Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығымен бекітілген «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамалары, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Мемлекеттік қызмет көрсету тізбесінде көрсетілген.
Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тегін негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес бөлім 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде:
1 электрондық үкімет порталы (бұдан әрі-ЭҮП) арқылы көрсетілетін Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару, қызмет тегін;
2 ЭҮП арқылы көрсетілетін Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу, қызмет тегін көрсетіледі.
2022 жылы «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-мен 133 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
-электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілген 133 қызмет;
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет:
1 Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару - 128 қызмет
Қызмет көрсетуден бас тарту саны барлығы -5 оның ішінде :
электронды түрде-5, қағаз түрінде-жоқ
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әлеуметтік маңызы бар проблемалық мәселелер туындамайды. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді, халық тарапынан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімдер қатаң сақталады.
«Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» орналасқан Петропавл қаласы әкімдігінің ғимараты қызметкерлерді шақыру түймесімен, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін арнайы пандуспен жабдықталған. Лауазымдық нұсқаулықта барлық мамандарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақытылығы үшін дербес жауапкершілік жүктелген.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі (стандарттар) туралы ақпарат электрондық үкіметтің сайтында, бөлімдегі ақпараттық стендтерде, Петропавл қаласы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында орналасқан. Сондай-ақ, сайтта сенім телефоны және қабылдау кестесі жарияланған.
Петропавл қаласы әкімдігі ғимаратының фойесінде электрондық үкіметке кіруге болатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
Кәсіби даярлауға көмек көрсету үшін лауазымға алғаш қабылданған мамандардың жұмысында сабақтастықты қамтамасыз ететін тәлімгерлік тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Газеттерде 6 мақала жарияланды 15.04.2022 ж. Қызылжар Нұры № 15 (907) газетінде «Мүлік иелері бірлестігі» мақаласы, 15.04.2022 ж. Проспект СК № 15 (951) газетінде «Басқарудың жаңа нысандары (МИБ, ҚС)», 22.04.2022 ж. Қызылжар нұры № 16 (908) газетінде «кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, сондай-ақ лифт жабдықтарын ауыстыру бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу шарттары» мақаласы, 22.04.2022 ж. Қызылжар Нұры № 16 (908) газетінде «Газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптар» мақаласы, 12.08.2022 Қызылжар Нұры № 32 (924) газетінде «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мақаласы, 12.08.2022 Проспект СК № 32 (968) газетінде «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу және есептен шығару» мақаласы жарияланды.
«Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ бас маманы Д.С. Жанғазина электрондық мемлекеттік қызметтерді алу бойынша 3 бейнеролик дайындады.
Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару бойынша брошюралар, буклеттер және қадамдық нұсқаулықтар беру ұйымдастырылды. Барлығы 1500 дана брошюра, буклет және нұсқаулық таратылды.
Әкімдік сайтында және әлеуметтік желілерде бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері бойынша қадамдық нұсқаулықтар орналастырылған. Бөлім мамандары халыққа қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюда ақпараттық және практикалық көмек көрсетеді, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы, ұялы байланыс арқылы қызмет алу мүмкіндігі туралы хабарлайды, ПИК/МИБ төрағаларына лифттерді электронды форматта есепке қою қызметін алу мүмкіндігін түсіндіреді.
Бөлім мамандары электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуда консультациялық көмек көрсету үшін түрлі сервистер, әлеуметтік желілер арқылы көрсетілетін қызметті алушылармен жан-жақты ынтымақтасады.
«Петропвл қаласы әкімдігінің тұрғын үй
инспекциясы бөлімі»КММ
басшысы
А.Қ. Ілиясов
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне сәйкес 9 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, барлығы тегiн негiзде.
Бөлiмге 2021 жылы 2417 Мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.
1) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы 2021 жылы — 2259 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi:
Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту — 902 қызмет.
бас тартудың негiзгi себептерi — құжаттардың толық емес пакетi, меншiк құқығында тұрғын үйдiң болуы, қалалық тiркелудiң болмауы.
Есептi кезеңде қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлердi жекешелендiру 2021 жылы 160 қызмет көрсетiлдi:
Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту — 52 қызмет.
Бас тартудың негiзгi себептерi — меншiк құқығындағы тұрғын үйдiң болуы, тұруға жарамды тұрғын үйдi иелiктен шығару, құжаттардың толық емес пакетi.
Есептi кезеңде қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
3) Ағаштарды кесуге рұқсат беру 2021 жылы 5 қызмет көрсетiлдi:
Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту — 2 қызмет.
Бас тартудың негiзгi себептерi-құжаттардың толық емес пакетi.
Есептi кезеңде қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
4) Энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiк паспортын беру 2021 жылы 1 қызмет көрсетiлдi:
Есептi кезеңде қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
5) Ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), ауданiшiлiк, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау — 0 қызмет.
6) Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту — 0 қызмет.
7) Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардың бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруды келiсу — 0 қызмет.
8) Тұрғын үй сертификаттарын беру — 0 қызмет.
