуропалық тiл бiлiмiнiң стандарттарына сәйкес келетiн 5 деңгейден (А1 — қарапайым деңгей, А2 — базалық деңгей, В1 — орта деңгей, В2 — ортадан жоғары деңгей, С1 — жоғары деңгей) тұрады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығын бекiтiлген Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында «Қазтест» жүйесi арқылы анықталатын мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мемлекеттiк қызметшiлердiң үлесi 2017 жылға қарай — 25%, 2020 жылға қарай 35%, С1 деңгейiнде 2017 жылға қарай — 5%, 2020 жылға қарай 15%, мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мемлекеттiк қызмет көрсететiн ұйымдардағы қызметкерлердiң үлесi 2017 жылға қарай — 10%, 2020 жылға қарай 20%, С1 деңгейiнде 2017 жылға қарай — 5%, 2020 жылға қарай 10% арттыру бойынша нәтижелi көрсеткiштер көзделген.
Осыған орай жылда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық тестiлеу орталығының қызметкерлерiмен «Қазтест» жүйесi оқылым, оқылым, лексика бөлiктерi бойынша диагностикалық және сертификаттық тестiлеу өткiздi.
Петропавл қаласы әкiмiдiгi бөлiмдерiнен сынаққа а.ж. 1 жартыжылдығында 32 мемлекеттiк қызметшiлер қатысты. 31-64 — тiл үйренушi қарапайым деңгейде (А1) меңгерген; 65-104 — базалық деңгейде (А2) меңгерген; 105-119 — орта деңгейде (В1) деңгейде меңгерген; 120-134 — ортадан жоғары (В2) меңгерген; 135-145 — жоғары (В1) деңгейде меңгерген деп есептеледi.
Тыңдалым, оқылым, жазылым, көрсеткiштерi бойынша «Казтест» нәтижелер талдауы анықталады.
Осы жолы қазақ тiлi сабағының тыңдаушылары келесi нәтиженi көрсеттi: А1 — қарапайым деңгейдi 5 адам өттi; А2 — базалық деңгейдi 16 адам өттi; В1 — орта деңгейдi 6 адам өттi; В2 — ортадан жоғары деңгейдi 4 адам өттi; С1 — жоғары деңгейдi 1 адам өттi.
Қыркүйек айында «Қазтест» жүйесi бойынша қалған үмiткерлер «Қазтест» сынағынан өтетiн болады.
Мемлекеттiк тiл саясатын қолдану, дамыту, насихаттау мақсатында ү.ж. 13 маусым күнi «Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты байқау ұйымдастырылды. Аталмыш байқау Петропавл қалалық әкiмдiгiнiң мемлекеттiк мекеме бөлiмдерiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi арасында өттi.
Елордамыз Астананың мерейтойына орай «Астана жазы» атты шара диктант түрiнде өткiзiлдi. Қатысушылар осы форматта өткен байқауда өздерiнiң сауаттылығын артып, сөздiк қорын нығайтып, тiл мәртебесiн көтердi.
Мемлекеттiк қызметкерлер күнi қарсаңында барлық қатысушылар мен жеңiмпаздар алғыс хат және сыйлықтармен марапатталады.
Мемлекеттiк қызметкерлер күнi қарсаңында тiл саясатын насихаттау мақсатында 13 маусым күнi сағат 11.00-де мемлекеттiк қызметшiлер арасында «Мемлекеттiк тiл — менiң тiлiм» атты байқау диктант түрiнде өткiзiлетiнiн хабарлаймыз.
Өтетiн орны: 216 кабинет, қала әкiмдiгiнiң 2 қабаты.
01.06.2018
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық тестiлеу орталығының 2018 жылғы 9 қаңтардағы №15-10-20/26 хатына сәйкес 2018 жылғы маусымның 25-26 күндерi Солтүстiк Қазақстан облысында «Қазтест» жүйесi бойынша диагностикалық және сертификаттық тестiлеу өтедi.
Осыған орай, аталған iс-шараға Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк мекеме қызметкерлерi мiндеттi түрде қатысуы тиiс. Осы жолы 32 тыңдаушы қатысады. Бөлiмдерге ескерту хат жiберiлдi, басқа да өзгерiстер болған жағдайда қосымша ақпарат берiледi.
Қалған қызметкерлер ү.ж. күз айында тапсыратын болады.
Петропавл қаласы әкiмiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен жасалынған келiсiмшартқа сәйкес 2018 жылдың ақпан айынан бастап 8 айлық тегiн қазақ тiлi курстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар қазақ тiлi (грамматика, лексика, орфография және т.б.) бойынша телефон 500-490 немесе арқылы тегiн анықтама ала аласыздар.
16.05.2018
2018 жылғы 15 мамырда Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырған үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау көрсету; мемлекеттiк тiлдiң қолдану мәртебесiн арттыру; Iскерлiк және халықаралық қарым-қатынас құралы ретiндегi тiлдердi жастардың меңгеру деңгейiн анықтау; қазақстандық рухани бiрлiктi нығайту мақсатында «Тiл шеберi» атты 21-29 жастар арасындағы қалалық байқауы өткiзiлдi. Үш турдан құрылған шараға «Тұсаукесер», «Ұлттаным», «Өнертаным» кезеңдерге 5 үмiткер қатысып, әр кезең бойынша өз деңгейлерiн көрсете бiлдi.
Нәтижесiнде қатысушы үмiткерлердiң бағы анықталды:
1 орын — Исембаева Алима, 9 орта мектебiнiң мұғалiмi;
2 орын — Абдулина Альбина, М. Айтхожин атындағы №1 орта мектебiнiң мұғалiмi;
3 орын — Елiбай Айдана, №40 Д. Карбышев атындағы орта мектебiнiң мұғалiмi.
Байқау жеңiмпаздары мен қатысушылары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
02.05.2018
«Петропавл қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау,тіл мәдениетін көтеру және үштілділікті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ тілді, әсіресе орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында:
2018 жылдың мамырдың 15-і күні сағат 15.00-де қалалық мәдениет үйінде И. Шухов атындағы қалалық кітапханада (Брусиловский көшесі, 65) қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері»;
2018 жылдың мамырдың 17-і күні сағат 15.00-да И. Шухов атындағы қалалық кітапханада (Брусиловский көшесі, 65) Астана күніне орай «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» қалалық байқауларын өткізеді.
2018 жылғы 20 сәуiрде Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi балабақша тәрбиеленушiлерiнiң арасында тiлдер туралы дұрыс ұғым қалыптастырып, мемлекеттiк тiлдi құрметтеуге баулу, Қазақстан халқының бiрлiгi күнiне орай «Тiлдердiң үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында «Бала тiлi -бал» балабақшалар арасында қалалық байқауын өткiздi.
Байқаудың мақсаты: тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлер арасында мемлекеттiк тiлдi меңгерудi жетiлдiруiне ықпал етiп, отбасындағы құндылықтар мен рухани-адамгершiлiк тәрбие беру арқылы балаларды қазақ тiлiн, туған жерiн құрметтеуге үйрету және мемлекеттiк тiлiмiздiң мәртебесiн көтеру мен қолданылу аясын кеңейту.
Байқау 2 кезеңнен тұрды. «Атыңнан айналайын» мұнда топ қатысушылары сәлемдесу арқылы өздерiн көпшiлiкке үш тiлде таныстырды, балалар сахнада сақадай сай тақырыптың мәнiн бұзбай өздерiн шапшаң көрсете бiлдi.2 кезеңде «Өнерлiге өрiс кең» әлем халықтарының ертегiлерiнен сахналық көрiнiс қазақ тiлiнде қойылды, бүлдiршiндер шығармашылық өнерлерi, жан-жақты қабiлеттiлiктерiн сахналық көрiнiс арқылы бiлдiре алды. Алдымен ала балабақша арасында iрiктеу кезеңi өттi. Байқауға 14 бөбекжай балабақшадан келiп түскен өтiнiмнiң 8 тобы қала деңгейiнде өтетiн байқауға лектi. Жалпы 60-тан астам үмiткерлерi қатысты. Олар «Ақ боташтар», «Астана», «Достар», «Көктем», «Күншуақ», «Бiрлiк», «Күншуақ», «Қарлығаш».
Байқау барысында қатысушылардың белсендiлiгi, тапқырлығы, ойды жеткiзуi, тiл байлығы мен мәдениетi бағаланды.
Айта кету керек, балалардың тiлге деген құштарлығы зор, қазақ тiлiнiң тән дыбыстарын өте жақсы меңгерген, тақпақ және әндердi қателiксiз айта бiлдi. Сонымен қатар мекеме басшылары ат салысып, декорацияларды дайындап, түр-түрiмен киген киiмдерi өте орнықты болды.
Байқаудың қорытындысын шешу қазылар алқасы мүшелерi үшiн қиындыққа соқты, өйткенi бүкiл топтар байқауға мықты дайындалып келгенi анық, алайда сайыстың аты сайыс болғаннан кейiн мынадай шешiм қабылданды: 1 орын — «Күншуақ» (Гулливер), 2 орын — «Күншуақ» (Арай) және «Көктем» (Ақ көгершiн), 3 орын — «Астана» (Ивушка), «Бiрлiк» (Балдәурен), «Қарлығаш» (Ашық Аспан) атты балабақшалар иелендi.
Байқаудың соңында жеңiмпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2018 жылғы сәуiрдiң 11-i күнi мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, тiл мәдениетiн көтеру, көркем әдебиеттi насихаттау, халық арасынан талапты, талантты жастарды iздеп табу мақсатында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерiнiң байқауын өткiздi.
Байқауға қатысушылар қазақтың белгiлi жазушыларының көркемдiгi жоғары прозалық шығармаларынан үзiндi оқып және қазақтың белгiлi ақындарының көркемдiгi жоғары поэзиялық шығармаларынан үзiндi оқи бiлдi.
Байқау шарттарын ұстана отырып үмiткерлер көркем мәтiндi оқу шеберлiгiне, дауыс мәнерi және тiл тазалығына, көркем мәтiндi таңдау талғамына, сахна әдебiн өздерiнiң деңгейлерiн көрсете бiлдi.
Қазылар алқасының мүшелерiмен бағаланған байқауға қатысушы үмiткерлердiң қорытындысы анықталды:
I орын — Қабдуллов Қазбек, Н. Крупская атындағы №10 орта мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерiнiң мұғалiмi;
II орын — Жанболсынова Ақнұр, қазақ мектеп-гимназия мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерiнiң мұғалiмi;
III орын — Невметова Мария, медицина колледжiнiң 1 курс студентi;
III орын — Ботпай Әйгерiм- құрылыс-экономикалық колледжiнiң 2 курс студентi.
Байқау жеңiмпаздары, қатысушылар диплом және алғыс хатпен марапатталды.
