Әлеуметтік бағдарламалар

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК тағайындаудың жаңа тәсілдері

Негізгі қағидат — мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға көмектесетін болады!

Мемлекет бірінші кезекте балалар мен көп балалы отбасыларға көмектесетін болады. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуге тиіс, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектесетін болады.

Шаралар кешені 3 бағытты қамтиды.

* Біріншісі — көп балалы адамдарды жеке санатқа шығару және оларға кепілді жәрдемақы беру, бұл ретте көп балалы отбасы — аз қамтылған отбасы деген стереотип алынып тасталады. Бұдан басқа, бұл көп балалы аналардың материалдық жағдайы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, олардың беделін мойындайтын болады, елдегі бала тууды арттырады.

Екіншісі — аз қамтылған азаматтарды қолдау және оларды жұмысқа орналастыруға ынталандыру.

Үшіншісі — барлық АӘК алушыларға олардың балалары үшін заттай қолдауды қамтитын кепілді топтама ұсынылатын болады.

Бірінші. АӘК алатын балалардың 60%-ы көп балалы отбасылардың балалары.

Көпбалалылар — құрамында төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған соның ішінде оқытудың күндізгі нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын, білім беру ұйымдарын аяқтау уақытына (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) дейін кәмелеттік жасқа толған балалары бар отбасы.

Көп балалы отбасылар үшін республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттік жәрдемақылар енгізіледі.

Аталған мемлекеттік жәрдемақы отбасы табысына байланысты болмайды және 4 және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар барлық көп балалы отбасыларға төленетін болады.

Бұл жәрдемақының мөлшері балалар санына байланысты сараланады, әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңгеден. Бұл көп балалы отбасыларға қосымша қолдау болып табылады.

Екінші. АӘК аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде көп балалы отбасыларға төленетін болады.

Аймақтың ӨМ-нің 70% өлшемі (шегі) сол қалпында қалады.

АӘК мөлшері бұрынғысынша отбасының әрбір мүшесінің ЖБШТ және ӨМ-нің 70% арасындағы айырмашылықты құрайтын болады. Бұл ретте, табысы жоқ отбасылар биылғыдай алатын болады.

АӘК — тің басты шарттарының бірі — отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі және отбасы үшін жауапты болуы тиіс. АӘК шартты ақшалай төлем түрінде және ол аз қамтылған отбасылардың жұмыссыз азаматтарына басым түрде бағытталатын «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуетін барынша пайдалану арқылы көмек көрсетіледі, оларға мемлекет субсидиялайтын жұмыс, жеңілдікті шағын несиелер мен бизнесті ашу үшін қайтарымсыз гранттар ұсынылады.

* «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына көп балалы отбасыларды шағын және шағын бизнеске, оның ішінде үйде тарту құралдарын енгізу:

  • шағын несие беру мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту;
  • номиналды сыйақы мөлшерлемесін 4-%-ға дейін төмендету;
  • тұратын жеріне қарамастан (қала/ауыл) берілетін шағын несие сомасы бойынша шектеуді алып тастау;
  • аз қамтылған және көп балалы отбасыларды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша нысаналы индикаторды бекіту (шағын несиелер, гранттар беру).

Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда АӘК төлеу тек оған ғана емес (қазіргідей), барлық отбасына тоқтатылады.

Үшінші. Аз қамтылған отбасылар үшін қосымша кепілді әлеуметтік топтама енгізілетін болады.

Топтама қамтиды:

  • мектеп жасына дейінгі балалар үшін: балалар тағамы және гигиеналық керек-жарақтары.
  • мектеп жасындағы балалар үшін: мектептерде ыстық тамақ, мектеп киімін және керек-жарақтарын сатып алу және жол жүру шығындарын өтеу (тамақтану: күніне 300 теңгеден 6628 теңге, жол жүру ақысы: 2069 теңге, киім және мектеп керек-жарақтары: табысы ӨМ 40% құрайтындардың балаларына 25000 теңге).