2021 жылдың 11 тамызында "Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ТКШ, ЖК және АЖ бөлiмi" КММ бас маманы А.И. Кошковтың Facebook әлеуметтiк желiсiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша тiкелей эфирiнде сөзi өттi.
Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру және Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 10 ақпанынан 25 ақпанына дейiн қала әкiмдiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнде облыс әкiмдiгi өкiлiнiң (Ю.Мигачева), Мемлекеттiк корпорация қызметкерлерiнiң және ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлiмдерiнiң мамандарының қатысуымен құқықтық жаппай оқыту өткiзiлдi.
ТКШ, ЖК және АЖ бөлiмiнде "СҚО бойынша Азаматтарға арналған үкiмет" МК" КЕАҚ қатысуымен Мемлекеттiк қызметтер туралы Заңнаманы бұзу фактiлерiнiң алдын алу бойынша құқықтық жаппай оқыту өткiзiлдi (04.05.21 ж №37 хаттама.
Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын мемлекеттiк бақылау Ережелерiне сәйкес, сондай-ақ 2021 жылға бекiтiлген бақылау iс-шараларының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 4 тоқсанында Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ТКШ, ЖК және АЖ бөлiмiнде мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау iс-шаралары жүргiзiлдi.
По инициативе главного инспектора по контролю и информации организационно-инспекторского отдела акимата города Хаймолдиным Б.Н. 10 декабря т.г. с ответственными сотрудниками в Отделе ЖКХ, ПТ и АД и 28 декабря т.г. проведены семинар-совещания по предупреждению фактов нарушений законодательства о госуслугах, выявленных в рамках внутреннего контроля и выявленным нарушениям в ходе проверки.
Басшы С. Акжигитов
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне сәйкес 9 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, барлығы тегiн негiзде.
Бөлiмге 2020 жылы 1525 Мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.
1) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай — ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы 2020 жылы — 1447 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi:
2) Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту — 1122 қызмет.
3) бас тартудың негiзгi себептерi — құжаттардың толық емес пакетi, меншiк құқығында тұрғын үйдiң болуы, қалалық тiркелудiң болмауы.
Есептi кезеңде қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
1) Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлердi жекешелендiру 2020 жылы 61 қызмет көрсетiлдi:
Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту-38 қызмет.
Бас тартудың негiзгi себептерi — меншiк құқығындағы тұрғын үйдiң болуы, тұруға жарамды тұрғын үйдi иелiктен шығару, құжаттардың толық емес пакетi.
Есептi кезеңде қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
1) ағаштарды кесуге рұқсат беру 2020 жылы 16 қызмет көрсетiлдi:
Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту — 5 қызмет.
Бас тартудың негiзгi себептерi-құжаттардың толық емес пакетi.
Есептi кезеңде қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiк паспортын беру 2020 жылы 1 қызмет көрсетiлдi:
Есептi кезеңде қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2) Ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), ауданiшiлiк, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау — 0 қызмет.
3) жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту — 0 қызмет.
4) объектiлердi постулизациялау (құрылысты бұзу) бойынша жұмыстар кешенiн жүргiзуге шешiм беру — 0 қызмет.
5) жалғыз тұрғын үйi авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру — 0 қызмет.
6) Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру.
2020 жылдың 21 қаңтарында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ Солтүстiк қазақстан облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң қызметкерлерiмен (№1, 2, 3 бөлiмдер) Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша оқыту семинары өткiзiлдi.
2020 жылдың 17 ақпанында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалы алаңында «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi.
2020 жылдың 21 тамызында «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ТКШ, ЖК және АЖ бөлiмi» КММ басшысының м.а. Д.С. Босынов Facebook әлеуметтiк желiсiнiң тiкелей эфирiнде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша сөз сөйледi. Тiкелей эфир кезiнде 2 сұрақ келiп түстi, барлық сұрақтарға жауаптар берiлдi.
2020 жылдың 16 қарашасында «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ТКШ, ЖК және АЖ бөлiмi» КММ басшысы А.М. Қуандықов Facebook әлеуметтiк желiсiнiң тiкелей эфирiнде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша сөз сөйледi. Тiкелей эфир кезiнде 3 сұрақ келiп түстi, барлық сұрақтарға жауаптар берiлдi.
2020 жылғы 05 маусымда бөлiмде 2019 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелерiн зерделеу бойынша семинар өткiзiлдi.
Басшы А. Қуандықов
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне сәйкес 8 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, барлығы тегiн негiзде.
Бөлiм 2019 жылы 2297 Мемлекеттiк қызмет көрсеттi, оның iшiнде ЭҮП — 74. Ең талап етiлетiн мемлекеттiк қызмет:
1) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы. 2019 жылы барлығы 1170 Мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi;
Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту — 168.
Есептi кезеңде қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.
2019 жылғы 23 сәуiрде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментiнiң (№1, 2 және 3 бөлiмдер) қызметкерлерiмен Мемлекеттiк қызмет көрсету, атап айтқанда мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жекешелендiру мәселелерi бойынша оқыту семинары өткiзiлдi.