06.04.2018
2018 жылдың сәуiрдiң 5-i күнi бiлiм беру мекемелерiнiң оқушылары арасында «Мен жастарға сенемiн» атауымен қалалық ашық айтысы өттi. Ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған жыр додасында терiскейлiк және көкшетаулық сөз зергерлерi бақ сынады.
Байқаудың басты мақсаты:
Байқауға қатысушылар ақындар қазақстандық патриотизiмдi, ана тiлiмiздiң баға жетпес байлығын, сөз құдiретiн, бабалардан қалған асыл мұралардың сарқылмас қазынасын тiлге тиек етiп, сахнада өз қабiлеттiктерiн бiлдiрдi.
Мектеп оқушылар арасында екiншi рет өткен жас ақындар байқауында балалар мемлекеттiк тiлдi меңгеруiне, қазақтың тарихы мен мәдениетiн және ақындар туралы шығармаларын айтуға тырысты. Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған оқушылар айтысы 10 бiрдей дарынды жастың басын қосты. Олардың 4-еуi iргедегi Көкшетау қаласынан келдi
Нәтижесiнде сарапшылары үмiткерлер өнерiн бағалау кезiнде олардың өлең-жырларындағы сөз қолданысы, ой жүйелiгi мен тереңдiгiне, көркемдiк ерекшелiгiне, шешендiгiне аса назар аударып келесi жеңiмпаздарды анықтады:
Бас жүлде — М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының грантына Дәулет Құрмаш ие болды — Айыртау ауданы;
I орын Сая Тұрсынбекқызы — Көкшетау қаласы;
II орын Аяғанов Диас, Әбу Досмұхамбетов атындағы «Дарын» мектебiнiң оқушысы;
III орын Базғұр Ерболқызы — Көкшетау қаласы;
III орын Құлахметова Сара «Жас қаламгер» клубының мүшесi.
Байқауға жалпы 10 үмiткер қатысты.
Байқауға қатысқан ұл-қыздарға диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.
16.03.2018
2018 жылдың 14 наурызында №2 кiтапханада «Мәңгiлiк ел»: тарих, мәдениет, тiл» атты дөңгелек үстел өттi. «Мәңгiлiк ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контекстiнде патриоттық тәрбие туралы, сондай-ақ ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы, соның iшiнде латын алфавитiне көшу туралы, сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен мәдениетiне қатысты мәселелер талқыланды.
Кiтапхана меңгерушiсi Л.З. Ерғожина дөңгелек үстелге қатысушыларға құттықтау сөз сөйледi. Оның айтуынша, дөңгелек үстелдiң мақсаты елiмiздiң латын әлiпбиiне көшуiн талқылау және Қазақстанда латын графикасын енгiзу тарихымен танысу ғана емес, сондай-ақ «Мәңгiлiк ел» ұлттық идеясының тарихи маңыздылығын жүзеге асыру болып табылады.
«Мәңгiлiк ел» идеясының тәрбиелiк маңызы» тақырыбында баяндама тыңдаушылардың назарына ұсынылды. Шақырылған қонақтар дөңгелек үстел жұмысына белсене қатысты.
Шараға шақырылғандар: «СҚО Мемлекеттiк мұрағат» КММ қолданыс және жарияланым бөлiмiнiң бастығы Баймұқанов Мереке Бүркенұлы «Мұрағат құжаттарындағы өлке тарихы» баяндамасымен сөз сөйлеп, онда 1929 жылдан 1940 жыл аралығында Қазақстан жерiнде бiрiңғай түрiк алфавитi болғандығы, құжаттарды iздестiру бойынша қызметкерлердiң үлкен жұмысы туралы әңгiмеледi.
Петропавл қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бас маманы Сыздықова Алтынай Қожабайқызы латын алфавитiн енгiзу бойынша жоспарланған және ағымдағы жұмыстар туралы әңгiмелеп бердi. Ол аудиториядан қойылған көптеген сұрақтарға жауап бердi, оларға: Қазақ тiлiн латын әлiпбиiне көшiрудiң қажетi қандай? Латын әлiпбиiне ауысу жағдайында қазақ тiлiндегi сөздердiң айтылуындағы өзгерiстер бар ма? Латын әлiпбиiне ауысудың қандай артықшылығы бар? және басқалар.
Тыңдаушылардың назарына Мемлекет басшысы «Қазақ әлiпбиiн кириллицадан латын жазуына көшiру туралы» Жарлыққа қол қойғаны туралы мәлiмдедi. Өз сөзiнде латын әлiпбиiнiң тарихына және латын әрiптерiнiң ерекшелiктерiне назар аударды. Ол барлықтарымыз белсендi болатынын және жүргiзiлiп жатқан реформадан қалыс қалмайтындығына сенiм бiлдiрдi. Барлық қатысушылар жаңа алфавитпен танысты. Қонақтарға «практикалық сабақ» өткiзiлдi — барлық қатысушылар жаңа алфавиттi қолданып, өздерiнiң есiмдерiн латын әлiпбиiнде жазуға тырысты. СҚМУ-дың үшiншi курс студентi Рамазанова Назерке «Қазақстан тарихы» атты баяндама жасады. Дөңгелек үстелге №20 мектептiң тарих пәнiнiң мұғалiмi Бауыржан Амангелдiұлы, қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi Әбiшева Жанна Аманжолқызы және №20 және №6 мектептердiң жоғары сынып оқушылары қатысты. Олардың барлығы латын алфавитiн пайдалану -қазiргi әлемнiң қажеттiлiгi екенiне сенiмдi. Олар осы мәселенiң маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлiстi және қазақ тiлiн латын алфавитiне алдағы уақытта көшiру ұлттық мәдениеттiң дамуына зор ықпал ететiнi туралы қорытындыға келдi. Қатысқандар-30 адам.
27.02.2018
Байқау Солтүстiк Қазақстан облысындағы географиялық, әкiмшiлiк-аумақтық объектiлердiң тарихи атауларын iздестiру әр ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, тарихи-географиялық атаулардың пайда болу және шығуын анықтау арқылы оқушыларды туған жердi сүюге тәрбиелеу мақсатында өткiзiлдi. Байқауға оқыту тiлiне қарамастан мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң, гимназиялардың 8-11 сынып оқушылары қатыса алды. Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiне 13 шығарма келiп түскен.
Бұл шығармаларда туған жерге деген сүйiспеншiлiк, патриоттық сезiм байқалады. Экономикасы дамып келе жатқан өлке бәрiмiзге қуаныш сезiм ұялатады, сондықтан оқушыларға мағлұмат алуға, мұғалiмдерге сабақта пайдалануға көмекшi құрал ретiнде өте тиiмдi. Жұмыс сауатты, ұқыпты жан-жақты зерттеу түрде жазылған, деректi материалдармен дәлелденiп орындалған. Ойларын бiлiмiмен шыңдап, нағыз азаматтық ұстанымын көрсетiп жазды. Балалар нағыз патриот, отансүйгiш, эстетикалық көзқарасы мен моральдiк принциптерiнiң көрсете бiлдi.
Комиссия мүшелерi оқушылардың шығармаларын талқыға салып, олардың шығарма жазудағы шеберлiгiне, негiзгi ойды ашуына, көркем сөзбен әсерлi бейнелеуiне, негiздемелiгi мен дәлелдiгiне көңiл бөле отырып қорытынды жасады.
Қазақ тiлiндегi шығармалар
I орын Тұрғынбекова Альбина — Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебiнiң 8 Б сынып оқушысы
II орын Омарова Аягөз — №21 орта мектебiнiң 10 сынып оқушысы
III орын Лемешева Галина — №42 орта мектебiнiң 9 Б сынып оқушысы
III орын Үмiтбаев Бахтияр — №4 орта мектебiнiң 9 А сынып оқушысы
Орыс тiлiндегi шығармалар
I орын Соловьев Евгений — №42 орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы
II орын Боровская Алина — №8 орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы
III орын Рейзлина Татьяна — «БЭСТ» мектебiнiң 11 сынып оқушысы
III орын Ахметова Зарина — Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы
Үздiк шығарма жазған оқушылар өздерiмен бiрге презентация дайындап әкелiп, тақырыпты кеңiнен аша бiлдi.
Құттықтау сөз және өз алғысын Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы М.Т. Науанова және бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi Г.И. Уточенко бiлдiрдi.
Жеңiмпаздарға диплом, алғыс хат және сыйлақтарды мекеме басшысы А.Н. Садаев және қалалық мәдениет үйiнiң директоры А.М. Жәменов табыс еттi. Шараға байқау жеңiмпаздары, мұғалiмдер, Бақ өкiлдерi, мәдениет және кiтапхана мамандары қатысты.
Шара соңында балаларға экскурсия ұсынылды.
16.01.2018
2018 жылғы қаңтардың 16-ы күнi Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бас маманы Сыздықова Алтынай Петропавл қаласының АҚ «ПЗТМ» ұжымында аталған тақырып бойынша түсiнiктеме ақпарат жүргiздi. Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақ тiлiн бiртiндеп латын әлiпбиiне көшiру жұмыстарын бастауды ұсынды.
Бұл ел ертеңi үшiн болашаққа батыл қадам жасап, елiмiздi төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бiр маңызды бастамаларының бiрi және дер кезiнде қозғалған, ұлт тiрегi-ана тiлiмiздiң болашағы үшiн жасалған ғылыми мәндi шара деп бiлемiз.
Шараға мекеме директоры Шакшабаев Вадим Шамильевич қатысты. Мекеме жұмысшылары жаңа әлiпби туралы өз ой-пiкiрлерiн бiлдiрдi. Шараға 50 адам қатысты.
03.01.2018
Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы қаңтар айының 10-12 аралығында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейiн №216 кабинетте 2017 жылдың II жартыжылдығындағы өткен мемлекеттiк тiлi сабағы бойынша аралық сынақ өтетiнiн хабарлаймыз.
08.12.2017
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы 2017 жылғы желтоқсанның 8-i күнi С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кiтапханасында (Қазақстан Конституциясы к-сi, 25) облыс әкiмiнiң орынбасары М. Қожахметтiң қатысуымен үш және одан да көп тiлдердi еркiн меңгерген жастармен «Қазақстандықтар — Болашағы Бiртұтас Ел» кездесуiн өткiздi.
Аталған шараның мақсаты — мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн арттыру, үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген әр түрлi салада жұмыс iстейтiн жас мамандарға қолдау көрсету, үштiлдiлiктi насихаттау.
Кездесуге Петропавл қаласы мен аудандардан жастар, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы, БАҚ өкiлдерi, қалалық және ауылдық мектептердiң мұғалiмдерi, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерi қатысты.
Кездесудi облыс әкiмiнiң орынбасары Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет ашты және жүргiздi.