Балалары бар (оларды үйде қалдыра алмаса) аз қамтамасыз етілген отбасылардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және әл-ауқатын жақсарту оларды шағын бизнеске тарта отырып жалғастырылатын болады. Ол үшін біз оларға үй бизнесімен айналысуға және дағды алуға көмектесетін боламыз. Оларға назар аудару керек.

Жалпы, қаланың барлық отбасыларына Әлеуметтік карталар жасалды. Электрондық әлеуметтік карта отбасының автоматтандырылған режимде анықталатын әл-ауқатының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл отбасының осалдығын анықтауға, алдын алу шараларын көрсетуге және жергілікті деңгейде әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау және қорғау, оларға экономикалық, саяси және өзге құқығы мен бостандықтарды тең іске асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Конституциясымен, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен кепілденген.

Мүгедектердiң әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындаушы заң «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 сәуiрдегi № 39-III Заңы болып табылады.

Мүгедектер мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту курстарынан өтеді, арнаулы қозғалыс құралдарымен, санаторлық-курорттық емделумен, сурдотехникалық, тифлотехникалық және басқа оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Мүгедектерге мемлекеттік бюджеттен кепілденген жәрдемақылармен бірге мүгедектерді әлеуметтік қорғау элементтерінің бірі организмді қалпына келтіру және бұзылған немесе жоғалтқан қызметін қалыптастыруға, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, кәсіби қызметтің әртүрлі түрлеріне бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенін ұсынушы оңалту болып табылады.

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек, мүгедек балаларды тәрбиелеу және оқыту жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа оқу мекемлерінде жүзеге асыру мүмкін болмағанда, психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультативтік қорытынды негізінде тағайындалады. Әлеуметтік көмек мөлшері тоқсанға 6,5 АЕК құрайды.

Тұрғын үй көмегін тағайындау

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I Заңына және Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелеріне (бұдан әрі-Ереже) сәйкес тұрғын үй көмегіне Петропавл қаласында тұрақты тұратын, тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алушы аз қамтамасыз етілген азаматтардың құқығы бар.

Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстауға іс жүзіндегі төлем және Ереже нормаларымен бекітілген шектеуде коммуналдық қызметтерді тұтыну мен бұл мақсаттарға аталған отбасы рұқсат етілген шығын-деңгейі шегіндегі арасындағы айырма ретінде анықталады (отбасы табысынан 10%).

Сонымен қатар, «2011–2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ТҮШ жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, егер үй кондоминиум объектісі ретінде тіркелсе және басқару органы болса, сондай-ақ пәтер меншік иесінің күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді төлеуге және тұрғын үйді ұстауға шығындары бекітілген Ереже нормаларының шегінде отбасының жиынтық табысынан 10% артық болса, онда көп қабатты үйдегі тұрғын үй иесі тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар.

Тұрғын үй көмегін тағайындау мәлімдеуші сипатқа ие.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР 2011 жылғы 17.07. № 246-II Заңына, «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР 2005 жылғы 28.06. № 63 Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік-әлжуаз қатары мынадай әлеуметтік қолдау түрлерін алады: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын ҚР азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақ¬стан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Атаулы әлеуметтік көмек мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу ныса¬нында оқитын оқушы¬ларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магис¬транттарды, сондай-ақ І және ІІ топтар¬дағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдар¬ды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жө¬ніндегі уәкілетті органдарда тіркел¬меген жұмыссыздарға тағайындалады.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы

18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыға жан басына шаққандағы табысы азық-түлiк себетiнiң құнынан төмен ҚР тұрақты тұратын ҚР азаматтары мен оралмандардың құқығы бар. Балаларға жәрдемақы мөлшері айына 1АЕК құрайды.

Балаларға жәрдемақы отбасында баланың жұмысқа қабілетті ата-анасы (асырап алушылары) жұмыс істемесе, күндізгі оқыту нысаны бойынша оқымаса, әскерде қызмет етпесе және жұмыспен қамту органында жұмыссыз ретінде тіркелмесе тағайындалмайды, тек әкесі немесе анасы (асырап алушылары) бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балалар, 80 жастан асқан тұлғалар, 3 жасқа дейінгі бала күтімімен отырған жағдайлардан басқа.