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ТКШ, ЖК және АЖ бөлiмi» КММ басшысының м.а. Д.С. Босыновтың 2019 жылғы 30 сәуiрдегi бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеген сөздерiнiң кестесiне сәйкес өңiрлiк телеарнада мемлекеттiк қызмет көрсету туралы сөз сөйлеуi болды.
2019 жылғы 28 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментiнiң (№1, 2 және 3 бөлiмдер) қызметкерлерiмен Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша, атап айтқанда «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы», «Мемлекеттiк кәсiпорынның не мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдiң немесе жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдiң болуы (болмауы) туралы анықтама беру» оқыту семинары өткiзiлдi.
Жалпы жыл iшiнде 205 дана кiтапша, кiтапша түрiнде ақпараттық материал таратылды.
Қазан айында мекенжай анықтамаларының күшiн жоюды түсiндiру бойынша Ашық есiк күнi өткiзiлдi, 40 қала тұрғыны тұрғылықты жерi бойынша тiркеу туралы мәлiметтердi алу әдiстерiне оқытылды. Жас Өркен, Подгора, Береке, Борки және қаланың орталық бөлiгiнiң тұрғындарына арналған мемлекеттiк қызмет жәрмеңкесiне 125 қала тұрғыны қатысты.
Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мәселесi тұрақты бақылауда.
Басшысының м.а. Д. Босынов
«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ мемлекеттiк қызмет тiзбесiне 9 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, барлығы тегiн негiзде, оның iшiнде 2980 мемлекеттiк қызмет«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы, 62 мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк органдар арқылы, 57 мемлекеттiк қызмет ПЭП көрсетiледi
Бөлiммен 2018 жылы 3099 мемлекеттiк қызмет ұсынылды, оның iшiнде ең көп талап етiлген мемлекеттiк қызмет:
1)Есепке алу және кезекке тұру, сондай-ақ мемлекеттiк атқарушы органдарменмемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдау. 2018 жылы барлығы — 1419 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.
Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту — 187.
Есептiк кезең кезiнде қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.
2018 жылдың 31 шiлдесiнде Бөлiм мамандары Рабочий кентiнiң тұрғындары үшiн № 42 орта мектепте мемлекеттiк қызметтер жәрмеңкесi өткiзiлдi.
2018 жылғы 28 тамызда бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк органдар басшыларының сөз сөйлеу кестесiне сәйкес Бөлiм басшысы Д.Н. Ташкенов мемлекеттiк қызметтер ұсыну мәселесi бойынша аймақтық телеарнада сөз сөйледi. Басшы сөз сөйлеу кезiнде қала әкiмдiгiмен жүргiзiле бастаған, қызмет алушыларға жайлы жағдай жасаумен, электрондық кезек ыңғайлы жүйесiмен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн төмендетумен ерекшеленетiн «Ашық әкiмдiк» жобасытуралы айтып кеттi.
2018 жылғы 31 тамызда Бөлiм СҚО бойынша тұрғын-үй коммуналдық Шаруашылық басқармасымен және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсыiс-қимыл агенттiгiнiң қызметкерлерiмен бiрiгiп, сектордың жұмысына қатысты мәселелердi түсiндiре отыра, 17 қызмет алушыға Бөлiммен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасы бойынша «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi.
2018 жылғы 30 қазанда Бөлiм қал Мәдениет үйiнде өткен «Ашық есiк күнi» iс-шарасына қатысып, 25 қызмет алушыға барлық қызықтырған сұрақтарына жауап бердi.
2018 жылғы 11 желтоқсан Заречный және Былғары зауыты кентiнiң тұрғындары үшiн № 13 орта мектепте өткен мемлекеттiк қызметтер жәрмеңкесiне қатысты, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң сапасы туралы 18 кiтапша таратылып, 9 кеңес берiлдi.
Қалалықтарға арналған мемлекеттiк қызметтерге уақытылы көрсетiлуi бойынша ақпаратқа қолжетiмдiлiк мақсатында Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң ғимаратында ақпараттық стендте «Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiалушылардың құқықтары» «Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртiбi»тақырыбындағы ақпараттар мен кiтапшалар, және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ«Мемлекеттiк қызмет алу кезiндегi менiң құқығым», қала әкiмдiгiнiң ресми сайтында «Мемлекеттiк қызмет ұсыну механизмi» тақырыбындағы ақпарат орналастырылды.
Шамамен бiр жылда үндеу парақ, кiтапшалар түрiнде 205 дана ақпараттық материал таратылды.
2018 жылы Бөлiмнiң 2 маманы мемлекеттiк қызмет көрсету шеңберiнде бiлiктiлiк арттыру бойынша оқу оқыды. Бөлiмде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер кезеңдеп сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн болдыртпайтын және Мемлекеттiк органның қызмет алушымен қарым-қатынасын болдыртпайтын электрондық нысанға ауысуда.
Күн ара Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына бақылау жүргiзiледi, әрбiр қызмет алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет қорытындысымен келiспеген жағдайда, Бөлiмнiң кеңсесiне шағым жаза алады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мәселесi тұрақты бақылауда.