Аталған шараға сөз сөйлеушiлердiң iшiнде Петропавл қаласы әкiмдiгiң инспекторлық-ұйымдастыру бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi Цеподой Сергей Александрович болды, ол қазақ және ағылшын тiлiнде өз пiкiрiн айтып, барша қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiк күнiне орай мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтерiп, насихаттауға қосқан үлесi үшiн бiрқатар азамат Солтүстiк Қазақстан облысының алғыс хатымен марапатталды.
23.11.2017
2017 жылғы қарашаның 23-i күнi Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бас маманы Сыздықова Алтынай Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ветеринария бөлiмiнiң ұжымында түсiнiктеме ақпарат бердi. 2017 жылғы 26 қазанда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақ тiлi әлiпбиiн кириллицадан латын графикасына көшiру туралы» Жарлығы шықты.
Латын әлiпбиiне көшу, сайып келгенде, ана тiлiмiздiң болашағын ойлап, қолданыс аясының одан әрi кеңейе түсуiне мүмкiндiк жасап, тiлiмiздiң iшкi табиғатына әлiпбиiмiз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсiру деп түсiну керек. «Жетi рет өлшеп, бiр рет кес» дегендей, латын әлiпбиiне қатысты өз көзқарастарын бiлдiрiп, ой бөлiсiп, тiл тағдырына алаңдаушылық бiлдiрушiлердiң айтқан пiкiрлерiнiң барлығын да маңызды деп бiлемiз.
Бөлiм мамандары мен қызметкерлерi жаңа әлiпби турасында ой-пiкiрлерiн бiлдiрдi.
2017 ж. 17.11.
Елбасының жыл сайынғы Жолдауын түсiндiру бойынша кездесу — барлық қазақстандықтардың әлеуметтiк-саяси және рухани өмiрiнiң маңызды құрамдас бөлiгi. Жолдауды ақпараттық жылжыту шеңберiнде кәсiпорындарда және ұжымдарда қалалықтармен кездесулерде елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындысы, маңызды мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру барысы, медициналық сақтандырудың жаңа жүйесiне көшу, атаулы әлеуметтiк қолдау көрсету мәселелерi талқыланады.
Қалалық ақпараттық-түсiндiру тобы жұмыс iстейдi, оның құрамында мемлекеттiк мекемелердiң басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан», «Жас Отан» партияларының белсендiлерi, бiлiм, мәдениет, жұртшылық өкiлдерi. Жыл басынан бастап Жолдаудың негiзгi жағдайларын талқылау бойынша халықпен кездесулер өткiзiлуде. Әр айдың үшiншi жұмасында өткiзiлетiн бiрыңғай ақпараттық күн iс-шараларында жыл басынан берi 100-ден аса спикер сөз сөйледi, бiрқатар мазмұндағы тақырыптар жарияланады. Қалалық БАҚ басылымдарында 56 мақала және пiкiр жарияланды, тақырыптық айдарлар жұмыс iстейдi, облыстық орталық телеарналарында 300-ден аса сюжет болды. Қаланың шағын аудандарында билбордтар мен пилондарда тақырыптық баннерлер орналастырылды.
Ағымдағы қарашадағы талқылау шеңберiнде диалог алаңы бiрiншi қалалық емхана болды. Қоғамда этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi қалыптастыруға назар аударылды, сондай-ақ мемлекеттiк тiлдiң жаңа әлiпбиiнiң бiрыңғай стандартын кезең-кезеңмен енгiзу мәселесi қаралды. Iс-шара қала әкiмдiгi iшкi саясат бөлiмiнiң бастамасы бойынша өткiзiлдi. Емхана басшысы С.Т. Кашенцева қалалық ақпараттық топтың қатысушысы бола тұра, әр қазақстандық үшiн маңызды бағдарламалық құжат — Жолдауды насихаттау бойынша тұрақты ақпараттық-түсiндiру жұмысының маңыздылығын атап өттi. Спикерлер Э.Ш. Танақұлова, А.К. Сыздықова ағымдағы жылғы Жолдауда елiмiздiң дамуының стратегиялық векторының басым бағдарлары: экономиканы жеделдетiлген техникалық жаңғырту; кардиналды жақсарту және бизнес-ортаны кеңейту; адами капиталдың сапасын жақсарту, институционалдық қайта құру, қауiпсiздiк және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес көрсетiлгенiн атап өттi.
Рухани өмiрдiң этносаралық және конфессияаралық салаларындағы оң үрдiстер — ол қоғамдағы жаңғырту үрдiсiнiң басты талаптары.
Бiрыңғай ақпараттық күн шеңберiнде қызметтiң әртүрлi салаларындағы еңбек ұжымдарында өзектi мәселелер спекторы: бизнестi қолдау және дамытудың бiрыңғай бағдарламасы «Бизнестiң жол картасы 2020», мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесiн дамыту, 2015 жылдан бастап «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын дамыту және елдiң көлiктiк және транзиттiк әлеуетiн ашудың перспективалары туралы, мемлекеттiк рәмiздер туралы және т.б. талқыланды. Белсендi азаматтық көзқарас және әрбiрiмiздiң рухани жаңғыруға үлесiмiз бен жаһандық сын-қатерлер жағдайында ерекше өзектi. Жолдау аясында бiз тәуелсiз елiмiздiң кезең-кезеңмен дамуының нақты қадамдарын және «30 озық елдiң қатарына тұрақты жылжуды» түсiнемiз.
15.11.2017
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» КММ-нiң 2017 жылға арналған негiзгi iс-шаралар жоспарына сәйкес С. Мұқанов атындағы облыстық кiтапханада қарашаның 13-i Германия елiнiң сарапшысы Петер Йозеф Штрубеннiң қатысуымен тiлдердi оқыту әдiстемесi туралы семинар өттi. Оған қазақ және ағылшын тiлi мұғалiмдерi, тiлдердi оқыту орталығының әдiскерлерi қатысты. Сарапшы тiлдi тиiмдi оқытудың 64 түрлi әдiстемесiн ұсынып, тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика-граматикалық бөлiктерден тәжiрибелiк сабақ үлгiлерiн көрсеттi.
Семинарға Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бас маманы Алтынай Сыздықова да қатысты.
Семинар соңында курсқа қатысушыларға сертификат табыс етiлдi.
15.11.2017
2017 жылғы 26 қазанда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақ тiлi әлiпбиiн кириллицадан латын графикасына көшiру туралы» Жарлығы шықты.
Осыған орай, 2017 жылғы қарашаның 15-i күнi Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бас маманы Сыздықова Алтынай Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң ұжымында түсiнiктеме ақпарат бердi. Бұл ел ертеңi үшiн болашаққа батыл қадам жасап, елiмiздi төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бiр маңызды бастамаларының бiрi және дер кезiнде қозғалған, ұлт тiрегi-ана тiлiмiздiң болашағы үшiн жасалған ғылыми мәндi шара деп бiлемiз, — дедi маман. Латын әлiпбиiне көшу, сайып келгенде, ана тiлiмiздiң болашағын ойлап, қолданыс аясының одан әрi кеңейе түсуiне мүмкiндiк жасап, тiлiмiздiң iшкi табиғатына әлiпбиiмiз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсiру деп түсiну керек.
Бөлiм мамандары мен қызметкерлерi жаңа әлiпби турасында ой-пiкiрлерiн бiлдiрдi.
10.11.2017
2017 жылғы 26 қазанда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақ тiлi әлiпбиiн кириллицадан латын графикасына көшiру туралы» Жарлығы шықты.
Осыған орай, 2017 жылғы қарашаның 10-ы күні Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмінің ұжымы «дөңгелек үстел» өткізді.
Бөлім басшысы Науанова Мафруза Iс-шараны жүргiзiп, осы мәселе бойынша өз пікірін айтып өтті. Бөлім маманы Сыздықова Алтынай туралы қысқаша баяндама жасап берді. Ал бөлiм мамандары мен қызметкерлерi жаңа әлiпби турасында ой-пiкiрлерiн бiлдiрдi.
26.09.2017 ж.
Кітапхананың меңгерушісі Шалавина Наталья «Қазақ тілін латын әліпбіне көшіру-заман талабы. Әлемде кең қолданылатын бұл таңбалар тіліміздің тынысын кеңейтіп, ғылым мен инновацияны игеруде көмек болмақ. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Қазақ тілін біртіндетіп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек»,- деп басында айтып кетті. Кейін ол сөзді Петропавл қаласы әкімідігінің мәденпет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Алтынай Сыздықоваға берді.
Біздің мемлекетіміздегі тіл саясаты туралы аталған мекеменің қызмтекерлерін әңгімеледі. Бастапқыда ұлттық және тілдік саясат Президент Н. Назарбаевпен барлықтары, үлкен этникалық топтарға ғана емес ұлттық азшылықтар да өздеріне қысым көрсеткен сияқты сезінбей, туған тілде еркін сөйлеуге және білім алуға мүмкіндік алуға бағытталды. Біздің Президентіміз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы туралы, соның ішінде халықаралық келісімді нығайтуға бағытталған «Рухани жаңғыру» мен «Туған жер» бағдарламалары да әңгімеледі. Ал қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс.
Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі біруақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шығарылады, — деді А. Сыздықова
Жиын соңында сөз сөйлеген мекеменіғ аудармашы Ысқақова Сабира және кітапханашы Ясакова Виктория латын әліпбиі-біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрыннан келе жатқан, яғни үш мың жылға жуық тарихы бар, ғасырлар сыныан өткен әліпби. Бүгінгі таңда қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Сондықтан бұл мәселе бізге қиындық тудырмайды, — деді.
Қатысқандар — 18 адам.
20.09.2017 ж.
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХIХ фестивалi аясында мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу мақсатында 2017 жылғы 20 қыркүйiгiнде «Тiл — тұнық ойдың кәусары» қалалық байқауын өткiздi.
Қалалық байқауының өткiзiлу мақсаты мен мiндеттерi:үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау,тiлдiк қарым-қатынас мәдениетiн қалыптастырып, көп тiлдi меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының тiл саясатын жүзеге асыру, тiлдi меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру.
Байқауға 18 мен 22 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алды.
Қазылар алқасы үмiткерлерге берiлген тақырыптың мазмұнын толық ашу; берiлген тақырып бойынша эссе жазу; мәтiнге iлеспе аударма жасау тапсырмалары бойынша баға бердi.
Тiлдердi меңгеру деңгейiн, жазу сауаттылығын бiлiмдерiн қорытындысын қазылар алқасы бағалады:
Бiлiм сынағында келесi жеңiмпаздар анықталды:
I орын Теубаева Гаухар — Ғ. Мүсiрепов атындағы №43 орта мектебiнiң ағылшын тiлi пәнiнiң мұғалiмi;
II орын Асланова Чинара — №32 орта мектебiнiң ағылшын тiлi пәнiнiң мұғалiмi;
III орын Шалабаева Айсара — М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нiң студентi.
Байқаудың жеңiмпаздары мен қатысушылары диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
19.09.2017 ж.
