Қызмет туралы есеп

Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығару

Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығаруӘлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығару

2022 ЖЫЛҒЫ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ» КММ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығымен бекітілген «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамалары, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Мемлекеттік қызмет көрсету тізбесінде көрсетілген.

Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тегін негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес бөлім 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде:

1 электрондық үкімет порталы (бұдан әрі-ЭҮП) арқылы көрсетілетін Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару, қызмет тегін;

2 ЭҮП арқылы көрсетілетін Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу, қызмет тегін көрсетіледі.

2022 жылы «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-мен 133 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

-электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілген 133 қызмет;

Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет:

1 Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару - 128 қызмет

Қызмет көрсетуден бас тарту саны барлығы -5 оның ішінде :

электронды түрде-5, қағаз түрінде-жоқ

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әлеуметтік маңызы бар проблемалық мәселелер туындамайды. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілмеді, халық тарапынан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімдер қатаң сақталады.

«Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» орналасқан Петропавл қаласы әкімдігінің ғимараты қызметкерлерді шақыру түймесімен, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін арнайы пандуспен жабдықталған. Лауазымдық нұсқаулықта барлық мамандарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақытылығы үшін дербес жауапкершілік жүктелген.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі (стандарттар) туралы ақпарат электрондық үкіметтің сайтында, бөлімдегі ақпараттық стендтерде, Петропавл қаласы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында орналасқан. Сондай-ақ, сайтта сенім телефоны және қабылдау кестесі жарияланған.

Петропавл қаласы әкімдігі ғимаратының фойесінде электрондық үкіметке кіруге болатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

Кәсіби даярлауға көмек көрсету үшін лауазымға алғаш қабылданған мамандардың жұмысында сабақтастықты қамтамасыз ететін тәлімгерлік тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Газеттерде 6 мақала жарияланды 15.04.2022 ж. Қызылжар Нұры № 15 (907) газетінде «Мүлік иелері бірлестігі» мақаласы, 15.04.2022 ж. Проспект СК № 15 (951) газетінде «Басқарудың жаңа нысандары (МИБ, ҚС)», 22.04.2022 ж. Қызылжар нұры № 16 (908) газетінде «кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, сондай-ақ лифт жабдықтарын ауыстыру бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу шарттары» мақаласы, 22.04.2022 ж. Қызылжар Нұры № 16 (908) газетінде «Газды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптар» мақаласы, 12.08.2022 Қызылжар Нұры № 32 (924) газетінде «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мақаласы, 12.08.2022 Проспект СК № 32 (968) газетінде «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу және есептен шығару» мақаласы жарияланды.

«Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ бас маманы Д.С. Жанғазина электрондық мемлекеттік қызметтерді алу бойынша 3 бейнеролик дайындады.

Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару бойынша брошюралар, буклеттер және қадамдық нұсқаулықтар беру ұйымдастырылды. Барлығы 1500 дана брошюра, буклет және нұсқаулық таратылды.

Әкімдік сайтында және әлеуметтік желілерде бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері бойынша қадамдық нұсқаулықтар орналастырылған. Бөлім мамандары халыққа қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюда ақпараттық және практикалық көмек көрсетеді, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы, ұялы байланыс арқылы қызмет алу мүмкіндігі туралы хабарлайды, ПИК/МИБ төрағаларына лифттерді электронды форматта есепке қою қызметін алу мүмкіндігін түсіндіреді.

Бөлім мамандары электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуда консультациялық көмек көрсету үшін түрлі сервистер, әлеуметтік желілер арқылы көрсетілетін қызметті алушылармен жан-жақты ынтымақтасады.

«Петропвл қаласы әкімдігінің тұрғын үй
инспекциясы бөлімі»КММ
басшысы
А.Қ. Ілиясов

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» КММ мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметтiң нәтижелерi туралы 2021 жылғы есебi

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес бөлiм екi мемлекеттiк қызмет көрсетедi:

  1. Қауiптi техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару;
  2. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келiсу.

«Қауiптi техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi 2020 жылғы 4 тоқсаннан бастап көрсетiледi.

2021 жылы бөлiммен 198 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi. Қызмет көрсету мерзiмi 3 жұмыс күнi.

«Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келiсу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi 2021 жылғы 4 тоқсаннан бастап көрсетiледi.

2021 жылы бөлiммен 2 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық.

емлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi. Қызмет көрсету мерзiмi 15 жұмыс күнi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысы шеңберiнде 2021 жылғы 31 наурызда "Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй инспекциясы бөлiмi" КММ басшысы Facebook әлеуметтiк желiсiнде әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң қауiптi техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығару мәселелерi бойынша онлайн конференцияда сөз сөйледi.

2021 жылы бөлiммен қала тұрғындарына қызмет алушылардың құқықтары бойынша 200 дана ақпараттық брошюралар мен парақшаларды тарату бойынша акция өткiзiлдi.

«Петропавл қаласы
әкiмдiгiнiң тұрғын үй инспекциясы
бөлiмi» КММ басшысы А. Iлиясов

«Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» КММ мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметтiң нәтижелерi туралы 2020 жылғы
есебi

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес бөлiм «Қауiптi техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» бiр мемлекеттiк қызмет көрсетедi.

«Қауiптi техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi 2020 жылғы 4 тоқсаннан бастап көрсетiледi.

2020 жылдың 4 тоқсанында бөлiм 55 мемлекеттiк қызмет көрсеттi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық.

Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi. Қызметтi көрсету мерзiмi 3 жұмыс күнi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысы шеңберiнде 2020 жылғы 28 желтоқсанда «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» КММ басшысы Facebook әлеуметтiк желiсiнде әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң қауiптi техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығару мәселелерi бойынша онлайн конференцияда сөз сөйледi.

«Петропавл қаласы
әкiмдiгiнiң тұрғын үй инспекциясы
бөлiмi» КММ басшысы Е. Қайырбеков