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХIХ фестивалi аясында қазақ тiлiн меңгерген жастарға қолдау көрсету, тiл мәдениетiнiң деңгейiн көтеру мақсатында 2017 жылғы 1 қыркүйекте орыс жастары арасында қазақ тiлi бiлгiрлерiнiң «Тiл — парасат» атты қалалық байқауын өткiздi.
Байқауға 17-22 жас аралығындағы жастар қатыса алды.
Байқауды өткiзу шарттары:
Бiрiншi аталым: берiлген тақырып бойынша тұсаукесер жасау.
Екiншi аталым жазбаша және ауызша бөлiктен тұрды:
а) жазбаша бөлiгi: қазақ тiлiнде эссе жазу.
б) ауызша бөлiгi: ұсынған тапсырма бойынша қатысушылар жұппен диалог құрастыру
Үшiншi аталым: «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы: қазақтың халық немесе заманауи әнiн орындау, би, күй немесе заманауи театрландырылған интерпретациядағы қазақ тiлiндегi қөркем шығарма үзiндiсiнiң қойылымы.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
I орын Мелихова Марина, М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжiнiң студентi;
II орын Свинцицкий Данил, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нiң студентi;
III орын Рывкина Зарина, Ғ. Мүсiрепов атындағы №43 орта мектебiнiң оқушысы иелендi.
Байқаудың жеңiмпаздары мен қатысушылары бағалы сыйлықтар диплом және алғыс хатпен марапатталды.
13.09.2017 ж.
«Рухани жаңғыру» және «Бір ел — бір кітап» бағдарламалары аясында СҚУ колледж оқушылары арасында И. Шухов атындағы ОҚК оқырман залында 12.09.17 ж. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Мен туған өлкемді нұрға бөлеп, жер бетіне күннің көзі болып шығар едім!» ақындық портрет өтті.
Кейде барлық күшін сарп етіп жолдағы бөгеттерді жеңе күрес пен ізденістің таңдалған жолымен белгілі қазақ ақыны С. Торайғыров өмір бойы батыл жүріп өтті.
Жүргізуші — оқырман залының кітапханашысы-ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға әңгімеледі.
Жастарды білімге, ғылымға шақырған оның шығармалары ақын шығармашылығында маңызды орын алады. Мәдениет пен өнерді насихаттаушы ретінде С. Торайғыров өзінің өлеңдерінде болды.
Шараға қатысқандар:
С. Торайғыров Абайдың әдеби дәстүрлерін дамыта отырып, қазақ поэзиясындағы лирика жанрын байытқандығы туралы толығырақ әңгімеленді. С. Торайғыров ақын ғана емес жазушы да болды. Қазақ әйелінің қайғылы тағдыры туралы әңгімеленген «Қамар сұлу» романын жазды.
«Думы учащегося», «Две мышки», «Синий бык», «Притча», «Прямой человек» және басқада ақынның өлеңдері оқылды.
С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді.
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2011-2020 жылдарға арналған қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын орындау мақсатында келесi байқауларды өткiзедi:
Ережелер қосымша 4 бетте берiлген Zip (54 Kb)
23.08.2017 ж.
2017 ж. 22.08. «И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана» КММ-нiң оқу залында «Петропавл қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ- мен бiрлескен «Рухани жаңғыру» бағдарламысының аясында, ақын Абайдың шығармашылығына арналған №1 орта мектебiнiң оқушыларының, Бiрiншi гимназия оқушыларының, Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметкерлерiнiң, облыстық кеңес ардагерлерiнiң мүшелерi және кiтапхана оқырмандарының арасында «Дала өлең даналығын сiңiрдi» атты поэзия сағаты өттi.
Әр халықта ерекше жарық тұлғалар бар, олар туралы естелiктердi ұрпақтардың саналарында сақталады.
Қазақтар үшiн Абай — осындай тұлға.Оның мағынасы қазақ халқының мәдениетiне өте зор.
Жүргiзушi — кiтапханашылар Ольга Олеговна және Татьяна Юрьевна — қазақ және орыс тiлiнде тыңдаушыларға ақын және философ Абай Құнанбаевтың өмiрiмен шығармашылығы туралы айтты.
Петропавл қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бас маманы Алтынай Қожабайқызы Сыздықова Абайдың «Өсиет сөздерi» туралы айтып бердi.
Абайдың «Өсиет сөздерi» қартайған шағында жазылған. Ол барлығының — iстердiң, күндердiң, азғырылудың бағасын бiледi. Барлығы өтiп, даналық қалады.Тек осы «Өсиет сөздердiң» мағынасын құрастырады.
Шараның ағымында қазақ классикалық гимназия оқушыларының орнауымен Абай өлеңдерi қазақ тiлiнде орындалды.
Абайдың өлең жолдары қазақ және орыс тiлдерiнде шара жүргiзушiлермен орындалды.
Абай туралы «Лики истории» атты документалдық фильм көрсетiлдi.
Кiтапханашылар шараның соңында ұлы ақынның өмiрi және шығармашылығына арналған «Абайдың ұлылығына басыңды ие» атты кiтап көрмесiндегi әдебиетке шолу жасады.
2017 ж. 14.08.
Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық тестiлеу орталығы қызметкерлерiнiң қатысуымен маусымның 12-16 күндерi Петропавл қаласының мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң арасында «Қазтест» жүйесi бойынша диагностикалық және сертификаттық тестiлеу өткiзiлген болатын. Қызметкерлердiң қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн анықтау сынағына жалпы саны 57 адам қатысты.
Сертификаттық тестiлеуге қатысқандары жоқ. Диагностикалық тестiлеудiң қорытындысы бойынша А1-қарапайым деңгейiнен — 12 қызметкер (21%), А2-базалық деңгейiнен — 36 (63,1%), В1-орта деңгейiнен — 6 (10,52%), В2-ортадан жоғары деңгейiнен — 3 (5,2%).
2017 жылдан бастап белгiлi деңгейде мемлекеттiк тiлдi меңгеруi тиiс кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдардың тiзбесi ұсынылған Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттары «Қазақ тiлiн меңгерудiң коммуникативтiк тiлдiк құзыреттiлiктерi» (ҚР СТ 1928-2015) енгiзiлдi.
2017 ж. 29.06.
«Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте» атты топтық байқау өткізілді. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен ұйымдастырылған конкурсқа Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Байқаудың басты мақсаты мен міндеттері:
Мемлекеттік басқару органдарында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңды жүзеге асыру; мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау; мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, қоғамның әр саласында қазақ тілінің маңызын арттыру, қазақ ұлтының салт-дәстүрін сақтап көпшілікке жеткізіп насихаттау.
Байқаудың шарты:
«Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте» атты қалалық байқауына мемлекеттік мекеме қызметшілерінен құрылған топтар (командалар) қатысуы шарт. Әр топ 3 адамнан құрылды. Аталған байқауға жалпы 9 команда қатысты, олар Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Бірлік», жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар«Патриоттар», білім бөлімі «Ақ көгершін», ветеринария бөлімі«Достар», тұрғын үй инспекциясы бөлімі «Жас мамандар», кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі «Болашақ-1», сәулет және қала құрылысы бөлімі «Болашақ-2», тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары, жер қатынастары және экономика және бюджеттік жоспарлау қос бөлімдері «Достық» және «2032 Әскери бөлімі» «Алтын қыран» топтары сайысқа қатысты.
Байқауға қатысушы топтар мазмұндағы талаптарды ескеріп, сахналық көріністе 4 тапсырмалардан сүрінбей орындап шықты. Олар сахнада «Сәлемдесу», «Жер-судың аты — тарихтың хаты»: командаларға лэд-экраннан танымал жерлердің суреттерін көрсеткеннен кейін олардың атауыларын анықтап, қысқаша тарихын айтып берулері тиіс болды, «Қазақ сөзі»: мемлекеттік тіл туралы басталған қанатты сөздерді командалар аяқтап сондай ақ тілдерді дамыту саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер туралы сұрақтарға жауап берді, соңғы кезең «Мәңгілік Ел — Мәртебелі тіл» тақырыбында командалар музыкалық және театрландырылған қойылымдарды өз өнерлерін, шеберлігін көрсете білді.
Байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың дауыс мәнеріне, көркем мәтінді оқу шеберлігіне, сахналық мәдениетіне назар аудара отырып, қорытынды шығарды. Нәтижесінде:
I орын — «2032 Әскери бөлімі»;
II орын — Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары, жер қатынастары және экономика және бюджеттік жоспарлау қос командасы;
III орын — Петропавл қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі ие болды.
Жеңімпаздар, барлық қатысушылар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық жеңімпаздар 30 маусым күні өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.
2017 ж. 16.06.
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2017 жылғы 15 маусым күнi сағат 15.00-де қалалық әкiмдiгi ғимаратының 3-i қабатындағы мәжiлiс залында «Аударма iсi мен мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзудiң өзектi мәселелерi» тақырыбына байланысты семинар өткiздi.
Семинарды Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Сыздықова Алтынай жүргiздi.
Семинардың мақсаты мен мiндеттерi:
Қалалық мемлекеттiк мекеме қызметкерлерi, кәсiпорын және ұйым, жергiлiктi және аумақтық атқарушы органдарының iс жүргiзушiлерi, редактор-аудармашылар, тiл мамандары қатысты.
Баяндамашылар:
Семинарға қатысқан мамандар көптен берi мазалап жүрген сұрақтарын қойып, пiкiрталас алмасып, жауап алды.
Семинар аяғында көптен берi мемлекеттiк тiлге көп назар аударып, белсендiлiк танытқан мамандарға бөлiм басшысының атынан алғыс хат тапсырылды.
2017 ж. 15.06.
«Қазтест» жүйесiнiң мақсаты — азаматтардың қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн бағалау және талапқа сәйкес сертификаттау. «Қазтест» еуропалық тiл бiлiмiнiң стандарттарына сәйкес келетiн 5 деңгейден (А1 — қарапайым деңгей, А2 — базалық деңгей, В1 — орта деңгей, В2 — ортадан жоғары деңгей, С1 — жоғары деңгей) тұрады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығын бекiтiлген Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында «Қазтест» жүйесi арқылы анықталатын мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мемлекеттiк қызметшiлердiң үлесi 2017 жылға қарай — 25%, 2020 жылға қарай 35%, С1 деңгейiнде 2017 жылға қарай — 5%, 2020 жылға қарай 15%, мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мемлекеттiк қызмет көрсететiн ұйымдардағы қызметкерлердiң үлесi 2017 жылға қарай — 10%, 2020 жылға қарай 20%, С1 деңгейiнде 2017 жылға қарай — 5%, 2020 жылға қарай 10% арттыру бойынша нәтижелi көрсеткiштер көзделген.
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық тестiлеу орталығының қызметкерлерiмен ү.ж.маусым айының 12-14 күндерi «Қазтест» жүйесi бойынша диагностикалық және сертификаттық тестiлеу өткiздi.
Осыған орай Петропавл қаласы әкiмiдiгi бөлiмдерiнен сынаққа 57 мемлекеттiк қызметшiлер қатысты. Тыңдалым, оқылым, жазылым, көрсеткiштерi бойынша «Казтест» нәтижесi бiр айдың iшiнде анықталады.
16.05.2017 ж.
2017 жылғы 16 мамырда Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырған үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау көрсету; мемлекеттiк тiлдiң қолдану мәртебесiн арттыру; Iскерлiк және халықаралық қарым-қатынас құралы ретiндегi тiлдердi жастардың меңгеру деңгейiн анықтау; қазақстандық рухани бiрлiктi нығайту мақсатында «Тiл шеберi» атты 21-29 жастар арасындағы қалалық байқауы өткiзiлдi. Үш турдан құрылған шараға «Мәдениеттаным», «Ұлттаным», «Өнертаным» 6 үмiткер қатысып, әр кезең бойынша өз деңгейлерiн көрсете бiлдi.
Байқауға нәтижесiнде қатысушы үмiткерлердiң бағы анықталды:
1 орын — Жақсылық Қадырбек, Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бас маманы;
2 орын — Сайлау Айдана, № 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенiнiң мұғалiмi;
3 орын — Байтемирова Назгүл, Петропавл қаласы әкiм аппаратының бас маманы.
Байқаудың жеңiмпаздары мен қатысушылары диплом және алғыс хатпен марапатталды.
«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» қалалық байқауының ережесi Zip (20 Kb)
«Тiл — парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тiлi бiлгiрлерiнiң қалалық конкурсын өткiзу ережесi Zip (14 Kb)
«Тiл — тұнық ойдың кәусары» қалалық олимпиадасын өткiзу ережесi Zip (14 Kb)
20.04.2017
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2017 жылғы сәуiрдiң 20-ы күнi мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын ересектерге мемлекеттiк қызметкерлерге қазақ тiлi пәнiнен сабақ беретiн оқытушылардың әдiстемелiк сауаттылығын арттыру, қазақ тiлiн оқытудың алгоритмдiк әдiстерiн қалыптастыру, ұлттық педагогика принциптерiн жүзеге асыру мақсатында мемлекеттiк мекемелерде қазақ тiлiнен сабақ беретiн оқытушылар арасында «Тiл мерейi» атты қалалық байқауын өткiздi.
Байқауға Баекина Назгүл Маратқызы — М.Қозыбаев атындағы СҚМУ; Марал Асқарқызы — «Солтүстiк Қазақстан медицина колледжi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны; Жакешева Бибигүл Қабдоллақызы — Петропавл құрылыс-экономикалық колледжi, Сыздыкова Анар Орынбайқызы — «№ 23 орта мектеп» КММ; Сайлау Айдана Қанатқызы — №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенiнiң қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмдерi қатысып, өз сабақтарын қорғай бiлдi.
Нәтижесiнде 1 орынға Сыздықова Анар Орынбайқызы ие болды. Үмiткерлер ереженiң шарттарын ескере отырып мемлекеттiк тiлдiң мәртебесi мен маңызының принциптерiн, педагогикалық қызметтегi инновациялық тәсiлдердi қолдану үлгiлерiн, оқытушының әдiстемелiк шеберлiгiн, тiл үйретудiң озық әдiстемесiн қолдана алды. Сабақтарда мұғалiмнiң әдiстемелiк шеберлiгiн шыңдауы мақсатында сабақ үстiнде тыңдаушылар бiр-бiрiмен сұхбаттасып, еркiн отырып достық туралы мақал-мәтелдер айтып, қазақ халқының бiрлестiгi туралы, байлықтың ең үлкенi — халықтар достығы деп қазақ тiлiнде өз ойларын толығымен жеткiзе бiлдiрдi.
Жалпы мұғалiмдер өз сабақтарында видеоролик, әдiс-тәсiлдер, карточкалар, басқа да көрнекi материалдарды пайдалана бiлдi.
Байқау қорытындысы бойынша умiткерлер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
13.04.2017
«Петропавл қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ 2017 жылғы сәуірдің 12-і күні мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын өткізеді.
Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады:
Байқау шарттары:
Байқауға 17-29 жас (1 адам) аралығындағы азаматтар қатыса алады.
Байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:
Қазылар алқасының мүшелерімен бағаланған байқауға қатысушы үміткерлердің қорытындысы анықталды:
I орын — Қайратов Думан, ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының қурсанты;
II орын — Қамбар Зарина, кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті;
III орын — Файзолла Мадина, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің студенті.
Байқау жеңімпаздары, қатысушылар диплом және алғыс хатпен марапатталды.
5.04.2017
«Петропавл қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ 2017 жылғы сәуірдің 5-і күні орыс тілі мен мәдениетін жақсы білетін дарынды жастарды анықтау және қолдау, орыс тілін үйренуге деген ынтасын арттыру мақсатында қазақ тілінде оқитын жастар арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана» қалалық байқауының кезеңін өткізді.
Байқауға қатысуға 18-22 жас аралығындағы жастар қатысты.
Байқау орыс тілінде болды.
Байқау үш номинация бойынша өткізілді:
Бірінші номинация: орыс тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 25 тест тапсырмасы.Тапсырманы орындау уақыты — 20 минут.
Екінші номинация: жазбаша және викторина бөліктерінен тұрды:
1) жазбаша бөлігі: ұсынылған үш тақырыптың біреуіне эссе жазу. Эссенің көлемі: 1,5-3 бет. Тапсырманы орындау уақыты — 30 минут.
2) викторина: қатысушылар орыс тілі, әдебиеті, мәдениеті, салт-дәстүрлері жайында викториналық сұрақтарға (25 сұрақ) жазбаша жауап беру.
Үшінші номинация: кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқу (үй тапсырмасы).
Нәтижесінде:
I орын — Бисенова Жанна, С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының 11 сынып оқушысы;
II орын — Амангельдинова Самал, қазақ мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
III орын — Елубаева Меруерт, медициналық колледжінің 3 курс студенті ие болды.
Барлығы 9 қатысушы.
Қазылар алқасы мүшелері жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтап, оларға диплом және бағалы сыйлықтар табыс етті.
Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауының ережесі Zip (14 Kb)
«Ой-сана» байқауының ережесi Zip (7 Kb)
Көркемсөз оқу шеберлерiнiң қалалық байқауының ережесi Zip (14 Kb)
Қазақ тiлiнiң үздiк оқытушысы «Тiл мерейi» атты қалалық байқауының ережесi Zip (9 Kb)
24.02.2017
Петропавл қаласы әкiмдiгiң ұйымдастыруымен 2017 жылғы 24 ақпанда «Ұлтпен бiрге жасайды өнерiмiз» атты қалалық жас ақындар байқауы өттi.
Байқаудың басты мақсаты:
Байқауға қатысушылар ақындар қазақстандық патриотизiмдi, ана тiлiмiздiң баға жетпес байлығын, сөз құдiретiн, бабалардан қалған асыл мұралардың сарқылмас қазынасын тiлге тиек етiп, сахнада өз қабiлеттiктерiн бiлдiрдi.
Жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушылар арасында алғашқы рет өткен жас ақындар байқауында балалар мемлекеттiк тiлдi меңгеруiне, қазақтың тарихы мен мәдениетiн, салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарын бойына сiңiруiне және ақындар туралы шығармаларын айтуға тырысты.
Байқау барысында бiрнеше қатар оқушылар өз шығарған өлеңдерiн көрермен алдында айтып бердi.
Нәтижесiнде сарапшылар үмiткерлер өнерiн бағалау кезiнде олардың өлең-жырларындағы сөз қолданысы, ой жүйелiгi мен тереңдiгiне, көркемдiк ерекшелiгiне, шешендiгiне аса назар аударып
I орынды Аяғанов Диас, Әбу Досмұхамбетов атындағы «Дарын» мектебiнiң 8 сынып оқушысы;
II орынды Қоскен Дамира, Жұмабек Тәшенев атындағы №20 орта мектебiнiң 6 сынып оқушысы;
III орынды Құрметбек Коля, «Жас қаламгер» клубының мүшесi, 7 сынып оқушысы;
III орынды Құлахметова Сара «Жас қаламгер» клубының мүшесi, 10 сынып оқушыларына табыс еттi.
Байқауға 14 үмiткер қатысты.
Байқау жеңiмпаздары және барлық қатысушылар диплом, алғыс хат, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Абай оқулары» қалалық байқауының ережесi Zip (8 Kb)
Көркемсөз оқу шеберлерiнiң Оралхан Бөкей атындағы қалалық байқауының ережесi Zip (14 Kb)
«Мемлекеттiк тiл және бұқаралық ақпарат құралдары» байқауының ережесi Zip (6 Kb)
«Ой-сана» байқауының ережесi Zip (6 Kb)
Жас мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы «Тiл шеберi-2017» қалалық байқауының ережесi Zip (13 Kb)
2017 ж. 15.02.
Солтүстiк Қазақстан облысындағы географиялық, әкiмшiлiк-аумақтық объектiлердiң тарихи атауларын iздестiру әр ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, тарихи-географиялық атаулардың пайда болу және шығуын анықтау арқылы оқушыларды туған жердi сүюге тәрбиелеу мақсатында қалалық деңгейде шығарма байқауы өткiзiлдi. Байқауға колледж студенттерi, мектеп, лицей гимназиялардың 8-11 сынып оқушылары қатыса алды.
Шығармалар тақырыбына сай жазылып, тақырыбы толық ашылған. Оқушылар өз туған елiне деген сүйiспеншiлiк пен мақтаныш сезiмiн бiлдiрiп, қазақ хандығының құрылу тарихын қарастырған. Қазақстанның тәуелсiз, егемен ел болып қалыптасуындағы қазақ хандары мен батырларының күш-жiгерлерiн жазған. Iргелi ел болу жолындағы батыр бабаларымыздың жүрiп өткен заманы, тарихы сөз етiлген. Жазба жұмысына мақал-мәтелдер, ақын өлеңдерiнен үзiндiлер, тарихи мәлiметтер қолданған, бабалар рухына тағзым ете отыра, қазақ елiнiң ұлылығы мен өз сезiмiнен туындаған жыр жолдарымен қорытындылаған.
Шығарманың бөлiмдерiнiң логикалық байланысы бар. Шығарма сауатты, орфографиялық және пунктуациялық емлелерге сай жазылған. Қазылар алқасы бағалау критерийлерiне назар қойып үздiк шығармаларды анықтады. Қазақ тiлiндегi шығармалар бойынша
I орын — Амержан Сабира, С.Шаймерденов атындағы қазақ мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы;
II орын — Ермек Iңкәр, Кожаберген Жырау атындағы №6 орта мектебiнiң 8 сынып оқушысы;
III орын — Молжiгiтова Дария, «Бэст» гимназиясының 8 сынып оқушысы;
III орын — Синягина Полина, №23 орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы.
Сондай-ақ, Ибрагим Әйгерiм — қазақ мектеп-гимназиясының 10 сынып, Подлужная Екатерина — №4 орта мектебiнiң 11 сынып, Имантай Айзада мен Ербатыр Әйгерiм — С. Шаймерденов атындағы қазақ мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушыларының шығармалары бағаланды.
Орыс тiлiндегi шығармалар бойынша:
I орын — Шатилова Татьяна, № 26 мектебiнiң 9 сынып оқушысы;
II орын — Аганин Даниил, Ю. Гагарин атындағы №14 орта мектебiнiң 11 сынып оқушысы;
III орын — Дюйсенов Данияр, №4 орта мектебiнiң 8 сынып оқушысы алды.
Сондай-ақ, Ахметова Асель №32 орта мектебiнiң 9 сынып оқушысының шығармасы бағаланды.
Аталмыш шығармалырының қорытындысы бойынша үмiткерлер диплом және алғыс хатпен марапатталады.
Петропавл қаласының әкiмдiгiмен 2017 жылдың 1-i ақпаннан бастап қала тұрғындарына мемлекеттiк тiлдi тегiн оқыту курстары ұйымдастырылады.
Мемлекеттiк тiлдi тегiн үйренгiсi келетiндерге Ы.Алтынсарин көшесi,168 Б, 208 кабинет мекенжайына немесе 8(715-2)-50-04-90 нөмiрiне хабарласуыңыздарға болады.
Сондай-ақ, 2017 жылы қала тұрғындарына көмек көрсету мақсатында анықтамалық — ақпараттық бюро жұмысын қайта бастайды. Кез-келген ниет бiлдiрушi 50-04-90 телефоны арқылы аударма немесе қазақ грамматикасы мәселелерi бойынша тегiн кеңес ала алады.
2016 ж. 09.12.
Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты топтық байқау өткiзiлдi. Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырылған конкурсқа Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi қатысты.
Байқаудың басты мақсаты мен мiндеттерi:
Мемлекеттiк басқару органдарында «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңды жүзеге асыру; мемлекеттiк қызметшiлер арасында мемлекеттiк тiл саясатын насихаттау; мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, тiл мәдениетiн көтеру, қоғамның әр саласында қазақ тiлiнiң маңызын арттыру, қазақ ұлтының салт-дәстүрiн сақтап көпшiлiкке жеткiзiп насихаттау.
Байқаудың шарты:
«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» атты қалалық байқауына мемлекеттiк мекеме қызметшiлерiнен құрылған топтар (командалар) қатысуы шарт. Әр топ 3 адамнан құрылды. Аталған байқауға жалпы 8 командада 25 адам қатысты, олар «Тәуелсiздiк құрдастары» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмi), «Бiрлiк» (Петропавл қаласының қаржы бөлiмi), «Сұңқар» (Петропавл қаласының ветеринария бөлiмi), «Болашақ» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi), «Жас қыран» (Петропавл қаласының құрылыс бөлiмi), «Достық» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi), «Жалын» (Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты), «Болашақ-2» (Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң экономика және бюджеттiк жоспарлау және iшкi саясат құрамы бөлiмдерi) топтары.
Байқауға қатысушы топтар мазмұндағы талаптарды ескерiп, сахналық көрiнiсте 3 тапсырмалардан сүрiнбей орындап шықты. Олар сахнада өздерiн таныстыру, диалог және ән,би,өлең айту орындауы тиiс болды. Үмiткерлер өз өнерлерiн, шеберлiгiн көрсете бiлдi.
Байқаудың сарапшылары үмiткерлер өнерiн бағалау кезiнде олардың дауыс мәнерiне, көркем мәтiндi оқу шеберлiгiне, сахналық мәдениетiне назар аудара отырып, қорытынды шығарды.
I орын — Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi алды;
II орын — Петропавл қаласының құрылыс бөлiмi алды;
III орын — Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi ие болды
Жеңiмпаздар, барлық қатысушылар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды
2016 ж. 24 қараша
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2016 жылы 24 қарашада сағат 15.00-де И. Шухов атындағы қалалық кiтапханасында дарынды жастарды елге деген ықыласын, ниетiн байқау, қолдау, өз ойын өлең арқылы жеткiзуге жетелеу, өскелең ұрпаққа патриоттық сезiмiн ояту, ақын және жазушылардың шығармаларын дәрiптеу мақсатында «Мәңгiлiк Ел» атты байқау өткiздi. Iс-шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күндер» аясында өттi.
Байқауда елiмiздiң тарихи жауапты кезеңдерiн, қазақ елiнiң басынан өткен қиыншылықтары, Отанға деген сүйiспеншiлiк туралы тақырыптар ашылып, үмiткерлер атақты және белгiлi жазушылар М. Жұмабаев, Қ. Аманжолов, М. Мақатаевтың, сондай-ақ өз өлеңдерiн оқып, ойларын ұтымды көрсете бiлдi.
Байқауға М. Қозыбаев атындағы СҚМУ және колледж студенттерi қатысты. Творчестволық сайыста:
I орын — Ғалымжанов Серiк — СҚКПК 2 курс студентi;
II орын — Лепес Сымбат — М. Қозыбаев атындағы СҚГУ студентi;
III орын — Штир Кристина — құрылыс-экономикалық колледжiнiң 2 курс студентi ие болды.
Барлығы 7 қатысушы
Жеңiмпаздар және қатысушылар дипломдар, әр түрлi номинация бойынша алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
2016 ж. 24 қараша
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасымен ұйымдастырлыған «Ұлы дала елi — Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» 25 жұлдызды күн аясында 2016 жылғы қарашаның 24-i С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кiтапханасында (Қазақстан Конституциясы к-сi, 25) облыс әкiмi Е. Сұлтановтың қатысуымен үш тiлдi еркiн меңгерген жастармен «Қазақстандықтар болашағы бiр тұтас ел» кездесуiн өткiздi.
Аталған шараның мақсаты — мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн арттыру, үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген әр түрлi салада жұмыс iстейтiн жас мамандарға қолдау көрсету, үштiлдiлiктi насихаттау.
Кездесудi облыс әкiмi Ерiк Хамзаұлы Сұлтанов ашты және жүргiздi.
Басқарма басшысы К.Қ. Оспанов жиналғандарға тәуелсiздiк жылдары тiлдердi дамыту саласында қол жеткiзген жетiстiктер туралы баяндап бердi.
Петропавл қаласы атынан ветеринария бөлiмiнiң бас маманы Вадим Воробьев қатысты. «Ұлтым орыс болғанымен, елдiң тiлiн бiлу мен үшiн — мiндет. Тiлдi меңгеру — мен үшiн үлкен бақыт. Мен қазақ тiлiн үйрену арқылы қазақ халқының мәдениетiмен, әдебиетiмен таныстым. Өзiм Шалақын ауданының тумасымын. Шалақындай дара тұлғаның мол мұрасын түп нұсқада оқу мен үшiн мақтаныш», — деп бөлiстi Вадим. Сондай-ақ, басқалары да өз ойларымен бөлiсе бiлдi.
Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеу аясында мемлекеттiк тiл саясатын насихаттауға қосқан үлесi үшiн бiрқатар азамат Солтүстiк Қазақстан облысының алғыс хатымен марапатталды. Соның iшiнде Петропавл қаласы ветеринария бөлiмiнiң бас маманы Вадим Воробьев та бар. Шын жүректен құттықтаймыз!
«Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiк қызметте» қалалық байқауының ережесi Zip (5 Kb)
2016 ж. 23 қараша
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ 2016 жылғы 23 қараша күнi сағат 15.00-де қалалық әкiмдiгi ғимаратының 4-қабатындағы мәжiлiс залында (Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 23) «Аударма iсi мен мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзудiң өзектi мәселелерi» тақырыбына байланысты семинар өткiздi.
Семинарды Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Бейсенова Әлия Маратқызы жүргiздi.
Семинардың мақсаты мен мiндеттерi:
Семинарға СҚО тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының мамандары, қалалық, мемлекеттiк мекеме қызметкерлерi, кәсiпорын және ұйым, жергiлiктi және аумақтық атқарушы органдарының iс жүргiзушiлерi, редактор-аудармашылар, тiл мамандары қатысты.
Баяндамашылар:
25.10.2016
Мемлекеттiк тiлдiң мәртебесi мен маңызын кеңiнен насихаттау, өзге ұлт өкiлдерi жастарының арасында қазақ тiлiн бiлу деңгейiн көтеру және оны оқып-үйренуге деген ықылас пен қызығушылықты арттыру мақсатында жоспар бойынша бiрнеше iс-шаралар өткiзiлдi. Бұл бағытта бүгiнгi таңда бiрқатар жетiстiктерiмiз де баршылық.
Қалалық байқаулардың барлық жеңiмпаздары облыстық кезеңде жүлделi орындарға ие. Мәселен, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-нiң студентi Бекболат Зарина облыстық кезеңде «Тәуелсiздiк деп соғады жүрегiмiз…» байқауында III орынға ие болды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi Тiлдердi дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетi 2016 жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХVIII республикалық фестивалi аясында орыс тiлi бiлгiрлерiнiң арасында «Ой сана» байқауын өткiздi. Осы байқауға Әл-фараби атындағы мектеп-лицейдiң оқушысы Қапбасова Дана облыс намысын республикалық кезеңде қорғап, III орынға ие болды.
43 мектептiң мұғалiмi Ғайнуллина Алина Тайынша ауданында өткен облыстық «Абай оқулары» байқауында III орын алды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бас маманы Нұрғалиева Айым мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы Оралхан Бөкейдiң шығармашылығына арналған облыстық байқауға қатысып, алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Ересек жастағы тұрғындарға қазақ тiлiнен сабақ беретiн мұғалiмдер арасындағы «Тiл мерейi» байқауына Сұнғатова Айжан Нәсиқызы (№ 4 мектептiң мұғалiмi), Шопанова Гүлнұр Дәулетқалиқызы (№ 23 орта мектеп), Әсем Қайырғалиқызы Құлыбекова (№ 23 орта мектеп) белсендi қатысып дипломдарға ие болды.
«Тiл шеберi» атты үш тiлдi меңгерген мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы байқауының қалалық кезең жеңiмпазы Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң инспекторлық-ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманы Сергей Цеподой облыстық деңгейде лайықты өнер көрсетiп алғыс хатпен марапатталды.
Жастарға патриоттық тәрбие беру, өңiр елдi мекендерiнiң тарихи-географиялық атауларының пайда болуын анықтау мақсатында жыл сайын «Шырайлы аты елiмнiң — қасиетiнде жерiмнiң» үш тiлде қалалық шығармалар байқауының үздiк жұмыстары облыстық жеке кiтапшада жарияланады.
Қыркүйек айында Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХVIII облыстық фестивалi аясында үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау мақсатында «Тiл — парасат» атты қалалық байқауының қорытындысы бойынша облыста I орынға Жукова Галина, кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң 1 курс студентi ие болды. Қараша айында республикада облыс намысын қорғайтын болады.
Мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау және құрметтеу мақсатында «Тiл — тұнық ойдың кәусары» атты қалалық байқауының қорытындысы бойынша I орынды бiрiншi гимназиясының мұғалiмi Құдабаева Қуаныш облыста жеңiмпаз аталды. Ол қазан айында Борабай қаласында өткен республикалық байқауда облыс намысын қорғап алхыс хат және 20 мың теңгенiң сертификатына ие болды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi заңнама мәтiндерiнiң мемлекеттiк тiлдегi нұсқаларының, iсқағаздарын жүргiзудiң сапасын жақсарту, салалық терминдердi бiрiздендiру мақсатында 2016 жылғы 4 қазанда Астана қаласы Ш. Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығында тиiстi сала мамандарының бiлiктiлiгiн арттыруға арналған семинар ұйымдастырды. Негiзгi тақырып «Заңнама мәтiндерi: теңтүпнұсқалылықты қамтамасыз ету және терминдердi бiрiздендiру мәселелерi».Осы семинарға Петропавл қаласы әкiмдiгi аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бас маманы, редактор Айтжанова Анаргүл Болатқызы қатысып сертификат алды.
«Қазақша сөйлесейік» акциясы (30.09.2016 г.) Doc (10 Mb)
«Петропавл қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХVIII облыстық фестивалi аясында мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу мақсатында 2016 жылғы 21 қыркүйеiгiнде «Тiл — тұнық ойдың кәусары» қалалық байқауын өткiздi.
Қалалық байқауының өткiзiлу мақсаты мен мiндеттерi:үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау,тiлдiк қарым-қатынас мәдениетiн қалыптастырып, көп тiлдi меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының тiл саясатын жүзеге асыру, тiлдi меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру.
Байқауға 16 мен 22 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алды.
Қазылар алқасы үмiткерлерге берiлген тақырыптың мазмұнын толық ашу; берiлген тақырып бойынша эссе жазу; мәтiнге iлеспе аударма жасау тапсырмалары бойынша баға бердi.
Тiлдердi меңгеру деңгейiн, жазу сауаттылығын бiлiмдерiн қорытындысын қазылар алқасы бағалады:
Бiлiм сынағында келесi жеңiмпаздар анықталды:
I орын Кудабаева Қуаныш — бiрiншi гимназия;
II орын Давыдов Богдан — бiрiншi лицей;
III орын Нуртаза Ерлан — М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж;
III орын Лень Кирилл — №32 орта мектеп.
Байқаудың жеңiмпаздары мен қатысушылары диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды
«Петропавл қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХVIII облыстық фестивалi аясында қазақ тiлiн меңгерген жастарға қолдау көрсету, тiл мәдениетiнiң деңгейiн көтеру мақсатында 2016 жылғы 19 қыркүйекте Достық үйiнде орыс жастары арасында қазақ тiлi бiлгiрлерiнiң «Тiл — парасат» атты қалалық байқауын өткiздi.
Байқауға 16-22 жас аралығындағы жастар қатыса алды.
Байқауды өткiзу шарттары:
Бiрiншi аталым: берiлген тақырып бойынша тұсаукесер жасау.
Екiншi аталым жазбаша және ауызша бөлiктен тұрды:
а) жазбаша бөлiгi: қазақ тiлiнде эссе жазу.
б) ауызша бөлiгi: ұсынған тапсырма бойынша қатысушылар жұппен диалог құрастыру
Үшiншi аталым:«Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы: қазақтың халық немесе заманауи әнiн орындау, би, күй немесе заманауи театрландырылған интерпретациядағы қазақ тiлiндегi қөркем шығарма үзiндiсiнiң қойылымы.
Байқаудың қорытындысы бойынша
I орын Жукова Галина, кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң 1 курс студентi
II орын Штир Карина, құрылыс-экономикалық колледжiнiң 1 курс студентi
III орын Назаренко Александра, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нiң 4 курс студентi
III орын Лень Кирилл, № 32 орта мектебiнiң оқушысы.
Қалалық байқаудың жеңiмпаздары мен қатысушылары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi заңнама мәтiндерiнiң мемлекеттiк тiлдегi нұсқаларының, iсқағаздарын жүргiзудiң сапасын жақсарту, салалық терминдердi бiрiздендiру мақсатында 2016 жылғы 4 қазанда Астана қаласы Ш. Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығында тиiстi сала мамандарының бiлiктiлiгiн арттыруға арналған семинар ұйымдастырды.
Негiзгi тақырып «Заңнама мәтiндерi: теңтүпнұсқалылықты қамтамасыз ету және терминдердi бiрiздендiру мәселелерi».
Сондай-ақ, «Мемлекеттiк тiлде заң жобаларын әзiрлеудегi кейбiр мәселелер», «Заң жобалары және лингвистикалық сараптама жасау мәселелерi», «Мемлекеттiк тiлде iсқағаздарын жүргiзудiң кейбiр мәселелерi» және «Нормативтiк-құқықтық актiлердiң теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз ету мәселелерi» атты баяндамалар болды.
Семинарға орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, ұлттық компаниялар мен акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк тiлде iсқағаздарды жүргiзуге жауапты мамандар қатысты. Аталған семинарға қалалық әкiмдiгiнде заңнама жобалары мәтiндерiнiң мемлекеттiк тiлдегi нұсқаларын әзiрлеуге (редакциялауға) байланысты Петропавл қаласы аппараты әкiмдiгiнiң құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң бас маманы, редактор Айтжанова Анаргүл Болатқызы қатысты.
«Арманым бас қала Астанада болу едi. Осы жолы сәтi түсiп, арманым орындалды. Бәйтерек, Хан шатыр, басқа да әсем ғимараттарды көрiп бiраз әсер алып қайттым. Республикалық семинарға көптеген мамандар қатысты. Өзiмiзге бiраз мағлұмат, көптен мазалап жүрген сұрақтарға жауап алдық. Бiр-бiрiмiзбен танысып, ой-пiкiрлерiмiзбен бөлiстiк, — дейдi маман.
Ү.ж.қараша айында мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырылған қалалық семинарда Анаргүл Болатқызы республикалық семинардан алған әсерiмен бөлiсетiн болады.
Қоғамдық өмiрде мемлекеттiк тiлдi қолдану бүгiнгi күнiн негiзi мiндетi болып табылады.Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң жұмысы мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған.
Бағдарламаның негiзгi мақсаты — Қазақстанда тұратын барлық этностар тiлiн сақтай отырып, мемлекеттiк тiлдiң ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететiн тiл саясатын iске асыру.
Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Жолдауында 2020 жылға қарай мемлекеттiк тiлдi меңгерген қазақстандықтар саны 95% жетуi тиiс делiнген болатын.
2014 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 62 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014-2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары негiзiнде өңiрлiк iс-шаралар жоспары әзiрлендi.
Барлық iс-шаралар ұлттық бiрлiктi нығайтудың маңызды факторы — мемлекеттiк тiлдi дамыту басымдылығына негiзделген және азаматтардың рухани мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толыққанды қанағаттандыруға бағытталған.
Аталған жүйе мемлекеттiк тiлдi оқыту методологиясын жетiлдiрудiң және оқыту инфрақұрылымын кеңейтудiң негiзi болып табылады.
Кәсiпкерлiк мекемелерде, қала ұйымдарында, мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзудi жақсарту мақсатында жұмыстар жүргiзiлуде. Мемлекеттiк тiлдi үйрету орталығы қала түрғындарына арналған инфрақұрылымдық база болып табылады.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандартына сәйкес «Мемлекеттiк тiлдi үйретудегi бағдарлама» құрастырылған.
Жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражатқа қала тұрғындарын мемлекеттiк тiлге тегiн оқыту курстары жүргiзiлуде. Осы курсқа 128-ден астам тыңдаушы қатысуда.
Кәсiбi бойынша тыңдаушылар құрамында жұмыссыздар мен зейнеткерлер, пошташылар, шаштаразшылар, жүргiзушiлер, сатушылар, күзет қызметкерлерi бар. Сонымен қатар, Петропавл қаласының түрлi мекемелерi мен кәсiпорындарында қазақ тiлi үйiрмесiнде 4400 тыңдаушы тiл үйренуде.
Iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргiзу — күнделiктi жұмыстың басты бағыты.Бүгiнгi күнi мемлекеттiк мекемелерде шығыс құжаттар мемлекеттiк тiлде жүргiзiлуде. Есептi кезеңге шығыс хат алмасу пайызы 98% құрайды, кiрiс хат алмасу — 71%, тұтастай 84 пайызды құрайды.
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңнын 25 және 10 бабына сәйкес қалада көрнекi ақпарат, яғни маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылатынын «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңның баптарын бұзғаны туралы хабардар етiлiп және кемшiлiктердi жою бойынша кәсiпкерлер иелерiне жазбаша ескерту жiберiледi. 2016 жылғы мамыр айында құрылған рейдтiң негiзiнде 14 көше тексерiлдi. Негiзiнен атауларындағы орфографиялық қателер, сондай-ақ атаулары орыс тiлiнде ғана жазылған болады. Бүгiнгi таңда 30 кемшiлiктер жойылған.
Есептi кезеңде тiл заңнамасының орындалуы жөнiндегi отырыс 24.04.2014 ж., 25.09.2015 ж. қарастырылды.
«Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабын iске асыру мақсатында мемлекеттiк қызметшiлер үшiн мемлекеттiк және алғашқы рет ағылшын тiлi сабақтары ұйымдастырылды. Мемлекеттiк қызметшiлер 6 топқа бөлiндi, онда 80-нен астам мемлекеттiк қызметшi оқуда.
Мемлекеттiк тiлдi қаншалықты меңгергендерiң тексеру мақсатында «Қазтест» бағдарламасын қолдану дәстүрге айналып барады.
Елбасы мемлекеттiк бағдарламада «Мемлекеттiк тiлдi бiлудiң «Қазтест» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тiлiн бiлу деңгейiн бағалау жүйесi бойынша сертификат алған мемлекеттiк қызметшiлердiң үлесi 2017 жылы 50%, 2020 жылы 100% құрауы» тиiс деген болатын. «Казтест» жүйесi бойынша 2016 жылғы с емтихан нәтижесi бойынша 70 адам сынақтан өттi.
2015-2016 оқу жылы бойынша Петропавл қаласындағы жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқушылар саны — 20815 баланы құрайды. Оның 6626-ы қазақ ұлтының өкiлдерi. Бүгiнгi күнi қала мектептерiнде 58 өзге ұлт өкiлi қазақша бiлiм алуда. «Мемлекеттiк тiлдi меңгерген халық үлесi» мақсатты индикатор көрсеткiшiне сәйкес 25% пайызды құрады.
Қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн анықтау мақсатында мемлекеттiк мекемелерде сауалнама өткiзiледi. Соңғы жүргiзiлген сауалнама нәтижесi бойынша 200 астам адам iшiнде қазақ тiлiн меңгеру деңгейi анықтады. Тiлге байланысты сауалнама тоқсан сайын мекемелер, студенттер, қарапайым тұрғындар арасында жүргiзiледi.
Мемлекеттiк тiлдi насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлi зор екенi белгiлi. Осы орайда облыстық «Солтүстiк Қазақстан», «Северный Казахстан», қалалық «Қызылжар нұры», «Проспект СК» газеттерiнде тiлге байланысты 2016 жылдың 5 айында 70 астам мақала жарық көрдi.
Басты мақсатымыздың бiрi — тiл мәдениетiн жетiлдiру болып табылады.
Бұл бағыттағы жұмысқа облыстық дебаттар, турнирлер, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, мемлекеттiк тiл бойынша өткiзу кiредi. Мемлекеттiк тiлдiң мәртебесi мен маңызын кеңiнен насихаттау, өзге ұлт өкiлдерi жастарының арасында қазақ тiлiн бiлу деңгейiн көтеру және оны оқып-үйренуге деген ықылас пен қызығушылықты арттыру 8 iс-шара өткiзiлдi. Бұл бағытта бүгiнгi таңда бiрқатар жетiстiктерiмiз де баршылық. Ққалалық байқаулардың жеңiмпаздары облысқа жолдама алып жүлделi орындарға ие болды. Барлығы 12 шара жоспарланған.
Үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау бойынша «Тiл — парасат», «Тiл шеберi», «Тiл — тұнық ойдың кәусары» атты байқаулар өткiзiледi.
Өңiрiмiзде басқа этнос өкiлдерiнiң салт-дәстүрiн сақтауға және ана тiлдерiн оқытуға жағдай жасалған. Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығында қазақ тiлiне оқыту үйiрмесi ұйымдастырылды.
Бұл барлық шаралар халқымыздың рухани құндылық негiзiн күшейтерi сөзсiз.
Жастарда Отанға деген сүйiспеншiлiктi арттыру мақсатында, жыл сайын мектептер арасында «Шырайлы аты елiмнiң-қасиетiнде жерiмнiң» атты тақырыпқа шығарма жазудан қалалық байқау өткiзiледi. Таңдаулы жұмыстары «Шырайлы аты елiмнiң-қасиетiнде жерiмнiң» атты облыстық брошюрада жарияланады.
2016 жылы «Петропавл қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ қала тұрғындарына көмек көрсету мақсатында анықтамалық-ақпараттық бюро құру және күтiп ұстау бойынша жұмысты қайта бастады, оған мемлекеттiк тiлге аудару, телефонның үздiксiз жұмыс iстеуiн және материалдарды жедел аударуды қамтамасыз етуде консультативтiк сипаттағы қызмет көрсету кiредi.
Кез-келген ниет бiлдiрушi 50-47-36 телефоны арқылы аударма немесе қазақ грамматикасы мәселелерi бойынша тегiн кеңес ала алады. Аудармаға және грамматикаға байланысты проблемалар оқушыларда және студенттерде ғана емес, әртүрлi саланың қызметкерлерiнде де туындайды.
Ағымдағы жылғы мамыр айына дейңiн қала тұрғындарынан 200-ден аса қоңырау түстi. Мониторинг өтiнiштердiң негiзгi бөлiгi кәсiби, қиын терминологияға, орыс тiлiнен қазақ тiлiне аудару мәселесiне қатысты болатынын көрсетiп отыр.
Қоғамдық өмiрiнде мемлекеттiк тiлдiң қызмет ету аясын кеңейту және мәртебесiн нығайту, қазiргi мемлекеттiк тiлдiң ахуалын жариялап, қолдау көрсету мақсатында 2013 жылы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде «Петропавл қаласының Мемлекеттiк тiл сайты» ашылды. Бүгiнгi таңда сайт жұмысын жалғастырып отыр.
Қоғамдық өмiрде мемлекеттiк тiлдi қолдану бүгiнгi күнiн негiзi мiндетi болып табылады.Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң жұмысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Заңды және мемлекеттiк бағдарламаны әрi қарай жүзеге асыруға бағытталатын болады.
Бекiтiлген терминдер-2015 Zip (295 Kb)
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңды, «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын» дамыту және жүзеге асыру бойынша жүйелi жұмыстар атқарылуда.
Iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргiзу — күнделiктi жұмыстың басты бағыты. Қалалық мемлекеттiк органдар бойынша шығыс құжаттардың пайызы 2014 жылдың 12 айында 98 пайыз, ал кiрiс құжаттарының көрсеткiшi 82 пайыз болды, жалпы ол 90 пайызды көрсетедi.
«Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабын iске асыру мақсатында мемлекеттiк қызметшiлер үшiн.мемлекеттiк тiл сабақтары ұйымдастырылды. Мемлекеттiк қызметшiлер 5 топқа бөлiндi, онда 90 мемлекеттiк қызметшi оқуда.
Жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражатқа қала тұрғындарын мемлекеттiк тiлге тегiн оқыту курстары жүргiзiлуде. Осы курсқа 124 тыңдаушы қатысты. Сонымен қатар, Петропавл қаласының түрлi мекемелерi мен кәсiпорындарында жылдың басынан бастап қазақ тiлi үйiрмесiнде 4472-тен астам тыңдаушы тiл үйренуде.
«Қазтест» мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiн бағалау жүйесiн қолдану жақсы дәстүрге айналып отыр. 2014 жылдың 28 мамырында мемлекеттiк мекеме қызметшiлерiнiң арасында республикалық және облыстық В, В1 сертификатқа қалалық әкiмдiктен 11 мемлекеттiк қызметшiлер ие болды. Ал ү.ж. 2 жартыжылдығының қорытынды бойынша емтиханға 57 мемлекеттiк қызметшi қатысты.
Iс-шаралар жоспарының 12, 13 тармағына сәйкес мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзу бойынша мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау мақсатында мемлекеттiк тiл редакторы мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығы арқылы курсқа қатысады. Бөлiм тарапынан iс жүргiзушiлерге 19 тамыз және 22 желтоқсан айында «Аударма iсi мен мемлекеттiк тiлде iс-жүргiзудiң өзектi мәселелерi» бойынша кезектi семинар өткiзiлдi.
Басты мақсатымыздың бiрi — тiл мәдениетiн жетiлдiру болып табылады. Бұл бағыттағы жұмысқа облыстық дебаттар, турнирлер, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, мемлекеттiк тiл бойынша өткiзу кiредi. Мемлекеттiк тiлдiң мәртебесi мен маңызын кеңiнен насихаттау, өзге ұлт өкiлдерi жастарының арасында қазақ тiлiн бiлу деңгейiн көтеру және оны оқып-үйренуге деген ықылас пен қызығушылықты арттыру мақсатында 2014 жылдың 12 айында 18 қалалық байқаулар мен семинарлар өткiзiлдi. Барлық iс-шаралар «МТРК» және «Қазақстан — Петропавл» телеарналарында көрсетiлдi. Үш тiлдi бiлу және насихаттау жөнiнде «Тiлдарын», «Тiл шеберi», «Мемлекеттiк тiл — менiң тiлiм!», «Тiл — парасат» атты байқаулары дәстүрге айналып кеттi. Бүгiнгi күнi мемлекеттiк тiлдi насихаттау, қазақстандық рухани бiрлiктi нығайту мақсатында 56 өзге ұлт жастары қалалық, облыстық, республикалық байқауларға қатысты.
Жалпы өткен бүкiл байқаулардың 9 жеңiмпаздары, облыстық, республикалық байқауларға жолдама алды. Мәселен, «Тiл — парасат» байқауының жеңiмпазы Завьялов Руслан — «Бэст» гимназиясының 11 сынып оқушысы Алматы қаласында ү.ж. желтоқсан айында өткен республикалық байқауда Солтүстiк Қазақстан облысының намысын қорғап, алғыс хат және сыйлыққа ие болып қайтты. «Мемлекеттiк тiл — менiң тiлiм!» атты облыста өткен республикалық байқауда Пасечник Нина Ивановна, «Дарын» мектеп-лицейiнiң ағылшын тiлi пәнiнiң мұғалiмi I орын алды. Сондай-ақ, «Тектi сөздiң төресi — терме» атты республикалық байқауға Рамазанов Амангелдi Беқайдарұлы, қазақ мектеп гимназиясы, өнер орталығының ән термешi сыныбының ұстазы қатысқаны үшiн алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар жыл сайын Қазақстан халқы тiлдерi фестивалi аясында бiлiм бөлiмiмен бiрiгiп әртүрлi iс-шаралды өткiзу дәстүрге айналды.
Мемлекеттiк тiлдi насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлi зор екенi белгiлi. Осы орайда облыстық «Солтүстiк Қазақстан», «Северный Казахстан», қалалық «Қызылжар нұры», сондай-ақ «Проспект СК», «Добрый вечер», «Неделя» газеттерiнде тiлге байланысты мониторинг жүргiзiлiп отырады, 2014 жылдың 12 айында тiлге байланысты 208 мақала жарық көрдi.
Қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн анықтау мақсатында байланысты мемлекеттiк мекемелерде сауалнама өткiзiледi. 2014 жылдың 2 жартыжылдығында жүргiзiлген сауалнама нәтижесi бойынша 166 респонденттiң iшiнде қазақ тiлiн меңгеру деңгейi 47,5% құрды.
Қала тұрғындарына көмек көрсету мақсатында қазақ тiлiнiң тегiн анықтама бюросы жұмыс iстейдi. Кез келген тұрғындар грамматика, аударма және басқа да сұрақтар бойынша тегiн кеңес ала алады. 2014 жылы 12 айдың iшiнде 800 қоңырау келiп түстi.
Қоғамдық өмiрiнде мемлекеттiк тiлдiң қызмет ету аясын кеңейту және мәртебесiн нығайту, қазiргi мемлекеттiк тiлдiң ахуалын жариялап, қолдау көрсету мақсатында 2013 жылы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде «Петропавл қаласының мемлекеттiк тiл сайты» ашылды. Сайт 2013 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк тiлдi насихаттаудағы «Ең үздiк интернет-ресурс» деп танылса, 2014 жылы аталған сайт облыстық кезеңде II орынға ие болды. Сайтқа 2014 жылдың 12 айдың iшiнде келушiлердiң саны 4236 құрады.
Елбасының бастамасымен жарияланған «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы, «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» мемлекеттiк тiлдi дамыту бойынша жүйелi жұмыстың iргетасына және қозғаушы күшiне айналып отыр, алда қойылған мақсаттар жалғасын табады.